Хадис

Зекет беру

Выплата закята

Риядус-салихин, 216-тақырып · 9 хадис · № 1207–1215

Хадистер

«وَأقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ» «Намаз оқыңдар, зекет беріңдер...» («Бақара», 43-аят).

«وَمَا أُمِرُوا إِلَّا لِيَعْبُدُوا اللَّه مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ حُنفَاءَ وَيُقِيمُوا الصَّلَاةَ وَيُؤتُوا الزَّكَاةَ وَذَلِكَ دِينُ الْقَيِّمَةِ» «Әйтпесе, оларға да хақ дінді шын көңілден толық қабылдап, «таухид» сенімімен бір Аллаға риясыз құлшылық ету, намазды кемеліне келтіріп оқу және зекеттерін толық беру бұйырылған еді. Нағыз тура дін, міне, осы!» («Бәйина», 5-аят).

«خُذْ مِنْ أمْوَالِهِمْ صَدَقَةً تُطَهِّرُهُمْ وَتُزَكِّيهِمْ بِهَا» «Олардың дүние-мүлкінен зекет, садақа ал да, сол арқылы оларды тазартып, күнәларынан арылт» («Тәубе», 103-аят).

«Совершайте молитву должным образом, выплачивайте закят» (сура «Аль-Бакара», 2:43).

«Ведь им было велено принять истинную религию, посвятить свою веру единственно лишь Аллаху, совершать намаз должным образом, своевременно и не пропуская, и сполна выплачивать закят. Такова подлинно прямая вера!» (сура «Байина», 98:5).

«Возьми с их имуществ закят и милостыню, и этим очисти и избавь их от грехов, и способствуй их исправлению» (сура «Тауба», 9:103).

1207
Риядус-салихин, № 1207Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «بُنِيَ الْإِسْلَامُ عَلَى خَمْسٍ: شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ، وَإِقَامِ الصَّلَاةِ، وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ، وَحَجِّ الْبَيْتِ، وَصَوْمِ رَمَضَانَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Ислам діні бес нәрсеге негізделген. Олар: Алладан басқа тәңірдің жоқтығына куәлік келтіру, Мұхаммедтің Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару және рамазан айының оразасын ұстау», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 8, Муслим: 111, Ахмад: 6015).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Ислам основан на пяти столпах: свидетельстве о том, что нет божества, кроме Аллаха, и что Мухаммад – Его раб и посланник; совершении молитвы; выплате закята; совершении хаджа и соблюдении поста в месяц рамадан» (Аль-Бухари: 8; Муслим: 111; Ахмад: 6015).

1208
Риядус-салихин, № 1208

عَنْ طَلْحَةَ بْنِ عبيد اللَّه قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مِنْ أَهْلِ نَجْدٍ ثَائِرُ الرَّأسِ نَسْمَعُ دَوِيَّ صَوْتِهِ، وَلَا نَفْقَهُ مَا يَقُولُ، حَتَّى دَنَا مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَإِذَا هُوَ يَسألُ عَنِ الْإِسْلَام، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «خَمْسُ صَلَواتٍ فِى الْيَوْمِ وَاللَّيْلَةِ» قَالَ: هَلْ عَلَيَّ غَيْرُهُنَّ؟ قَالَ: «لَا، إِلَّا أَنْ تَطَّوَّعَ» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَصِيامُ شَهْرِ رَمَضَانَ» قَالَ: هَلْ عَلَيَّ غَيْرُهُ؟ قَالَ: «لَا، إِلَّا أَنْ تَطَّوَّعَ» قَالَ: وَذَكَرَ لَهُ رَسُول اللَّهِ ﷺ الزَّكَاةَ، فَقَالَ: هَلْ عَلَيَّ غَيْرُهَا؟ قَالَ: «لَا، إِلَّا أَنْ تَطَّوَّعَ» فَأدْبَرَ الرَّجُلُ وَهُوَ يَقُولُ: وَاللَّهِ لَا أُزِيدُ عَلَى هَذَا وَلَا أنْقُصُ مِنْهُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أفْلَحَ إِنْ صَدَقَ»

