Хадис

Риядус-салихин, № 969

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
168. Жол жүру әдебі
Нөмірі
№ 969 (қазақша басылым реті)
969
Риядус-салихин, № 969Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس، قَالَ: كُنَّا إِذَا نَزَلْنَا مَنْزِلًا، لَا نُسَبِّحُ حَتَّى نَحُلَّ الرِّحَال

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Сапарда аялдау үшін бір жерге тоқтағанымызда жануарлардың ер-тоқымдары мен жүктерін шешіп түсірмейінше тәсбих айтуды бастамайтынбыз», – деген (Әбу Дәуіт, 2551).

Оның «тәсбих айтуды бастамайтын едік» дегені – «нәпіл намазға тұрмайтын едік» деген мағынада, яғни, намазға деген құлшынысымыз қанша жерден күшті болып тұрса да, жануарлардың ер-тоқымдары мен жүктерін түсіріп, оларды жеңілдетпейінше намазға тұрмайтынбыз деген мағынада.

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда в пути мы останавливались где-либо на привал, то не приступали к тасбиху, пока не снимали с животных сёдла и поклажу» (Абу Дауд: 2551).

Слова «не приступали к тасбиху» означают: «не вставали на добровольную молитву». Иными словами, как бы сильно мы ни стремились к молитве, мы не начинали её, пока не снимали с животных сёдла и поклажу, облегчая их ношу.