Хадис

Риядус-салихин, № 198

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
23. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю
Нөмірі
№ 198 (қазақша басылым реті)
198
Риядус-салихин, № 198Риуаят етуші: Әбу Бәкір (р.а.)

عَنْ أَبِى بَكْر الصديق، قَالَ: يَا أيّها النَّاس، إِنّكم لتَقرؤُون هَذِهِ الآية: «يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا عَلَيْكُمْ أَنْفُسَكُمْ لَا يَضُرُّكُمْ مَنْ ضَلَّ إِذَا اهْتَدَيْتُمْ» [المائدة: 105] وإِنِى سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ النَّاسَ إِذَا رَأَوُا الظَّالِمَ فَلَمْ يأخُذُوا عَلَى يَدَيْهِ أوشَكَ أَنْ يَعُمَّهُمُ اللَّهُ بِعِقَابٍ مِنْهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкір Сыддық (р.а.): «Уа, халайық! Сендер, «Әй мүміндер! Алдымен өздерің түзеліңдер. Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесірін тигізе алмайды»1 деген аятты оқып, оны дұрыс түсінбей жүрсіңдер. Мен Алла елшісінің ﷺ: «Егер адамдар залымның залымдығын көре тұра, оған тоқтам салмаса, көп ұзамай-ақ, Алла Тағала залымдармен бірге оларды да азаптайды», – деп айтқанын естідім», – деген (Әбу Дәуіт: 4338; Тирмизи: 2168,3047; Нәсәи: 11092; Ахмад: 1).

Орысша аудармасы

Абу Бакр ас-Сиддик (да будет доволен им Аллах) сказал: «О люди! Вы читаете аят: “О верующие! Прежде всего исправляйте самих себя. Если вы следуете прямым путём, заблудший не причинит вам вреда”1, однако понимаете его неправильно. Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если люди, видя несправедливость притеснителя, не остановят его, то вскоре Аллах Всевышний подвергнет наказанию и их вместе с притеснителями”» (Абу Дауд: 4338; Ат-Тирмизи: 2168, 3047; Ан-Насаи: 11092; Ахмад: 1).

  1. 1«Мәида» сүресі, 105-аят
  1. 1Сура «Маида», аят 105.