عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: لَمَّا تُوُفِّيَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ – وَكَانَ أَبُو بَكْرٍ – وَكَفَرَ مَنْ كَفَرَ مِنَ الْعَرَبِ، فَقَالَ عُمَرُ: كَيْفَ تُقَاتِلُ النَّاسَ وَقَدْ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أُمِرْتُ أَنْ أُقَاتِلَ النَّاسَ حَتَّى يَقُولوُا لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، فَمَنْ قَالَهَا فَقَدْ عَصَمَ مِنِّى مَالَهُ وَنَفْسَهُ إِلَّا بِحَقِّهِ، وَحِسَابُهُ عَلَى اللَّه» فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ: وَاللَّهِ لأُقَاتِلَنَّ مَنْ فَرَّقَ بين الصَّلَاةِ وَالزَّكَاةِ، فَإِنَّ الزَّكَاةَ حَقُّ الْمَالِ. وَاللَّهِ لَوْ مَنَعُونِى عِقَالًا كَانُوا يُؤدُّونَهُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، لَقَاتَلْتُهُمْ عَلَى مَنْعِهِ. قَالَ عُمَرُ: فَوَاللَّهِ مَا هُوَ إِلَّا أَنْ رَأَيْتُ اللَّهَ قَدْ شَرَحَ صَدْرَ أَبِى بَكْرٍ لِلقِتَالِ، فَعَرَفْتُ أَنَّهُ الْحَقُّ
Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ дүние салғаннан кейін, Әбу Бәкір (р.а.) халифа болып тағайындалды. Сол кездері кейбір араб тайпалары діннен шықты. Әбу Бәкір (р.а.) діннен шыққан арабтарға қарсы соғыс ашқанда, Омар (р.а.) оған: «Сен оларға қарсы қалай соғыспақсың? Алла елшісі: «Мен мына адамдар (яғни, мүшріктер) Алладан басқа тәңір жоқ деп айтпайынша, олармен шайқасуға бұйырылдым. Кімде-кім сөйтіп айтса, Ислам дінінің ақысынан өзге менен жандары мен дүние-мүліктерін аман алып қалады. Ал енді олардың иман еткендегі шынайылығы мен түпкі ниетіне келсек, оның есебін Аллаға беретін болады», – деп айтпап па еді, – деді. Сонда Әбу Бәкір (р.а.): «Алланың атымен ант етейін! Намаз бен зекеттің аражігін ажыратқандармен қайткен күнде де шайқасамын. Расында, зекет – қолдағы мал-мүліктің ақысы. Уаллаһи! Егер олар кезінде Алла елшісіне төлеп тұрған дүниеден, тіпті түйенің ноқтасын болса да менен аяп қалса, сол үшін де олармен шайқасамын», – деп байлау айтты. Соңында Омар (р.а.): «Уаллаһи! Мен сонда зекет бермейміз дегендермен соғысуға қатысты байлауды Әбу Бәкірдің көкейіне Алланың Өзі салғанына нақты көзім жетіп, соның хақ екенін аңғардым», – деген», – деп айтты (Бұхари: 1399, Муслим: 1400, Ахмад: 8904).
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «После кончины Посланника Аллаха ﷺ Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) был назначен халифом. В то время некоторые арабские племена отступили от религии. Когда Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) выступил против отступивших от религии арабов, Умар (да будет доволен им Аллах) спросил его: “Как ты собираешься сражаться с ними? Разве Посланник Аллаха ﷺ не сказал: ‘Мне было велено сражаться с этими людьми (то есть с многобожниками), пока они не скажут, что нет божества, кроме Аллаха. Кто произнесёт эти слова, тот защитит от меня свою жизнь и имущество, кроме как по праву ислама. Что же касается искренности их веры и истинных намерений, то за это они будут держать ответ перед Аллахом’?” Тогда Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) сказал: “Клянусь Аллахом! Я непременно буду сражаться с теми, кто отделяет молитву от закята. Воистину, закят – обязательная выплата с имущества. Клянусь Аллахом! Если они откажутся отдать мне хотя бы верблюжий недоуздок из того, что прежде отдавали Посланнику Аллаха ﷺ, я буду сражаться с ними даже из-за этого”. Впоследствии Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: “Клянусь Аллахом! Тогда я твёрдо убедился, что Сам Аллах вложил в сердце Абу Бакра решимость сражаться с теми, кто отказался выплачивать закят, и понял, что это решение было правильным”» (Аль-Бухари: 1399; Муслим: 1400; Ахмад: 8904).