Хадис

Жамағат намазын күтудің артықшылығы

О достоинстве ожидания коллективной молитвы

Риядус-салихин, 190-тақырып · 3 хадис · № 1062–1064

Хадистер

1062
Риядус-салихин, № 1062Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَزَالُ أَحَدُكُمْ فِى صَلَاةٍ مَا دَامَتِ الصَّلَاةُ تَحْبِسُهُ، لَا يَمنَعُهُ أَنْ يَنقَلِبَ إِلَى أَهْلِهِ إِلَّا الصَّلَاةُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбіріңді намаз байлап тұрса,1 үй ішіне оралуына намаз ғана тосқауыл болып тұрса, сол уақыттың бәрінде ол бейне бір намазда тұрғандай болады», – деп айтқан (Бұхари: 659, Муслим: 1510, Ахмад: 9119).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пока кого-либо из вас удерживает молитва1 и лишь она мешает ему вернуться к своей семье, всё это время он словно пребывает в молитве» (Аль-Бухари: 659; Муслим: 1510; Ахмад: 9119).

  1. 1Яғни, жамамағатпен намаз оқу үшін намазды күтіп отырса...
  1. 1То есть если он сидит в ожидании молитвы, чтобы совершить её вместе с общиной.
1063
Риядус-салихин, № 1063Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الْمَلَائِكَةُ تُصَلِّى عَلَى أَحَدِكُمْ مَا دَامَ فِى مُصَلاَّهُ الَّذِى صَلَّى فِيهِ، مَا لَمْ يُحْدِثْ، تَقُولُ: اللَّهُمَّ اغْفِرْ لَهُ، اللَّهُمَّ ارْحَمْهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбірің намаз оқыған жерінде дәретін бұзбазстан (келесі намазды күтіп) отыратын болса, періштелер ол үшін: «Уа, Алла, оны кешір! Уа, Алла, оны мейіріміңе бөлей көр!» – деп, дұға-тілек тілеп тұрады», – деген (Бұхари: 659, Ахмад: 10307).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пока любой из вас остаётся сидеть на том месте, где совершил молитву, не нарушая омовения (ожидая следующую молитву), ангелы обращаются к Аллаху с мольбами за него: “О Аллах, прости его! О Аллах, помилуй его!”» (Аль-Бухари: 659; Ахмад: 10307).

1064
Риядус-салихин, № 1064Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَخَّرَ لَيْلَةً صَلَاةَ الْعِشَاءِ إِلَى شَطْرِ اللَّيْلِ ثُمَّ أقْبَلَ عَلَيْنَا بِوَجْهِهِ بَعْدَمَا صَلَّى، فَقَالَ: «صَلَّى النَّاسُ وَرَقَدُوا، وَلَمْ تَزَالُوا فِى صَلَاةٍ مُنْذُ انْتَظَرْتُمُوهَا»

Қазақша аудармасы

Әнас (р.а.) жеткізген хадисте: «Бірде Алла елшісі ﷺ құптан намазын түн жарымға дейін кешіктіріп оқытты. Намаз оқып болған соң бізге бұрылды да: «Кейбір адамдар намаздарын оқып, жатып қалды. Ал сендер жамағат намазын күткен уақыттың бәрінде үздіксіз намазда тұрғандай сауапқа кенелдіңдер», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 572, Ахмад: 12880).

Орысша аудармасы

Передают со слов Анаса (да будет доволен им Аллах), что однажды Посланник Аллаха ﷺ отложил ночную молитву до полуночи. Завершив молитву, он повернулся к сподвижникам и сказал: «Некоторые люди уже совершили молитву и легли спать. Вы же всё время, пока ожидали общей молитвы, получали награду, словно непрерывно пребывали в молитве» (Аль-Бухари: 572; Ахмад: 12880).