Хадис

Риядус-салихин, № 962

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
167. Сапарға жалғыз шықпау және жолаушылардың өз араларынан бір адамды жолбасшы етіп тағайындауы керектігі жайында
Нөмірі
№ 962 (қазақша басылым реті)
962
Риядус-салихин, № 962Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عبّاسٍ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ، قَالَ: «خَيْرُ الصَّحَابَةِ أَرْبَعَةٌ، وَخَيْرُ السَّرَايَا أَرْبَعُمِئَةٍ، وَخَيْرُ الْجُيُوشِ أَرْبَعَةُ آلَافٍ، وَلَنْ يُغْلَبَ اثْنَا عَشَرَ أَلْفًا مِنْ قِلةٍ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Жол серіктердің ең қайырлысы – төртеу болғаны, жасақтың ең қайырлысы – төрт жүз сарбаздан құралғаны және әскердің ең қайырлысы – төрт мың жауынгерден тұратыны. Ал он екі мыңдық әскер сан жағынан оңай жеңілмейді»,1 – деп айтқан (Әбу Дәуіт, 2611; Тирмизи, 1555).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Ибн Аббаса (да будет доволен ими обоими Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Лучше всего, когда путников четверо; лучший отряд состоит из четырёхсот воинов, а лучшее войско – из четырёх тысяч воинов. Войско же численностью двенадцать тысяч не будет побеждено из-за малочисленности1» (Абу Дауд: 2611; Ат-Тирмизи: 1555).

  1. 1Ондай қалың әскер егер жеңіліс тапса, демек, себеп санда емес сапада, қару-жарағында немесе дұрыс әрі шебер басқарылмауында деп түсінген жөн.
  1. 1Если столь многочисленное войско потерпит поражение, следует понимать, что причина кроется в качестве, вооружении или недостаточно умелом управлении, а не в его численности.