عَنِ ابْنِ عَبَّاس: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ رأى خاتَمًا مِنْ ذهبٍ فِى يدِ رجلٍ فنَزعه فطرحه وَقَالَ: «يَعْمدُ أَحَدُكُمْ إِلَى جَمْرَةٍ مِنْ نَارٍ فَيَجْعَلُهَا فِى يَدِهِ!» فقِيلَ لِلرَّجُلِ بَعْدَمَا ذهب رَسُول اللَّهِ ﷺ: خُذْ خَاتَمَكَ انْتَفِعْ بِهِ. قَالَ: لَا واللَّه لَا آخُذُهُ أبَدًا وَقَدْ طَرَحَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ
Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ бір сахабасының қолынан алтын жүзік көріп, оны шешіп алып, лақтырып жіберді де: «Араларыңда әлдекім өздігінен (тозақ) отының қып-қызыл шоғына ұмтылып, оны қолына тағып алыпты», – деді. Расулалла кетіп қалған соң әлгі адамға жолдастары: «Жүзігіңді алып, (басқа жолда) пайдалан», – дегенде, ол: «Жоқ. Алланың атымен ант етейін! Алла елшісі лақтырып тастаған жүзікті қолыма қайтып алмаспын», – деп айтты», – деген (Муслим: 5472).
Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ увидел золотое кольцо на руке одного из своих сподвижников, снял его и отбросил в сторону, сказав: “Один из вас по собственной воле тянется к раскалённому угольку (адского) огня и надевает его себе на руку!” Когда Посланник Аллаха ﷺ ушёл, товарищи сказали тому человеку: “Возьми своё кольцо и используй его (каким-либо иным образом)”. Однако он ответил: “Нет! Клянусь Аллахом! Я никогда не возьму обратно кольцо, которое выбросил Посланник Аллаха ﷺ”» (Муслим: 5472).