Хадис

Риядус-салихин, № 1215

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
216. Зекет беру
Нөмірі
№ 1215 (қазақша басылым реті)
1215
Риядус-салихин, № 1215Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا مِنْ صَاحِبِ ذَهَبٍ، وَلَا فِضَّةٍ، لَا يُؤَدِّى مِنْهَا حَقَّهَا إِلَّا إِذَا كَانَ يَوْمُ الْقِيَامَةِ صُفِّحَتْ لَهُ صَفَائِحُ مِنْ نَارٍ، فَأُحْمِيَ عَلَيْهَا فِى نَارِ جَهَنَّمَ، فَيُكْوَى بِهَا جَنْبُهُ، وَجَبِينُهُ، وَظَهْرُهُ، كُلَّمَا بَرَدَتْ أُعِيدَتْ لَهُ فِى يَوْمٍ كَانَ مِقْدَارُهُ خَمْسِينَ أَلْفَ سَنَةٍ، حَتَّى يُقْضَى بَيْنَ الْعِبَادِ فَيَرَى سَبِيلَهُ، إِمَّا إِلَى الْجَنَّةِ، وَإِمَّا إِلَى النَّارِ» قيل: يَا رَسُولَ اللَّهِ، فالإِبلُ؟ قَالَ: «وَلَا صَاحِبِ إِبلٍ لَا يُؤَدِّى مِنْهَا حَقَّهَا، وَمِنْ حَقِّهَا حَلْبُهَا يَوْمَ وِرْدِهَا، إِلَّا إِذَا كَانَ يَوْمُ الْقِيَامَةِ بُطِحَ لَهَا بِقَاعٍ قَرْقَرٍ أوْفَرَ مَا كَانَتْ، لَا يَفْقِدُ مِنْهَا فَصيلًا وَاحِدًا، تَطَؤُهُ بِأخْفَافِهَا، وَتَعَضُّهُ بِأفْوَاهِهَا، كُلَّمَا مَرَّ عَلَيْهِ أُولَاهَا، رُدَّ عَلَيْهِ أُخْرَاهَا، فِى يَوْمٍ كَانَ مِقْدَارُهُ خَمْسِينَ أَلْفَ سَنَةٍ، حَتَّى يُقْضى بَيْنَ الْعِبَادِ، فَيَرَى سَبِيلَهُ، إِمَّا إِلَى الْجَنَّةِ، وَإِمَّا إِلَى النَّارِ» قِيلَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَالبَقَرُ وَالغَنَمُ؟ قَالَ: «وَلَا صَاحِبِ بَقَرٍ وَلَا غَنَمٍ لَا يُؤَدِّى مِنْهَا حَقَّهَا، إِلَّا إِذَا كَانَ يَوْمُ الْقِيَامَةِ، بُطِحَ لَهَا بقَاعٍ قَرْقَرٍ، لَا يَفْقِدُ مِنْهَا شَيْئًا، لَيْسَ فِيهَا عَقْصَاءُ، وَلَا جَلْحَاءُ، وَلَا عَضْبَاءُ، تَنْطَحُهُ بقُرُونها، وَتَطَؤُهُ بِأظْلَافِهَا، كُلَّمَا مرَّ عَلَيْهِ أُولَاهَا، رُدَّ عَلَيْهِ أُخْرَاهَا، فِى يَوْمٍ كَانَ مِقْدَارُهُ خَمْسِينَ أَلْفَ سَنَة حَتَّى يُقْضى بَيْنَ الْعِبَادِ، فَيَرى سَبيِلَهُ، إِمَّا إِلَى الْجَنَّةِ، وَإِمَّا إِلَى النَّارِ» قيل: يَا رَسُولَ اللَّهِ فالخَيْلُ؟ قَالَ: «الخَيلُ ثَلَاثَةٌ: هِيَ لِرَجُلٍ وِزْرٌ، وَهِيَ لِرَجُلٍ سِتْرٌ، وَهِيَ لِرَجُلٍ أجْرٌ. فَأَمَّا الَّتِى هي لَهُ وِزْرٌ فَرَجُلٌ ربطها رِيَاءً وَفَخْرًا وَنِوَاءً عَلَى أَهْلِ الْإِسْلَامِ، فَهِيَ لَهُ وِزْرٌ، وَأَمَّا الَّتِى هي لَهُ سِتْرٌ، فَرَجُلٌ رَبَطَهَا فِى سَبِيلِ اللَّه، ثُمَّ لَمْ يَنْسَ حَقَّ اللَّهِ فِى ظُهُورِهَا، وَلَا رِقَابِهَا، فَهِيَ لَهُ سِتْرٌ، وَأَمَّا الَّتِى هي لَهُ أجْرٌ، فَرَجُلٌ رَبَطَهَا فِى سَبِيلِ اللَّه لأَهْلِ الْإِسْلَامِ فِى مَرْجٍ، أَوْ رَوْضَةٍ فَمَا أكَلَتْ مِنْ ذَلِكَ الْمَرْجِ أَوْ الرَّوْضَةِ مِنْ شَيْءٍ إِلَّا كُتِبَ لَهُ عَدَدَ مَا أَكَلَتْ حَسَنَات وكُتِبَ لَهُ عَدَدَ أرْوَاثِهَا وَأبْوَالِهَا حَسَنَات، وَلَا تَقْطَعُ طِوَلَهَا فَاسْتَنَّتْ شَرَفًا أَوْ شَرَفَيْنِ إِلَّا كَتَبَ اللَّهُ لَهُ عَدَدَ آثَارِهَا، وَأرْوَاثِهَا حَسَنَاتٍ، وَلَا مَرَّ بِهَا صَاحِبُهَا عَلَى نَهْرٍ، فَشَرِبَتْ مِنْهُ، وَلَا يُرِيدُ أَنْ يَسْقِيهَا إِلَّا كَتَبَ اللَّهُ لَهُ عَدَدَ مَا شَرِبَتْ حَسَنَاتٍ» قِيلَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ فالحُمُرُ؟ قَالَ: «مَا أُنْزِلَ عَلَيَّ فِى الْحُمُرِ شَيْءٌ إِلَّا هَذِهِ الآية الْفَاذَّةُ الْجَامِعَةُ: «فَمَنْ يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ خَيْرًا يَرَهُ وَمَنْ يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ شَرًّا يَرَهُ»»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Қиямет-қайым орнағанда, мына дүниеде алтыны мен күмісі болса да, соның зекетін бермеген әрбір адамның мал-мүлкінен жасалған жалпақ тілімшелер отқа қыздырылып, сонымен оның екі бүйірі, маңдайы және арқасы күйдірілетін болады. Осылайша мерзімі елу мың жылға тең келетін бір күн бойы Алланың құлдары арасында үкім беріліп, (кімнің қайда баратыны белгілі болып), әлгі адамға да не жұмақтың, не тозақтың жолы көрсетілгенше, қыздырылған тілімшелер суыған сайын қайта-қайта қыздырылып, сонымен азапталатын болады», – деп айтты.