Қазақша аудармасы

Талха ибн Убәйдуллаһ (р.а.): «Бірде Алла елшісіне ﷺ Нәжд аймағынан шашының ұйпа-тұйпасы шыққан бір кісі келді. Алғашында оның гүрілдеген зор дауысын естісек те не айтып жатқанын ұқпадық. Сөйтіп, ол Алла елшісіне тақап келгенде, (анықтап тыңдасақ) Ислам туралы сұрап жатыр екен. Алла елшісі оған: «Бір күн, бір түн ішінде бес уақыт намаз оқу», – деді. Сонда ол: «Бұлардан басқа намаз оқуым керек пе?» – деп сұрады. Алла елшісі: «Жоқ, басқасы өз қалауыңа байланысты», – деді. Содан кейін Алла елшісі: «Рамазан айының оразасын ұстау», – деді. Сонда ол тағы: «Бұдан басқа ораза ұстауым керек пе?» – деп сұрады. Расулалла: «Жоқ, басқасын өз қалауың бойынша ұстасаң болады», – деді. Соңынан Алла елшісі оған зекет туралы айтты. Ол: «Бұдан басқа беретін зекет түрі бар ма?» – деп сұрады. Алла елшісі: «Жоқ, басқасын қалауың бойынша (садақа ниетімен) берсең болады», – деп жауап берді. Соңында әлгі адам: «Алланың атымен ант етейін! Осы айтылғандарға еш нәрсе қоспаймын да, әрі олардан еш нәрсе кемітпеймін де», – деп, бұрылды да кетіп қалды. Ол кеткен соң, Расулалла: «Егер айтқаны рас болса, игілікке кенеледі», – деп айтты», – деген (Бұхари: 46, Муслим: 100, Ахмад: 1390).

Орысша аудармасы

Тальха ибн Убайдуллах (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды к Посланнику Аллаха ﷺ пришёл человек из области Неджд с растрёпанными волосами. Поначалу мы слышали его громкий, гулкий голос, но не могли разобрать, что он говорит. Когда же он приблизился к Посланнику Аллаха ﷺ (и мы смогли расслышать его слова), оказалось, что он спрашивает об исламе. Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: “Совершение пяти молитв в течение дня и ночи”. Тот спросил: “Должен ли я совершать ещё какие-либо молитвы, помимо этих?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Нет, всё остальное – по твоему желанию”. Затем Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Соблюдение поста в месяц рамадан”. Тот снова спросил: “Должен ли я соблюдать ещё какой-либо пост, помимо этого?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Нет, всё остальное можешь соблюдать по своему желанию”. После этого Посланник Аллаха ﷺ рассказал ему о закяте. Тот спросил: “Должен ли я выплачивать что-либо сверх этого?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Нет, но всё остальное можешь отдавать по своему желанию (в качестве милостыни)”. Тогда этот человек повернулся и ушёл, сказав: “Клянусь Аллахом! Я ничего не добавлю к сказанному и ничего из этого не убавлю”. Когда он ушёл, Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если он сдержит своё слово, то обретёт благо”» (Аль-Бухари: 46; Муслим: 100; Ахмад: 1390).

1209
Риядус-салихин, № 1209Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ بعث مُعاذًا إِلَى الْيَمَنِ، فَقَالَ: «ادْعُهُمْ إِلَى شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأنِّى رَسُول اللَّهِ، فإِنْ هُمْ أطَاعُوا لِذَلِكَ، فَأعْلِمْهُمْ أن اللَّهَ تَعَالَى، افْتَرَضَ عَلَيْهِمْ خَمْسَ صَلَواتٍ فِى كُلِّ يَوْمٍ وَلَيْلَةٍ، فَإِنْ هُمْ أطَاعُوا لِذَلِكَ، فَأعْلِمْهُمْ أَنَّ اللَّهَ افْتَرَضَ عَلَيْهِمْ صَدَقَةً تُؤخَذُ مِنْ أغْنِيَائِهِمْ، وتُرَدُّ عَلَى فُقَرَائِهِمْ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ Мұғазды (р.а.) Йеменге (басшы етіп) жібергенде, оған: «Алдымен оларды Алладан басқа тәңір жоқ екеніне және менің Алланың елшісі екеніме куәлік етуге шақыр. Егер бұл ұсынысыңды құп алып саған бойсұнса, Алланың оларға бір күн мен бір түн ішінде (тәулігіне) бес уақыт намаз оқуды парыз еткенін білдір. Егер бұны да мақұл көріп бойсұнса, Алланың оларға байларынан алып, кедейлеріне берілетін садақаны парыз қылғанын білдір», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1395, Муслим: 121).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) рассказывал: «Когда Пророк ﷺ отправил Муаза (да будет доволен им Аллах) в Йемен (в качестве руководителя), он сказал ему: “Сначала призови их засвидетельствовать, что нет божества, кроме Аллаха, и что я – Посланник Аллаха. Если они примут твой призыв и подчинятся тебе, сообщи им, что Аллах обязал их совершать пять молитв в течение одного дня и одной ночи (то есть в сутки). Если они примут и это и подчинятся, сообщи им, что Аллах обязал их выплачивать садаку, которую следует брать у их богатых и отдавать их бедным”» (Аль-Бухари: 1395; Муслим: 121).

