Хадис

Риядус-салихин, № 191

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
23. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю
Нөмірі
№ 191 (қазақша басылым реті)
191
Риядус-салихин, № 191Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِى سعيد الْخُدرِى عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِيَّاكُمْ وَالجُلُوسَ فِى الطُّرُقَاتِ!» فَقَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا لنا مِنْ مجالِسِنا بُدٌّ، نتحدث فِيهَا. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «فَإِذَا أبَيْتُمْ إِلَّا الْمَجْلِسَ، فَأَعْطُوا الطَّرِيقَ حَقَّهُ». قَالُوا: وما حَقُّ الطَّرِيقِ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: «غَضُّ الْبَصَرِ، وَكَفُّ الْأَذَى، وَرَدُّ السَّلَامِ، وَالْأمْرُ بِالمَعْرُوفِ، والنَّهيُ عَنْ الْمُنْكَرِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағидтен (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ сахабаларға: «Жолдың бойында отырмаңдар», – деп ескертті. Сахабалар: «Уа, Расулалла! Біз жол бойында отыруға мәжбүрміз, өйткені жол бойында отырып өзара сөйлесіп, (кейбір мәселелерді талқылаймыз)», – деді. Алла елшісі: «Жол бойында міндетті түрде отыру керек болса, онда жолдың ақысын беріңдер», – деді. Сахабалар: «Уа, Расулалла! Жолдың ақысы деген не?» – деп сұрады. Расулалла: «Көзді харамнан сақтау, ары-бері өткендерге кедергі келтірмеу, амандасқанға сәлем беру және адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 6229; Муслим: 5563; Ахмад: 11309).

Орысша аудармасы

Абу Саид (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Пророк ﷺ предостерёг сподвижников: “Не сидите у дороги”. Сподвижники сказали: “О Посланник Аллаха! Нам приходится сидеть у дороги, поскольку там мы беседуем друг с другом (и обсуждаем некоторые вопросы)”. Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если вам всё же необходимо сидеть у дороги, тогда отдавайте дороге должное”. Сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Что значит отдавать дороге должное?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Это значит оберегать взор от запретного, не мешать прохожим, отвечать на приветствие, призывать людей к добру и удерживать от зла”» (Аль-Бухари: 6229; Муслим: 5563; Ахмад: 11309).