Хадис

Риядус-салихин, № 1310

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
234. Алла жолындағы күрес
Нөмірі
№ 1310 (қазақша басылым реті)
1310
Риядус-салихин, № 1310Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَعَثَ إِلَى بَنِى لَحْيَانَ، فَقَالَ: «لِيَنْبَعِثْ مِنْ كُلِّ رَجُلَيْنِ أَحَدُهُمَا، وَالْأَجْرُ بَيْنَهُمَا» وَفِى رِوَايَةٍ لَهُ: «لِيَخْرُجَ مِنْ كُلِّ رَجُلَيْنِ رَجُلٌ» ثُمَّ قَالَ للقاعد: «أيُّكُمْ خَلَفَ الْخَارِجَ فِى أَهْلِهِ وَمَالِهِ بِخيْرٍ كَانَ لَهُ مِثْلُ نِصْفِ أجْرِ الْخَارِجِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ Лахиянұлдары тайпасына кісі жіберіп: «Әр екі еркектің біреуі (Алла жолына) аттансын, (енді біреуі өзінің һәм жорыққа аттанған бауырының отбасына қарайласып елде қалсын), әжір-сауап екеуіне теңдей бөлінеді», – деп айтты, – деген (Муслим: 4904, Ахмад: 11301).

Имам Муслимде келген хадистің басқа нұсқасында: Алла елшісі ﷺ: «Әр екі еркектің біреуі (Алла жолына) аттансын», – деген. Содан кейін елде қалатын адамға: «Қайсыбірің жорыққа аттанған адамның отбасы мен дүние-мүлкіне жақсылап қарайласатын болса, соған жорыққа аттанған кісінің әжір-сауабының тең жартысындай сауап жазылады», – деген».

Орысша аудармасы

Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ, отправляя отряд к племени Бану Лихьян, сказал: «Пусть из каждых двух мужчин один отправится (на путь Аллаха), а другой (останется дома, заботясь как о своей семье, так и о семье своего брата, отправившегося в поход); награда будет разделена между ними поровну» (Муслим: 4904; Ахмад: 11301).

В другой версии этого хадиса, приведённой имамом Муслимом, сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть из каждых двух мужчин один отправится (на путь Аллаха)». Затем, обращаясь к тому, кто останется дома, он сказал: «Тому из вас, кто будет должным образом заботиться о семье и имуществе отправившегося в поход, запишется награда, равная половине награды участника похода».