1210
Риядус-салихин, № 1210Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أُمِرْتُ أَنْ أُقَاتِلَ النَّاسَ حَتَّى يَشْهَدُوا أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُول اللَّهِ، وَيُقِيمُوا الصَّلَاةَ، وَيُؤتُوا الزَّكَاةَ، فَإِذَا فَعَلُوا ذَلِكَ عَصَمُوا مِنِى دِمَاءهُمْ وَأمْوَالَهُمْ، إِلَّا بِحَقِّ الْإِسْلَامِ، وَحِسَابُهُم عَلَى اللَّه»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Мен мына адамдар «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед Оның елшісі» деп куәлік етпейінше, намаз оқып, зекеттерін толық бермейінше, олармен шайқасуға бұйрық алдым. Егер олар осы айтылғандарды бұлжытпай орындаса, Ислам шариғатының (жалпыға ортақ кейбір) талаптарын қоспағанда, менен жандары мен мал-мүліктерін аман алып қалады. Ал енді ықылас-ниетіне келсек, оның есебін Аллаға беретін болады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 25, Муслим: 130).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Мне было велено сражаться с этими людьми до тех пор, пока они не засвидетельствуют, что нет божества, кроме Аллаха, а Мухаммад – Его Посланник, не станут совершать молитву и полностью выплачивать закят. Если они будут неукоснительно исполнять всё это, то защитят от меня свои жизни и имущество, за исключением случаев, предусмотренных (некоторыми общими для всех) требованиями исламского шариата. Что же касается их искренности и намерений, то за них они будут держать ответ перед Аллахом» (Аль-Бухари: 25; Муслим: 130).

1211
Риядус-салихин, № 1211Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: لَمَّا تُوُفِّيَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ – وَكَانَ أَبُو بَكْرٍ – وَكَفَرَ مَنْ كَفَرَ مِنَ الْعَرَبِ، فَقَالَ عُمَرُ: كَيْفَ تُقَاتِلُ النَّاسَ وَقَدْ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أُمِرْتُ أَنْ أُقَاتِلَ النَّاسَ حَتَّى يَقُولوُا لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، فَمَنْ قَالَهَا فَقَدْ عَصَمَ مِنِّى مَالَهُ وَنَفْسَهُ إِلَّا بِحَقِّهِ، وَحِسَابُهُ عَلَى اللَّه» فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ: وَاللَّهِ لأُقَاتِلَنَّ مَنْ فَرَّقَ بين الصَّلَاةِ وَالزَّكَاةِ، فَإِنَّ الزَّكَاةَ حَقُّ الْمَالِ. وَاللَّهِ لَوْ مَنَعُونِى عِقَالًا كَانُوا يُؤدُّونَهُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، لَقَاتَلْتُهُمْ عَلَى مَنْعِهِ. قَالَ عُمَرُ: فَوَاللَّهِ مَا هُوَ إِلَّا أَنْ رَأَيْتُ اللَّهَ قَدْ شَرَحَ صَدْرَ أَبِى بَكْرٍ لِلقِتَالِ، فَعَرَفْتُ أَنَّهُ الْحَقُّ

