عَنْ أَنَس أن فَتَىً مِنْ أَسْلَمَ، قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّى أُرِيدُ الْغَزْوَ وَلَيْسَ مَعِيَ مَا أَتَجهَّزُ بِهِ، قَالَ: «ائْتِ فُلَانًا فَإِنَّهُ قَدْ كَانَ تَجَهَّزَ فَمَرِضَ» فَأتَاهُ، فَقَالَ: إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يُقْرِئُكَ السَّلَامَ، وَيَقُولُ: أعْطِنِى الَّذِى تَجَهَّزْتَ بِهِ. قَالَ: يَا فُلَانَةُ، أعْطِيهِ الَّذِى كُنْتُ تَجَهَّزْتُ بِهِ، وَلَا تَحْبِسِى عَنْهُ شَيْئًا، فَوَاللَّهِ لَا تَحْبِسِى مِنْهُ شَيْئًا فَيُبَارَكَ لَكِ فِيهِ
Әнәс (р.а.): «Бірде Әсләм руынан шыққан бір жас жігіт Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Уа, Расулалла! Мен де жорыққа шыққым келеді, бірақ ешбір дайындығым жоқ», – деп мұңын шақты. Сонда Алла елшісі оған: «Пәлен кісіге (менің атымнан) бар. Ол жорыққа шығу үшін барлық керек-жарағын сайлап алған еді. Алайда өзі аяқ астынан ауырып қалды», – деді. Пайғамбарымыздың айтуымен ол сырқаттанып жатқан кісіге келіп: «Алла елшісі саған сәлем айтып жатыр, жорыққа шығу үшін әзірлеген дүниеңді маған берсін деді», – деп айтты. Науқас кісі әйелінің атын атап: «Әй, пәленше! Мына жігітке жорыққа деп дайындаған сауыт-саймандарым мен өзге керек-жарағымның бірін қалдырмай бер. Алланың атымен ант етейін! Мына жігіттен еш нәрсені аяма, сонда оның берекесі мен сауабы саған да тиеді», – деп айтты», – деген (Муслим: 4904, Ахмад: 11301).
Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды юноша из племени Аслам пришёл к Пророку ﷺ и пожаловался: “О Посланник Аллаха! Я тоже хочу отправиться в поход, но у меня нет никакого снаряжения”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: “Ступай к такому-то (от моего имени). Он приготовил всё необходимое для похода, но внезапно заболел”. По велению Пророка ﷺ юноша пришёл к заболевшему человеку и сказал: “Посланник Аллаха передаёт тебе приветствие и велел отдать мне всё, что ты приготовил для похода”. Тогда больной, обратившись к жене по имени, сказал: “О такая-то! Отдай этому юноше всё моё снаряжение и прочие припасы, приготовленные для похода, не оставляя ничего. Клянусь Аллахом! Ничего для него не жалей, и тогда благодать и награда за это достанутся и тебе”» (Муслим: 4904; Ахмад: 11301).