Сахабалар: «Уа, Расулалла! Ал зекеті берілмеген түйелер жайлы не айтасыз?» – деп сұрады. Сонда ол: «Дүниеде иемденген түйелерінің зекетін бермеген әрбір адам (түйелер су ішуге келгенде сауып, сүтін мұқтаждарға беру де түйелердің ақысын өтеудің бір түрі) қиямет күні теп-тегіс жазық алаңға етпетінен жатқызылып, түйелері күйлі қалпымен, кішкене ботасына дейін бірі қалмай әлгі адамды тұяқтарымен жаншып, тістерімен қыршып өтетін болады. Осылайша мерзімі елу мың жылға тең келетін бір күн бойы Алланың құлдары арасында үкім беріліп, әлгі адамға да не жұмақтың, не тозақтың жолы көрсетілгенше, түйелерінің алғашқысы өтсе, кейінгісі айналып келіп оны таптап, жаншып, азаптаумен болады», – деп айтты.

Сахабалар тағы: «Уа, Расулалла! Ал зекеті берілмеген сиыр мен қой туралы не айтасыз?» – деп сұрады. Сонда ол: «Дүниеде иемденген сиырлары мен қойларының зекетін бермеген әрбір адам қиямет күні теп-тегіс әрі кең алаңға етпетінен жатқызылып, қайқы мүйіздісі бар, мүйізсізі бар, мүйізі сынығы бар – сиырлары мен қойларының бірі қалмай оны мүйіздерімен сүзіп, тұяқтарымен жаншып өтетін болады. Осылайша мерзімі елу мың жылға тең келетін бір күн бойы Алланың құлдары арасында үкім беріліп, әлгі адамға да не жұмақтың, не тозақтың жолы көрсетілгенше, сиырлары мен қойларының алғашқысы өтсе, кейінгісі айналып келіп оны сүзіп, жаншып, азаптайтын болады», – деп айтты.

Сахабалар: «Уа, Расулалла! Ал жылқы туралы не айтасыз?» – деп тағы сұрай түсті. Сонда ол: «Жылқы үш түрлі болады: кей адамның соры, кей адамның қорғаны және кей адам үшін сауап көзі болады. Иесінің соры болар жылқыға келсек, иесі оларды өзгелердің алдында мақтану әрі көкірек керу мақсатында немесе мұсылмандарға қарсы соғыста қолдану үшін баптайды. Бұндай жылқы – иесінің соры. Иесінің қорғаны болар жылқыға келсек, иесі оларды Алла жолында ұстап, сол жылқыларының арқасында тапқан таянғанынан Алланың ақысын да беруді ұмытпайды. Бұндай жылқы иесінің (дүниеде пақырлықтан, ақыретте тозақ отынан) қорғаны болады. Ал иесіне мол сауап әкелетін жылқы болса, иесі оларды Алла жолында ұстап, мұсылмандардың игілігіне пайдалану үшін жайылымда немесе кең бақшада бағады. Оған жылқыларының әлгі жайылымда немесе бақшада жайылып жүріп жеген шөбінің мөлшерінде, сол жерде қалдырған тезегі мен төккен зәрінің мөлшерінде сауап жазылып отырады. Әрі жылқы жібінен босап кетіп, жайылымды бір-екі айнала шабатын болса, қалдырған әрбір ізі және тастаған тезегі мөлшерінде Алла Тағала оған сауап жазады. Сондай-ақ иесі оларды өзеннің жағалауымен айдап өткенде суғарғысы келмесе де, жылқылары өздігінен су ішсе, Алла Тағала оған жылқыларының ішкен суының мөлшеріндей сауап жазады», – деп айтты.

