عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ أَوَّلَ مَا دَخَلَ النَّقْصُ عَلَى بَنِى إِسْرَائِيلَ أَنَّهُ كَانَ الرَّجُلُ يَلْقَى الرَّجُلَ، فَيَقُولُ: يَا هَذَا، اتَّقِ اللَّه ودَعْ مَا تَصْنَعُ فَإِنَّهُ لَا يَحِلُّ لَكَ، ثُمَّ يَلْقَاهُ مِنَ الْغَدِ وَهُوَ عَلَى حَالِهِ، فَلَا يَمْنَعُهُ ذَلِكَ أَنْ يَكُونَ أكِيلَهُ وَشَرِيبَهُ وَقَعيدَهُ، فَلَمَّا فَعَلُوا ذَلِكَ ضَرَبَ اللَّهُ قُلُوبَ بَعْضِهِمْ بِبَعْضٍ» ثُمَّ قَالَ: «لُعِنَ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ بَنِى إِسْرائيلَ عَلَى لِسَانِ دَاوُدَ وَعِيسَى ابْنِ مَرْيَمَ ذَلِكَ بِمَا عَصَوْا وَكَانُوا يَعْتَدُونَ كَانُوا لَا يَتَنَاهَوْنَ عَنْ مُنْكَرٍ فَعَلُوهُ لَبِئْسَ مَا كَانُوا يَفْعَلُونَ تَرَى كَثِيرًا مِنْهُمْ يَتَوَلَّوْنَ الَّذِينَ كَفَرُوا لَبِئْسَ مَا قَدَّمَتْ لَهُمْ أَنْفُسُهُمْ» – إِلَى قوله – «فاسِقُونَ» [المائدة: 78– 81] ثُمَّ قَالَ: «كَلاَّ، وَاللَّهِ لَتَأمُرُنَّ بِالْمَعْرُوفِ، وَلَتَنْهَوُنَّ عَنِ الْمُنْكَرِ، وَلَتَأْخُذُنَّ عَلَى يَدِ الظَّالِمِ، وَلَتَأطِرُنَّهُ عَلَى الْحَقِّ أطْرًا، وَلَتَقْصُرُنَّه عَلَى الْحَقِّ قَصْرًا، أَوْ لَيَضْرِبَنَّ اللَّهُ بقُلُوبِ بَعْضِكُمْ عَلَى بَعْضٍ، ثُمَّ ليَلْعَننكُمْ كَمَا لَعَنَهُمْ»
Ибн Масғуд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Исрайылұлдарының (діни тұрғыдан) құлдырауы олардың бірі екіншісіне кезіккенде: «Әй, сен осы Алладан қорықсаңшы! Мына қылығыңды қой, олай істеуге болмайды», – деп айтып алып, ертесі күні әлгі күнәһардың тыйылмағанын көрсе де, түк болмағандай онымен бірге баяғыша ішіп-жеп, дос болып жүре беруден басталған. Олар солай істеген соң, Алла Тағала олардың арасына жік түсіріп (бір-біріне дұшпан қылды) – деп, мына аятты оқыды: «Исрайылұлдарынан күпірлік қылғандар Дәуіт пен Мәриямұлы Исаның тілімен лағынеттелді, өйткені олар бойсұнудан бас тартып, (күнә істеуде) шектен шықты. Сондай-ақ олар бір-бірін жамандық атаулыдан тимайтын еді. Расында, олардың бұл қылығы қандай жаман! Басым көпшілігінің кәпірлерді дос тұтқанын көресің. Олардың (ақырет күніне) дайындығы қандай жаман! Шынында, олар (осы қылықтарының кесірінен) Алланың қаһарына ұшырады, сондықтан (тозақта) мәңгі-бақи азап шегеді. Егер олар Аллаға, пайғамбарға және оған түсірілген (кітапқа) иман келтірсе, кәпірлерді дос тұтпас еді. Алайда олардың көбі түзу жолдан тайғандар»1. Соңында Расулалла: «Жоқ, Алланың атымен ант етейін! Сендер міндетті түрде жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын боласыңдар. Залымның қолын байлап, оны хақ жолға салып, әрі сол жолдан таймауына кепіл боласыңдар. Әйтпесе, Алла Тағала ауызбіршіліктеріңді бұзып, Исрайылұлдарын лағынеттегендей сендерді де қарғысқа ұшыратады», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 4336; Тирмизи: 3047; Ахмад: 3713).
Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Религиозный упадок сынов Исраиля начался с того, что один из них, встретив другого, говорил ему: “Эй ты, побойся Аллаха! Оставь этот свой поступок, ведь так поступать нельзя”. Однако на следующий день, увидев, что тот грешник так и не прекратил грешить, он как ни в чём не бывало продолжал есть и пить вместе с ним и поддерживать с ним дружбу. Когда они стали поступать так, Аллах посеял между ними раздор (сделал их врагами друг другу)».
Затем Посланник Аллаха ﷺ прочитал следующий аят: «Те из сынов Исраиля, которые впали в неверие, были прокляты устами Дауда и Исы, сына Марьям, потому что они отказались повиноваться и преступали пределы (в совершении грехов). Они также не удерживали друг друга ни от какого зла. Как же скверно было то, что они делали! Ты видишь, что большинство из них считает неверующих своими друзьями. Как же скверно то, что они приготовили себе (для Дня воскресения)! Воистину, они (из-за этих своих поступков) навлекли на себя гнев Аллаха и потому будут вечно подвергаться мучениям (в аду). Если бы они веровали в Аллаха, пророка и ниспосланное ему (Писание), то не брали бы неверующих себе в друзья. Однако многие из них сошли с прямого пути»1.
В заключение Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Нет, клянусь Аллахом! Вы непременно будете призывать к добру и удерживать от зла. Вы будете удерживать руку притеснителя, направлять его на путь истины и следить за тем, чтобы он не сходил с этого пути. В противном случае Аллах нарушит ваше единство и проклянёт вас так же, как проклял сынов Исраиля» (Абу Дауд: 4336; Ат-Тирмизи: 3047; Ахмад: 3713).
- 1«Мәида» сүресі, 78-81-аяттар
- 1Сура «Маида», аяты 78–81.