Хадис

Риядус-салихин, № 1064

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
190. Жамағат намазын күтудің артықшылығы
Нөмірі
№ 1064 (қазақша басылым реті)
1064
Риядус-салихин, № 1064Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَخَّرَ لَيْلَةً صَلَاةَ الْعِشَاءِ إِلَى شَطْرِ اللَّيْلِ ثُمَّ أقْبَلَ عَلَيْنَا بِوَجْهِهِ بَعْدَمَا صَلَّى، فَقَالَ: «صَلَّى النَّاسُ وَرَقَدُوا، وَلَمْ تَزَالُوا فِى صَلَاةٍ مُنْذُ انْتَظَرْتُمُوهَا»

Қазақша аудармасы

Әнас (р.а.) жеткізген хадисте: «Бірде Алла елшісі ﷺ құптан намазын түн жарымға дейін кешіктіріп оқытты. Намаз оқып болған соң бізге бұрылды да: «Кейбір адамдар намаздарын оқып, жатып қалды. Ал сендер жамағат намазын күткен уақыттың бәрінде үздіксіз намазда тұрғандай сауапқа кенелдіңдер», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 572, Ахмад: 12880).

Орысша аудармасы

Передают со слов Анаса (да будет доволен им Аллах), что однажды Посланник Аллаха ﷺ отложил ночную молитву до полуночи. Завершив молитву, он повернулся к сподвижникам и сказал: «Некоторые люди уже совершили молитву и легли спать. Вы же всё время, пока ожидали общей молитвы, получали награду, словно непрерывно пребывали в молитве» (Аль-Бухари: 572; Ахмад: 12880).