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ дүние салғаннан кейін, Әбу Бәкір (р.а.) халифа болып тағайындалды. Сол кездері кейбір араб тайпалары діннен шықты. Әбу Бәкір (р.а.) діннен шыққан арабтарға қарсы соғыс ашқанда, Омар (р.а.) оған: «Сен оларға қарсы қалай соғыспақсың? Алла елшісі: «Мен мына адамдар (яғни, мүшріктер) Алладан басқа тәңір жоқ деп айтпайынша, олармен шайқасуға бұйырылдым. Кімде-кім сөйтіп айтса, Ислам дінінің ақысынан өзге менен жандары мен дүние-мүліктерін аман алып қалады. Ал енді олардың иман еткендегі шынайылығы мен түпкі ниетіне келсек, оның есебін Аллаға беретін болады», – деп айтпап па еді, – деді. Сонда Әбу Бәкір (р.а.): «Алланың атымен ант етейін! Намаз бен зекеттің аражігін ажыратқандармен қайткен күнде де шайқасамын. Расында, зекет – қолдағы мал-мүліктің ақысы. Уаллаһи! Егер олар кезінде Алла елшісіне төлеп тұрған дүниеден, тіпті түйенің ноқтасын болса да менен аяп қалса, сол үшін де олармен шайқасамын», – деп байлау айтты. Соңында Омар (р.а.): «Уаллаһи! Мен сонда зекет бермейміз дегендермен соғысуға қатысты байлауды Әбу Бәкірдің көкейіне Алланың Өзі салғанына нақты көзім жетіп, соның хақ екенін аңғардым», – деген», – деп айтты (Бұхари: 1399, Муслим: 1400, Ахмад: 8904).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «После кончины Посланника Аллаха ﷺ Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) был назначен халифом. В то время некоторые арабские племена отступили от религии. Когда Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) выступил против отступивших от религии арабов, Умар (да будет доволен им Аллах) спросил его: “Как ты собираешься сражаться с ними? Разве Посланник Аллаха ﷺ не сказал: ‘Мне было велено сражаться с этими людьми (то есть с многобожниками), пока они не скажут, что нет божества, кроме Аллаха. Кто произнесёт эти слова, тот защитит от меня свою жизнь и имущество, кроме как по праву ислама. Что же касается искренности их веры и истинных намерений, то за это они будут держать ответ перед Аллахом’?” Тогда Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) сказал: “Клянусь Аллахом! Я непременно буду сражаться с теми, кто отделяет молитву от закята. Воистину, закят – обязательная выплата с имущества. Клянусь Аллахом! Если они откажутся отдать мне хотя бы верблюжий недоуздок из того, что прежде отдавали Посланнику Аллаха ﷺ, я буду сражаться с ними даже из-за этого”. Впоследствии Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: “Клянусь Аллахом! Тогда я твёрдо убедился, что Сам Аллах вложил в сердце Абу Бакра решимость сражаться с теми, кто отказался выплачивать закят, и понял, что это решение было правильным”» (Аль-Бухари: 1399; Муслим: 1400; Ахмад: 8904).

1212
Риядус-салихин, № 1212Риуаят етуші: Әбу Әйюб (р.а.)

عَنْ أَبِى أيُّوب أنّ رَجُلًا قَالَ لِلنَّبِيِِّّ ﷺ: أخْبِرْنِى بعمل يُدْخِلُنِى الْجَنَّة، قَالَ: «تَعْبُدُ اللَّهَ، وَلَا تُشْرِكُ بِهِ شَيْئًا، وَتُقِيمُ الصَّلَاةَ، وَتُؤْتِى الزَّكَاةَ، وَتَصِلُ الرَّحِمَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Әйюб (р.а.) жеткізген хадисте: Бір кісі Пайғамбарымызға ﷺ: «Мені пейішке кіргізетін бір амалды айтыңызшы», – дегенде, Алла елшісі оған: «Бір Аллаға ғана құлшылық етіп, Оған еш нәрсені серік етіп қоспа! Намаз оқып, зекет бер және ағайын-туыспен жақсы қарым-қатынаста бол!» – деп айтты» (Бұхари: 1396, Муслим: 104, Ахмад: 23550).

Орысша аудармасы

Абу Айюб (да будет доволен им Аллах) передал, что один человек сказал Пророку ﷺ: «Назовите мне деяние, которое приведёт меня в рай». Посланник Аллаха ﷺ ответил ему: «Поклоняйся одному Аллаху и ничего не приобщай к Нему в сотоварищи! Совершай молитву, выплачивай закят и поддерживай добрые отношения с родственниками!» (Аль-Бухари: 1396; Муслим: 104; Ахмад: 23550).

