Хадис

Мешітке жаяу барудың артықшылығы

О достоинстве пешего хождения в мечеть

Риядус-салихин, 189-тақырып · 8 хадис · № 1054–1061

Хадистер

1054
Риядус-салихин, № 1054Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنْ غَدَا إِلَى الْمَسْجِدِ أَوْ رَاحَ، أعَدَّ اللَّهُ لَهُ فِى الْجَنَّةِ نُزُلًا كُلَّمَا غَدَا أوْ رَاحَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім (намаз оқу үшін) таңертең және кешке мешітке барып тұрса, Алла Тағала оған әр барып-келгені үшін жаннатта ерекше сый-сияпат әзірлейді», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 662, Муслим: 1524, Ахмад: 10608).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Тому, кто (для совершения молитвы) ходит в мечеть утром и вечером, Аллах Всевышний приготовит в раю особое угощение за каждый его поход туда и обратно» (Аль-Бухари: 662; Муслим: 1524; Ахмад: 10608).

1055
Риядус-салихин, № 1055Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنْ تَطَهَّرَ فِى بَيْتِهِ، ثُمَّ مَضَى إِلَى بَيْتٍ مِنْ بُيُوتِ اللَّهِ، لِيَقْضِى فَرِيضَةً مِنْ فَرَائِضِ اللَّهِ، كَانَتْ خُطُواتُهُ، إِحْدَاهَا تَحُطُّ خَطِيئَةً، وَالْأُخْرَى تَرْفَعُ دَرَجَةً»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім үйінде жақсылап тазаланып Алланың жердегі үйлерінің біріне Оның парыз қылған намаздардың бірін оқу мақсатында барса, басып барған қадамдарының бірі кішігірім күнәларын жойып отырса, енді бірі дәрежесін бір-бірлеп өсіріп отырады», – деп айтты», – делінген (Муслим: 1521).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Если кто-либо должным образом очистится у себя дома, а затем отправится в один из домов Аллаха на земле, чтобы совершить одну из предписанных Им обязательных молитв, то один его шаг сотрёт малый грех, а следующий возвысит его на одну степень» (Муслим: 1521).

1056
Риядус-салихин, № 1056Риуаят етуші: Убәй ибн Кәғб (р.а.)

عَنْ أُبيّ بْنِ كعبٍ قَالَ: كَانَ رَجُلٌ مِنَ الْأنْصَارِ لَا أَعْلمُ أَحَدًا أبْعَدَ مِنَ الْمَسْجِدِ مِنْهُ، وَكَانَتْ لَا تُخْطِئُهُ صَلَاةٌ، فَقيلَ لَهُ: لَوْ اشْتَرَيْتَ حِمَارًا لِتَرْكَبَهُ فِى الظَّلْمَاءِ وَفِى الرَّمْضَاءِ، قَالَ: مَا يَسُرُّنِى أَنَّ مَنْزِلِى إِلَى جَنْبِ الْمَسْجِدِ، إِنِّى أُرِيدُ أَنْ يُكْتَبَ لِى مَمْشَايَ إِلَى الْمَسْجِدِ، وَرُجُوعِى إِذَا رَجَعْتُ إِلَى أَهْلِى. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قَدْ جَمَعَ اللَّهُ لكَ ذَلِكَ كُلَّه»

Қазақша аудармасы

Убай ибн Кағб (р.а.) былай деген: «Кезінде бір ансарлық сахаба болған еді. Менің білуімше, мешіттен одан алыс тұратын ешкім жоқ еді. Соған қарамастан ол бірде-бір намазды жібермейтін. Оған: «Тас қараңғыда және аптап ыстықта мініп келетін бір есек сатып алмадың ба?» – делінгенде, ол: «Үйім мешіттің іргесінде болса да қуанбас едім, өйткені мен мешітке басып барған және отбасыма оралғанда басып қайтқан әрбір қадамым үшін сауап жазылғанын қалаймын», – деп жауап береді. Сонда Алла елшісі ﷺ оған: «Расында, Алла саған соның барлығының сауабын түгел берді», – деп айтты» (Муслим: 1514, Ахмад: 21216).

