عَنْ أَنَس قَالَ: انْطَلَقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَصْحَابُهُ حَتَّى سَبَقُوا الْمُشْرِكِينَ إِلَى بَدْرٍ، وَجَاءَ الْمُشْرِكُونَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَقْدمَنَّ أَحَدٌ مِنْكُمْ إِلَى شَيْءٍ حَتَّى أكُونَ أَنَا دُونَهُ». فَدَنَا الْمُشْرِكُونَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قُومُوا إِلَى جَنَّةٍ عَرْضُهَا السَّمَاوَاتُ وَالْأَرْضُ» قَالَ: يَقُولُ عُمَيْرُ بْنِ الْحُمَامِ الْأنْصَارِيُّ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، جَنَّةٌ عَرْضُهَا السَّمَاوَاتُ وَالْأَرْضُ؟ قَالَ: «نَعَمْ» قَالَ: بَخٍ بَخٍ؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا يَحْمِلُكَ عَلَى قَولِكَ بَخٍ بَخٍ؟» قَالَ: لَا وَاللَّهِ يَا رَسُولَ اللَّهِ إِلَّا رَجَاءَ أَنْ أَكُونَ مِنْ أَهْلِهَا، قَالَ: «فَإِنَّكَ مِنْ أَهْلِهَا» فَأخْرَجَ تَمَرَاتٍ مِنْ قَرَنِهِ، فَجَعَلَ يَأكُلُ مِنْهُنَّ، ثُمَّ قَالَ: لَئِنْ أَنَا حَييتُ حَتَّى آكُلَ تَمَرَاتِى هَذِهِ إِنّهَا لَحَياةٌ طَوِيلَةٌ، فَرَمَى بِمَا كَانَ مَعَهُ مِنَ التَّمْرِ، ثُمَّ قَاتَلَهُمْ حَتَّى قُتِلَ
Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ мен сахабалары ерте қозғалып, Бәдірге мүшріктерден бұрын жетті. Мүшріктердің қалың қолы Бәдірге келіп жеткенде, Алла елшісі сахабаларына: «Ешбірің менің пәрменімсіз қандай да бір іске өздігінен кірісуші болмасын», – деп ескертті. Мүшріктердің қолы тақап қалғанда, Алла елшісі: «Ал енді, ені жеті қат аспан мен жердің арасындай болған жұмаққа кіру үшін түрегеліңдер!» – деп пәрмен берді. Сонда Умәйр ибн әл-Хумәм әл-Ансари (р.а.): «Уа, Расулалла! «Ені жеті қат аспан мен жердің арасындай» – дедіңіз бе?» – деп сұрады. Расулалла оған: «Иә», – дегенде, ол: «Қандай жақсы! Қандай керемет!» – деп қуанып кетті. Алла елшісі оған: «Бұлай деуіңе не түрткі болды?» – деп сұрады. Сонда ол: «Уа, Расулалла! Алланың атымен ант етейін! Жұмаққа кіретіндердің қатарында болғым келгені үшін ғана сөйтіп айттым», – деп жауап берді. Сол кезде Алла елшісі оны: «Сен жұмақтықсың», – деп сүйіншіледі. Сонда ол қорамсағынан бірнеше түйір құрма шығарып, жеуге кірісті. Алайда бір-екі түйірін жегеннен кейін: «Мына құрмаларды тауысып бітіргенше өмір сүру мен үшін тым ұзақ», – деп, қолындағы құрмаларын тас-тай салып, ұрысқа қойып кетті де, жау қолынан қаза тапқанша шайқасты», – деген (Муслим: 4915, Ахмад: 12398).
Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Посланник Аллаха ﷺ и его сподвижники рано выступили в путь и прибыли к Бадру раньше многобожников. Когда многочисленное войско многобожников прибыло к Бадру, Посланник Аллаха ﷺ предупредил сподвижников: “Пусть никто из вас не предпринимает никаких действий без моего повеления”. Когда войско многобожников приблизилось, Посланник Аллаха ﷺ повелел: “А теперь поднимайтесь, чтобы войти в рай, ширина которого равна ширине семи небес и земли!”
Тогда Умайр ибн аль-Хумам аль-Ансари (да будет доволен им Аллах) спросил: “О Посланник Аллаха! Вы сказали: ‘Ширина которого равна ширине семи небес и земли’?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Да”. Услышав это, он радостно воскликнул: “Как прекрасно! Как замечательно!” Посланник Аллаха ﷺ спросил его: “Что побудило тебя сказать это?” Он ответил: “О Посланник Аллаха! Клянусь Аллахом, я сказал это лишь потому, что желаю оказаться среди обитателей рая”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ обрадовал его вестью: “Ты – один из обитателей рая”.
После этого Умайр достал из своего колчана несколько фиников и принялся их есть. Однако, съев один или два финика, он сказал: “Если я проживу столько, сколько потребуется, чтобы доесть эти финики, это будет слишком долгая жизнь для меня”. Затем он выбросил оставшиеся в руке финики, устремился в бой и сражался, пока не погиб от рук врага» (Муслим: 4915; Ахмад: 12398).