1213
Риядус-салихин, № 1213Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ أعْرَابيًا أَتَى النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، دُلَّنِى عَلَى عَمَلٍ إِذَا عَمِلْتُهُ، دَخَلْتُ الْجَنَّةَ. قَالَ: «تَعْبُدُ اللَّهَ لَا تُشْرِكُ بِهِ شَيْئًا، وتُقِيمُ الصَّلَاةَ، وتُؤتِى الزَّكَاةَ الْمَفْرُوضَةَ، وَتَصُومُ رَمَضَانَ» قَالَ: وَالذي نَفْسِى بِيَدِهِ، لَا أزيدُ عَلَى هَذَا، فَلَمَّا وَلَّى، قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَنْ سَرَّهُ أَنْ يَنْظُرَ إِلَى رَجُلٍ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ فَلْيَنْظُرْ إِلَى هَذَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Бірде Пайғамбарымызға ﷺ бір бәдәуи келіп: «Уа, Расулалла! Істеген жағдайда мені жаннатқа кіргізетін бір амалды көрсетіңізші», – дегенде, Алла елшісі оған: «Бір Аллаға ғана құлшылық етіп, Оған еш нәрсені серік етіп қоспа! Намаз оқып, парыз болған зекетті бер және рамазан айында ораза ұста!» – деп айтты. Сонда бәдәуи: «Жаным бір Өзінің қолында болған Аллаға серт! Осы айтылғандардан артық еш нәрсе істемеймін», – деді. Сөйтіп ол бұрылып кетіп бара жатқанда Пайғамбарымыз: «Кімде-кім жаннаттық адамды көргісі келсе, осы кісіге қарасын», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 1397, Муслим: 107, Ахмад: 8515).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что однажды к Пророку ﷺ пришёл бедуин и сказал: «О Посланник Аллаха! Укажите мне на деяние, совершив которое я войду в рай». Посланник Аллаха ﷺ ответил ему: «Поклоняйся одному Аллаху и ничего не приобщай к Нему в сотоварищи! Совершай молитву, выплачивай обязательный закят и соблюдай пост в месяц рамадан!» Тогда бедуин сказал: «Клянусь Аллахом, в Чьей длани моя душа! Я не стану делать ничего сверх сказанного». Когда он повернулся и стал уходить, Пророк ﷺ сказал: «Кто желает увидеть человека из числа обитателей рая, пусть посмотрит на этого человека» (Аль-Бухари: 1397; Муслим: 107; Ахмад: 8515).

1214
Риядус-салихин, № 1214Риуаят етуші: Жәрир ибн Абдулла (р.а.)

عَنْ جرِير بْنِ عَبْدِ اللَّهِ قَالَ: بايَعْتُ النَّبِيَّ ﷺ عَلَى إِقَامِ الصَّلَاةِ، وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ، وَالنُّصْحِ لِكُلِّ مُسْلِمٍ

Қазақша аудармасы

Жарир ибн Абдулла (р.а.): «Мен Пайғамбарымызға ﷺ намаз оқуға, зекет беруге және барлық мұсылманға шын жанашыр болуға уәде бердім», – деген (Бұхари: 57, Муслим: 199, Ахмад: 19191).

Орысша аудармасы

Джарир ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я дал Пророку ﷺ обещание совершать молитву, выплачивать закят и проявлять искреннюю заботу о каждом мусульманине» (Аль-Бухари: 57; Муслим: 199; Ахмад: 19191).