Орысша аудармасы

Убай ибн Кааб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Жил некогда один сподвижник из числа ансаров. Насколько мне известно, никто не жил дальше от мечети, чем он. Несмотря на это, он не пропускал ни одной молитвы. Однажды ему сказали: “Почему бы тебе не купить осла, чтобы ездить на нём в кромешной темноте и в палящий зной?” Он ответил: “Я не обрадовался бы, даже если бы мой дом находился рядом с мечетью, ведь я хочу, чтобы мне записывалась награда за каждый шаг, который я делаю, идя в мечеть, и за каждый шаг на обратном пути к своей семье”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: “Поистине, Аллах даровал тебе награду за всё это сполна”» (Муслим: 1514; Ахмад: 21216).

1057
Риядус-салихин, № 1057Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر قَالَ: خَلَت الْبِقاعُ حولَ الْمَسْجِدِ، فَأَرَادَ بَنُو سَلمَةَ أَنْ يَنْتَقِلُوا قُرْبَ الْمَسْجِدِ، فَبَلَغَ ذَلِكَ النَّبِيّ ﷺ، فَقَالَ لَهُمْ: «بَلَغَنِى أَنَّكُم تُرِيدُونَ أَنْ تَنْتَقِلُوا قُرْبَ الْمَسْجِدِ؟» قَالُوا: نعم، يَا رَسُول اللَّهِ، قَدْ أرَدْنَا ذَلِكَ. فَقَالَ: «بَنِى سَلِمَةَ دِيَارَكُم تُكْتَبْ آثارُكُمْ، دِيَارَكُمْ تُكْتَبْ آثارُكُمْ» فَقَالُوا: مَا يَسُرُّنَا أَنَّا كُنَّا تَحَوَّلْنَا

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Кезінде Пайғамбарымыздың мешітінің маңында бос жатқан жер бар еді. Сәлимаұлдары сол жерге келіп қоныстанбақ болды. Пайғамбарымыз ﷺ бұл хабарды естігенде, оларға: «Естуімше, мешітке жақын жерге көшіп келмекші екенсіңдер», – деді. Олар: «Иә, уа, Расулалла! Солай істейін деп едік», – деді. Сонда Расулалла: «Уа, Сәлимаұлдары! Ескі қоныстарыңнан көшпеңдер. Өйткені (мешітке келген) қадамдарыңа сауап жазылуда», – деп екі қайтара айтты. Мұны естігенде олар әлі көшпегендеріне қуанып: «Мешітке жақын жерге көшсек те мұншама қуанбас едік», – деп айтты», – деген (Муслим: 1519, Бұхари: 655, Ахмад: 14566).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) сказал: «В своё время рядом с мечетью Пророка пустовал участок земли, и Бану Салима решили переселиться туда. Узнав об этом, Пророк ﷺ сказал им: “Мне стало известно, что вы собираетесь переселиться ближе к мечети”. Они ответили: “Да, о Посланник Аллаха! Мы хотели так поступить”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ дважды повторил: “О Бану Салима! Не покидайте своих прежних жилищ, ведь за ваши шаги (к мечети) вам записывается награда”. Услышав это, они обрадовались, что ещё не переселились, и сказали: “Даже переселение ближе к мечети не принесло бы нам столько радости”» (Муслим: 1519; Аль-Бухари: 655; Ахмад: 14566).

1058
Риядус-салихин, № 1058Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ أَعْظَمَ النَّاسِ أَجْرًا فِى الصَّلَاةِ أبْعَدُهُمْ إِلَيْهَا مَمْشىً، فَأَبْعَدُهُمْ، وَالَّذِى يَنْتَظِرُ الصَّلَاةَ حَتَّى يُصَلِّيَهَا مَعَ الْإِمَامِ أعظَمُ أَجْرًا مِنَ الَّذِى يُصَلِّيهَا ثُمَّ يَنَامُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Намазда ең зор сауапқа кенелетін адамдар – намазға ең алыс жерден жаяу жүріп келгендер. Намазды имаммен бірге оқу үшін күткен адамның сауабы, намазын бірден оқып алып, ұйқыға кеткен адамның сауабынан зор болады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 651, Муслим: 1513).

Орысша аудармасы

Абу Муса (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Наибольшую награду за молитву получают те, кто приходит к ней пешком из самых отдалённых мест. Награда того, кто ожидает молитвы, чтобы совершить её вместе с имамом, будет больше награды того, кто сразу совершает молитву и ложится спать» (Аль-Бухари: 651; Муслим: 1513).

1059
Риядус-салихин, № 1059Риуаят етуші: Бурайда (р.а.)