Сахабалар: «Уа, Расулалла! Ал есек жайында не айтасыз?» – деп және сұрады. Сонда ол: «Есек мәселесіне келсек, бұл жайында маған: «Кімде-кім мысқалдай жақсылық жасаса, соның қарымын алады. Ал кімде-кім мысқалдай жамандық жасаса, соның есесін көреді» деген мағынасы ауқымды әрі ерекше аяттан өзге уахи келген емес», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 2371, Муслим: 2290).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда наступит День воскресения, для каждого человека, который в этом мире обладал золотом и серебром, но не выплачивал с них закят, из его имущества изготовят широкие пластины, раскалят их в огне и станут прижигать ими его бока, лоб и спину. Каждый раз, когда эти пластины будут остывать, их станут раскалять вновь и продолжать мучить его ими в течение дня, равного по продолжительности пятидесяти тысячам лет, пока не будет вынесен суд между рабами Аллаха (и не станет известно, кому куда предстоит отправиться), а этому человеку не укажут путь либо в рай, либо в ад».

Сподвижники спросили: «О Посланник Аллаха! А что ты скажешь о верблюдах, с которых не был выплачен закят?» Он ответил: «Каждый человек, не выплачивавший закят с принадлежавших ему в этом мире верблюдов (доение верблюдов во время водопоя и раздача их молока нуждающимся также считаются одним из способов соблюдения их права), в День воскресения будет повергнут лицом вниз на совершенно ровной равнине. Все его верблюды, упитанные и без единого исключения, вплоть до самого маленького верблюжонка, станут топтать его копытами и терзать зубами. Так будет продолжаться в течение дня, равного по продолжительности пятидесяти тысячам лет, пока не будет вынесен суд между рабами Аллаха, а этому человеку не укажут путь либо в рай, либо в ад: как только по нему пройдут первые верблюды, следующие за ними будут возвращаться по кругу, вновь топча, давя и подвергая его мучениям».

Сподвижники снова спросили: «О Посланник Аллаха! А что ты скажешь о коровах и овцах, с которых не был выплачен закят?» Он ответил: «Каждый человек, не выплачивавший закят с принадлежавших ему в этом мире коров и овец, в День воскресения будет повергнут лицом вниз на совершенно ровной и просторной равнине. Все его коровы и овцы без единого исключения станут бодать его рогами и топтать копытами; среди них не будет ни животных с искривлёнными рогами, ни безрогих, ни животных со сломанными рогами. Так будет продолжаться в течение дня, равного по продолжительности пятидесяти тысячам лет, пока не будет вынесен суд между рабами Аллаха, а этому человеку не укажут путь либо в рай, либо в ад: как только по нему пройдут первые коровы и овцы, следующие за ними будут возвращаться по кругу, вновь бодая, топча и подвергая его мучениям».

Сподвижники вновь спросили: «О Посланник Аллаха! А что ты скажешь о лошадях?» Он ответил: «Лошади бывают трёх видов: для одного человека они становятся причиной греха, для другого – защитой, а для третьего – источником награды. Что касается лошадей, становящихся для своего владельца причиной греха, то он держит их ради хвастовства перед людьми и высокомерия либо для использования в войне против мусульман. Такие лошади становятся для своего владельца причиной греха.

Что касается лошадей, служащих защитой для своего владельца, то он содержит их на пути Аллаха и не забывает отдавать причитающееся Аллаху из того, что приобретает благодаря этим лошадям. Такие лошади становятся для своего владельца защитой (от бедности в этом мире и от огня ада в мире вечном).

Что же касается лошадей, приносящих своему владельцу обильную награду, то он содержит их на пути Аллаха и пасёт на пастбище или в просторном саду, чтобы использовать на благо мусульман. Ему будет записана награда соразмерно количеству травы, съеденной его лошадьми на этом пастбище или в саду, а также количеству оставленных ими там навоза и мочи. Если какая-либо из его лошадей сорвётся с привязи и промчится по одному или двум холмам, Аллах Всевышний запишет ему награду за каждый оставленный ею след и каждую кучку помёта. Если же владелец проведёт лошадей вдоль берега реки и они сами напьются из неё, хотя он не намеревался их поить, Аллах Всевышний запишет ему награду соразмерно количеству выпитой ими воды».

Сподвижники спросили: «О Посланник Аллаха! А что ты скажешь об ослах?» Он ответил: «Что касается ослов, то о них мне не было ниспослано иного откровения, кроме одного всеобъемлющего и исключительного аята: “Кто совершит добро весом с пылинку, получит воздаяние за него. А кто совершит зло весом с пылинку, увидит воздаяние за него” (Коран, 99:7⁠–⁠8)» (Аль-Бухари: 2371; Муслим: 2290).