1215
Риядус-салихин, № 1215Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا مِنْ صَاحِبِ ذَهَبٍ، وَلَا فِضَّةٍ، لَا يُؤَدِّى مِنْهَا حَقَّهَا إِلَّا إِذَا كَانَ يَوْمُ الْقِيَامَةِ صُفِّحَتْ لَهُ صَفَائِحُ مِنْ نَارٍ، فَأُحْمِيَ عَلَيْهَا فِى نَارِ جَهَنَّمَ، فَيُكْوَى بِهَا جَنْبُهُ، وَجَبِينُهُ، وَظَهْرُهُ، كُلَّمَا بَرَدَتْ أُعِيدَتْ لَهُ فِى يَوْمٍ كَانَ مِقْدَارُهُ خَمْسِينَ أَلْفَ سَنَةٍ، حَتَّى يُقْضَى بَيْنَ الْعِبَادِ فَيَرَى سَبِيلَهُ، إِمَّا إِلَى الْجَنَّةِ، وَإِمَّا إِلَى النَّارِ» قيل: يَا رَسُولَ اللَّهِ، فالإِبلُ؟ قَالَ: «وَلَا صَاحِبِ إِبلٍ لَا يُؤَدِّى مِنْهَا حَقَّهَا، وَمِنْ حَقِّهَا حَلْبُهَا يَوْمَ وِرْدِهَا، إِلَّا إِذَا كَانَ يَوْمُ الْقِيَامَةِ بُطِحَ لَهَا بِقَاعٍ قَرْقَرٍ أوْفَرَ مَا كَانَتْ، لَا يَفْقِدُ مِنْهَا فَصيلًا وَاحِدًا، تَطَؤُهُ بِأخْفَافِهَا، وَتَعَضُّهُ بِأفْوَاهِهَا، كُلَّمَا مَرَّ عَلَيْهِ أُولَاهَا، رُدَّ عَلَيْهِ أُخْرَاهَا، فِى يَوْمٍ كَانَ مِقْدَارُهُ خَمْسِينَ أَلْفَ سَنَةٍ، حَتَّى يُقْضى بَيْنَ الْعِبَادِ، فَيَرَى سَبِيلَهُ، إِمَّا إِلَى الْجَنَّةِ، وَإِمَّا إِلَى النَّارِ» قِيلَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَالبَقَرُ وَالغَنَمُ؟ قَالَ: «وَلَا صَاحِبِ بَقَرٍ وَلَا غَنَمٍ لَا يُؤَدِّى مِنْهَا حَقَّهَا، إِلَّا إِذَا كَانَ يَوْمُ الْقِيَامَةِ، بُطِحَ لَهَا بقَاعٍ قَرْقَرٍ، لَا يَفْقِدُ مِنْهَا شَيْئًا، لَيْسَ فِيهَا عَقْصَاءُ، وَلَا جَلْحَاءُ، وَلَا عَضْبَاءُ، تَنْطَحُهُ بقُرُونها، وَتَطَؤُهُ بِأظْلَافِهَا، كُلَّمَا مرَّ عَلَيْهِ أُولَاهَا، رُدَّ عَلَيْهِ أُخْرَاهَا، فِى يَوْمٍ كَانَ مِقْدَارُهُ خَمْسِينَ أَلْفَ سَنَة حَتَّى يُقْضى بَيْنَ الْعِبَادِ، فَيَرى سَبيِلَهُ، إِمَّا إِلَى الْجَنَّةِ، وَإِمَّا إِلَى النَّارِ» قيل: يَا رَسُولَ اللَّهِ فالخَيْلُ؟ قَالَ: «الخَيلُ ثَلَاثَةٌ: هِيَ لِرَجُلٍ وِزْرٌ، وَهِيَ لِرَجُلٍ سِتْرٌ، وَهِيَ لِرَجُلٍ أجْرٌ. فَأَمَّا الَّتِى هي لَهُ وِزْرٌ فَرَجُلٌ ربطها رِيَاءً وَفَخْرًا وَنِوَاءً عَلَى أَهْلِ الْإِسْلَامِ، فَهِيَ لَهُ وِزْرٌ، وَأَمَّا الَّتِى هي لَهُ سِتْرٌ، فَرَجُلٌ رَبَطَهَا فِى سَبِيلِ اللَّه، ثُمَّ لَمْ يَنْسَ حَقَّ اللَّهِ فِى ظُهُورِهَا، وَلَا رِقَابِهَا، فَهِيَ لَهُ سِتْرٌ، وَأَمَّا الَّتِى هي لَهُ أجْرٌ، فَرَجُلٌ رَبَطَهَا فِى سَبِيلِ اللَّه لأَهْلِ الْإِسْلَامِ فِى مَرْجٍ، أَوْ رَوْضَةٍ فَمَا أكَلَتْ مِنْ ذَلِكَ الْمَرْجِ أَوْ الرَّوْضَةِ مِنْ شَيْءٍ إِلَّا كُتِبَ لَهُ عَدَدَ مَا أَكَلَتْ حَسَنَات وكُتِبَ لَهُ عَدَدَ أرْوَاثِهَا وَأبْوَالِهَا حَسَنَات، وَلَا تَقْطَعُ طِوَلَهَا فَاسْتَنَّتْ شَرَفًا أَوْ شَرَفَيْنِ إِلَّا كَتَبَ اللَّهُ لَهُ عَدَدَ آثَارِهَا، وَأرْوَاثِهَا حَسَنَاتٍ، وَلَا مَرَّ بِهَا صَاحِبُهَا عَلَى نَهْرٍ، فَشَرِبَتْ مِنْهُ، وَلَا يُرِيدُ أَنْ يَسْقِيهَا إِلَّا كَتَبَ اللَّهُ لَهُ عَدَدَ مَا شَرِبَتْ حَسَنَاتٍ» قِيلَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ فالحُمُرُ؟ قَالَ: «مَا أُنْزِلَ عَلَيَّ فِى الْحُمُرِ شَيْءٌ إِلَّا هَذِهِ الآية الْفَاذَّةُ الْجَامِعَةُ: «فَمَنْ يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ خَيْرًا يَرَهُ وَمَنْ يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ شَرًّا يَرَهُ»»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Қиямет-қайым орнағанда, мына дүниеде алтыны мен күмісі болса да, соның зекетін бермеген әрбір адамның мал-мүлкінен жасалған жалпақ тілімшелер отқа қыздырылып, сонымен оның екі бүйірі, маңдайы және арқасы күйдірілетін болады. Осылайша мерзімі елу мың жылға тең келетін бір күн бойы Алланың құлдары арасында үкім беріліп, (кімнің қайда баратыны белгілі болып), әлгі адамға да не жұмақтың, не тозақтың жолы көрсетілгенше, қыздырылған тілімшелер суыған сайын қайта-қайта қыздырылып, сонымен азапталатын болады», – деп айтты.