عَنْ بُرِيدَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «بَشِّرُوا الْمَشَّائِينَ فِى الظُّلَمِ إِلَى الْمَسَاجِدِ بِالنُّورِ التَّامِّ يَوْمَ الْقِيَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Бурайда (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Мешіттерге қараңғыда1 үнемі жаяу баратындарды қиямет күні өздеріне нәсіп болатын, жан-жақтарын толық жарқырататын нұрмен сүйіншілеңдер!» – деп айтқан (Әбу Дәуід: 561, Тирмизи: 223).

Орысша аудармасы

Бурайда (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Обрадуйте тех, кто постоянно ходит пешком в мечети во тьме1, вестью о свете, который будет дарован им в День воскресения и озарит всё вокруг них!» (Абу Дауд: 561; Ат-Тирмизи: 223).

  1. 1Бамдат және құптан намаздарының уақытында
  1. 1Во время утренней и ночной молитв.
1060
Риядус-салихин, № 1060Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «ألا أدُلُّكُمْ عَلَى مَا يَمْحُو اللَّهُ بِهِ الْخَطَايَا، وَيَرْفَعُ بِهِ الدَّرَجَاتِ؟» قَالُوا: بَلَى يَا رَسُول اللَّهِ؟ قَالَ: «إِسْبَاغُ الْوُضُوءِ عَلَى الْمَكَارِهِ، وَكَثْرَةُ الْخُطَا إِلَى الْمَسَاجِدِ، وَانْتِظَارُ الصَّلَاةِ بَعْدَ الصَّلَاةِ، فَذَلِكُمُ الرِّبَاطُ، فذَلِكُمُ الرِّبَاطُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Бірде Алла елшісі ﷺ сахабаларына: «Алланың күнәларыңды кешіріп, дәрежелеріңді өсіруіне себепші болатын істі айтайын ба?» – деді. Сахабалары: «Әрине, уа, Расулалла, айтыңыз», – десті. Сонда Расулалла: «Дәрет алу қиынға соққан кезде де дәретті толық алу. Мешіттерге апаратын жолды тоздыру және бір намаздан кейін келесі намаздың уақытын асыға күту. Міне, (шекара күзеткен қырағы сарбаз сынды күнәға бастайтын нәпсіге қарсы) әрдайым бекіністе (яғни, сергек) болып Алламен байланысты үзбеу деген осы», – деп айтты», – делінген (Муслим: 587).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что однажды Посланник Аллаха ﷺ спросил своих сподвижников: «Не рассказать ли вам о том, благодаря чему Аллах простит ваши грехи и возвысит ваше положение?» Сподвижники ответили: «Конечно, о Посланник Аллаха, расскажите!» Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Это – совершать омовение полностью, даже когда это трудно; делать множество шагов на пути к мечетям; с нетерпением ожидать наступления следующей молитвы после совершения предыдущей. Вот что значит всегда пребывать на страже (то есть сохранять бдительность), не прерывая связи с Аллахом и противостоя душе, толкающей ко греху (подобно бдительному воину, охраняющему границу)» (Муслим: 587).

1061
Риядус-салихин, № 1061Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «إِذا رَأَيْتُمُ الرَّجُلَ يَعْتَادُ الْمَسَاجِدَ فَاشْهَدُوا لَهُ بالإِيمَانِ، قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: «إِنَّمَا يَعْمُرُ مَسَاجِدَ اللَّهِ مَنْ آمَنَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ» الآية»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «(Жамағатпен намаз оқу үшін) мешітке баруды әдетке айналдырған кісіні көрсеңдер, оның иманына куә болыңдар! Өйткені құдіреті күшті ұлы Алла: «Алланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне шын иман келтірген жандар ғана лайықты түрде көркейтеді», – деп айтқан1», – деген» (Тирмизи: 3093, Ахмад: 11651).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Саида аль-Худри (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Если увидите человека, который регулярно посещает мечеть (для совершения молитвы с общиной), свидетельствуйте о его вере! Ведь Всемогущий и Великий Аллах сказал: “Мечети Аллаха надлежащим образом благоустраивают лишь те, кто искренне уверовал в Аллаха и в Последний день”1» (Ат-Тирмизи: 3093; Ахмад: 11651).

  1. 1Тәубе сүресі, 18 аят
  1. 1Сура «Тауба», аят 18.