Хадис

Риядус-салихин, № 1057

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
189. Мешітке жаяу барудың артықшылығы
Нөмірі
№ 1057 (қазақша басылым реті)
1057
Риядус-салихин, № 1057Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر قَالَ: خَلَت الْبِقاعُ حولَ الْمَسْجِدِ، فَأَرَادَ بَنُو سَلمَةَ أَنْ يَنْتَقِلُوا قُرْبَ الْمَسْجِدِ، فَبَلَغَ ذَلِكَ النَّبِيّ ﷺ، فَقَالَ لَهُمْ: «بَلَغَنِى أَنَّكُم تُرِيدُونَ أَنْ تَنْتَقِلُوا قُرْبَ الْمَسْجِدِ؟» قَالُوا: نعم، يَا رَسُول اللَّهِ، قَدْ أرَدْنَا ذَلِكَ. فَقَالَ: «بَنِى سَلِمَةَ دِيَارَكُم تُكْتَبْ آثارُكُمْ، دِيَارَكُمْ تُكْتَبْ آثارُكُمْ» فَقَالُوا: مَا يَسُرُّنَا أَنَّا كُنَّا تَحَوَّلْنَا

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Кезінде Пайғамбарымыздың мешітінің маңында бос жатқан жер бар еді. Сәлимаұлдары сол жерге келіп қоныстанбақ болды. Пайғамбарымыз ﷺ бұл хабарды естігенде, оларға: «Естуімше, мешітке жақын жерге көшіп келмекші екенсіңдер», – деді. Олар: «Иә, уа, Расулалла! Солай істейін деп едік», – деді. Сонда Расулалла: «Уа, Сәлимаұлдары! Ескі қоныстарыңнан көшпеңдер. Өйткені (мешітке келген) қадамдарыңа сауап жазылуда», – деп екі қайтара айтты. Мұны естігенде олар әлі көшпегендеріне қуанып: «Мешітке жақын жерге көшсек те мұншама қуанбас едік», – деп айтты», – деген (Муслим: 1519, Бұхари: 655, Ахмад: 14566).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) сказал: «В своё время рядом с мечетью Пророка пустовал участок земли, и Бану Салима решили переселиться туда. Узнав об этом, Пророк ﷺ сказал им: “Мне стало известно, что вы собираетесь переселиться ближе к мечети”. Они ответили: “Да, о Посланник Аллаха! Мы хотели так поступить”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ дважды повторил: “О Бану Салима! Не покидайте своих прежних жилищ, ведь за ваши шаги (к мечети) вам записывается награда”. Услышав это, они обрадовались, что ещё не переселились, и сказали: “Даже переселение ближе к мечети не принесло бы нам столько радости”» (Муслим: 1519; Аль-Бухари: 655; Ахмад: 14566).