Сахабалар: «Уа, Расулалла! Ал зекеті берілмеген түйелер жайлы не айтасыз?» – деп сұрады. Сонда ол: «Дүниеде иемденген түйелерінің зекетін бермеген әрбір адам (түйелер су ішуге келгенде сауып, сүтін мұқтаждарға беру де түйелердің ақысын өтеудің бір түрі) қиямет күні теп-тегіс жазық алаңға етпетінен жатқызылып, түйелері күйлі қалпымен, кішкене ботасына дейін бірі қалмай әлгі адамды тұяқтарымен жаншып, тістерімен қыршып өтетін болады. Осылайша мерзімі елу мың жылға тең келетін бір күн бойы Алланың құлдары арасында үкім беріліп, әлгі адамға да не жұмақтың, не тозақтың жолы көрсетілгенше, түйелерінің алғашқысы өтсе, кейінгісі айналып келіп оны таптап, жаншып, азаптаумен болады», – деп айтты.

Сахабалар тағы: «Уа, Расулалла! Ал зекеті берілмеген сиыр мен қой туралы не айтасыз?» – деп сұрады. Сонда ол: «Дүниеде иемденген сиырлары мен қойларының зекетін бермеген әрбір адам қиямет күні теп-тегіс әрі кең алаңға етпетінен жатқызылып, қайқы мүйіздісі бар, мүйізсізі бар, мүйізі сынығы бар – сиырлары мен қойларының бірі қалмай оны мүйіздерімен сүзіп, тұяқтарымен жаншып өтетін болады. Осылайша мерзімі елу мың жылға тең келетін бір күн бойы Алланың құлдары арасында үкім беріліп, әлгі адамға да не жұмақтың, не тозақтың жолы көрсетілгенше, сиырлары мен қойларының алғашқысы өтсе, кейінгісі айналып келіп оны сүзіп, жаншып, азаптайтын болады», – деп айтты.

Сахабалар: «Уа, Расулалла! Ал жылқы туралы не айтасыз?» – деп тағы сұрай түсті. Сонда ол: «Жылқы үш түрлі болады: кей адамның соры, кей адамның қорғаны және кей адам үшін сауап көзі болады. Иесінің соры болар жылқыға келсек, иесі оларды өзгелердің алдында мақтану әрі көкірек керу мақсатында немесе мұсылмандарға қарсы соғыста қолдану үшін баптайды. Бұндай жылқы – иесінің соры. Иесінің қорғаны болар жылқыға келсек, иесі оларды Алла жолында ұстап, сол жылқыларының арқасында тапқан таянғанынан Алланың ақысын да беруді ұмытпайды. Бұндай жылқы иесінің (дүниеде пақырлықтан, ақыретте тозақ отынан) қорғаны болады. Ал иесіне мол сауап әкелетін жылқы болса, иесі оларды Алла жолында ұстап, мұсылмандардың игілігіне пайдалану үшін жайылымда немесе кең бақшада бағады. Оған жылқыларының әлгі жайылымда немесе бақшада жайылып жүріп жеген шөбінің мөлшерінде, сол жерде қалдырған тезегі мен төккен зәрінің мөлшерінде сауап жазылып отырады. Әрі жылқы жібінен босап кетіп, жайылымды бір-екі айнала шабатын болса, қалдырған әрбір ізі және тастаған тезегі мөлшерінде Алла Тағала оған сауап жазады. Сондай-ақ иесі оларды өзеннің жағалауымен айдап өткенде суғарғысы келмесе де, жылқылары өздігінен су ішсе, Алла Тағала оған жылқыларының ішкен суының мөлшеріндей сауап жазады», – деп айтты.

Сахабалар: «Уа, Расулалла! Ал есек жайында не айтасыз?» – деп және сұрады. Сонда ол: «Есек мәселесіне келсек, бұл жайында маған: «Кімде-кім мысқалдай жақсылық жасаса, соның қарымын алады. Ал кімде-кім мысқалдай жамандық жасаса, соның есесін көреді» деген мағынасы ауқымды әрі ерекше аяттан өзге уахи келген емес», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 2371, Муслим: 2290).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда наступит День воскресения, для каждого человека, который в этом мире обладал золотом и серебром, но не выплачивал с них закят, из его имущества изготовят широкие пластины, раскалят их в огне и станут прижигать ими его бока, лоб и спину. Каждый раз, когда эти пластины будут остывать, их станут раскалять вновь и продолжать мучить его ими в течение дня, равного по продолжительности пятидесяти тысячам лет, пока не будет вынесен суд между рабами Аллаха (и не станет известно, кому куда предстоит отправиться), а этому человеку не укажут путь либо в рай, либо в ад».

Сподвижники спросили: «О Посланник Аллаха! А что ты скажешь о верблюдах, с которых не был выплачен закят?» Он ответил: «Каждый человек, не выплачивавший закят с принадлежавших ему в этом мире верблюдов (доение верблюдов во время водопоя и раздача их молока нуждающимся также считаются одним из способов соблюдения их права), в День воскресения будет повергнут лицом вниз на совершенно ровной равнине. Все его верблюды, упитанные и без единого исключения, вплоть до самого маленького верблюжонка, станут топтать его копытами и терзать зубами. Так будет продолжаться в течение дня, равного по продолжительности пятидесяти тысячам лет, пока не будет вынесен суд между рабами Аллаха, а этому человеку не укажут путь либо в рай, либо в ад: как только по нему пройдут первые верблюды, следующие за ними будут возвращаться по кругу, вновь топча, давя и подвергая его мучениям».

Сподвижники снова спросили: «О Посланник Аллаха! А что ты скажешь о коровах и овцах, с которых не был выплачен закят?» Он ответил: «Каждый человек, не выплачивавший закят с принадлежавших ему в этом мире коров и овец, в День воскресения будет повергнут лицом вниз на совершенно ровной и просторной равнине. Все его коровы и овцы без единого исключения станут бодать его рогами и топтать копытами; среди них не будет ни животных с искривлёнными рогами, ни безрогих, ни животных со сломанными рогами. Так будет продолжаться в течение дня, равного по продолжительности пятидесяти тысячам лет, пока не будет вынесен суд между рабами Аллаха, а этому человеку не укажут путь либо в рай, либо в ад: как только по нему пройдут первые коровы и овцы, следующие за ними будут возвращаться по кругу, вновь бодая, топча и подвергая его мучениям».

Сподвижники вновь спросили: «О Посланник Аллаха! А что ты скажешь о лошадях?» Он ответил: «Лошади бывают трёх видов: для одного человека они становятся причиной греха, для другого – защитой, а для третьего – источником награды. Что касается лошадей, становящихся для своего владельца причиной греха, то он держит их ради хвастовства перед людьми и высокомерия либо для использования в войне против мусульман. Такие лошади становятся для своего владельца причиной греха.

Что касается лошадей, служащих защитой для своего владельца, то он содержит их на пути Аллаха и не забывает отдавать причитающееся Аллаху из того, что приобретает благодаря этим лошадям. Такие лошади становятся для своего владельца защитой (от бедности в этом мире и от огня ада в мире вечном).

Что же касается лошадей, приносящих своему владельцу обильную награду, то он содержит их на пути Аллаха и пасёт на пастбище или в просторном саду, чтобы использовать на благо мусульман. Ему будет записана награда соразмерно количеству травы, съеденной его лошадьми на этом пастбище или в саду, а также количеству оставленных ими там навоза и мочи. Если какая-либо из его лошадей сорвётся с привязи и промчится по одному или двум холмам, Аллах Всевышний запишет ему награду за каждый оставленный ею след и каждую кучку помёта. Если же владелец проведёт лошадей вдоль берега реки и они сами напьются из неё, хотя он не намеревался их поить, Аллах Всевышний запишет ему награду соразмерно количеству выпитой ими воды».

Сподвижники спросили: «О Посланник Аллаха! А что ты скажешь об ослах?» Он ответил: «Что касается ослов, то о них мне не было ниспослано иного откровения, кроме одного всеобъемлющего и исключительного аята: “Кто совершит добро весом с пылинку, получит воздаяние за него. А кто совершит зло весом с пылинку, увидит воздаяние за него” (Коран, 99:7⁠–⁠8)» (Аль-Бухари: 2371; Муслим: 2290).