وَعَنْهُ، قَالَ: جَاءَ نَاسٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ أن ابْعَثْ مَعَنَا رِجَالًا يُعَلِّمُونَا الْقُرْآنَ وَالسُّنَّةَ، فَبَعَثَ إِلَيْهِمْ سَبْعِينَ رَجُلًا مِنَ الْأنْصَارِ يُقَالُ لَهُمْ: الْقُرّاءُ، فِيهِم خَالِى حَرَامٌ، يَقْرَؤُونَ الْقُرْآنَ، وَيَتَدَارَسُونَ بِاللَّيْلِ يَتَعَلَّمُونَ، وَكَانُوا بِالنَّهَارِ يَجِيئُونَ بِالمَاءِ، فَيَضَعُونَهُ فِى الْمَسْجِدِ، وَيَحْتَطِبُونَ فَيَبِيعُونَهُ، وَيَشْتَرُونَ بِهِ الطَّعَامَ لأَهْلِ الصُّفَّةِ، وَلِلفُقَرَاءِ، فَبَعَثَهُمُ النَّبِيُّ ﷺ، فَعَرَضُوا لَهُمْ فَقَتَلُوهُمْ قَبْلَ أَنْ يَبْلغُوا الْمَكَانَ، فَقَالُوا: اللَّهُمَّ بَلِّغْ عَنَّا نَبِيَّنَا أَنَّا قَدْ لَقِينَاكَ فَرضِينَا عَنْكَ وَرَضِيتَ عَنَّا، وَأتَى رَجُلٌ حَرَامًا خَالَ أنَسٍ مِنْ خَلْفِهِ، فَطَعَنَهُ بِرُمْحٍ حَتَّى أنْفَذَه، فَقَالَ حَرَامٌ: فُزْتُ وَرَبِّ الْكَعْبَةِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ إِخْوَانَكُمْ قَدْ قُتِلُوا وَإِنَّهُمْ قَالُوا: اللَّهُمَّ بَلِّغْ عَنَّا نَبِيَّنَا أَنَّا قَدْ لَقِينَاكَ فَرَضِينَا عَنْكَ وَرَضِيتَ عَنَّا»
Әнәс (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызға ﷺ бір топ адам келіп: «Бізге Құран мен Сүннетті үйрететін біраз адам жіберсеңіз», – деп өтініш жасады. Сонда Алла елшісі ансарлардың ішінен «қарилар» деген атпен танымал жетпіс адамды соларға қосып жіберді. Олардың ішінде нағашы ағам Харам да бар еді. Аталмыш жетпіс сахаба түнде Құран оқып, оны өзара зерделеп, үкімдерін үйренумен болатын. Ал күндіз мешітке су тасып, отын жинап әкеліп, оны саудалап, содан түскен азын-аулақ ақшаға азық сатып алып, Суффа тұрғындары мен басқа да жоқ-жітіктерге үлестіріп беретін. Алла елшісі оларды әлгі қауымға (ұстаздық етсін деп) жіберген еді. Алайда олар бұларға орта жолда қастандық жасап, барар жерлеріне жеткізбей-ақ, бірін қалдырмай қырып салады. Ансарлық сахабалар қастандыққа ұшыраған сәтте: «Уа, Алла! Өзіңе қауышып, Өзіңнен разы болғанымыз жайлы және Өзіңнің де бізге разы екеніңнен Пайғамбарымызды хабардар еткейсің», – деп дұға етті», – деген.
Осы хадисті жеткізген рауилердің бірі: «Сол кезде жаудың бірі Әнәстің нағашы ағасы Харамның артынан білдірмей жақындап келіп найзасымен шаншығанда, найзаның ұшы көкірегін тесіп шығады. Харам (р.а.) ақтық сәтінде: «Қағбаның Раббысына ант етейін! Мен ұттым (яғни, мәңгілік бақытқа қол жеткіздім)», – деді. Алла елшісі жарты жолда қастандыққа ұшыраған сахабаларының хабарын алғанда: «Бауырларың қастандыққа ұшырап қаза тапты. Олар ақтық сәтте: «Уа, Алла Тағалам! Өзіңе қауышып Сенен разы болғанымыз жайлы және Сенің де бізден разы екеніңнен Пайғамбарымызды хабардар ет», – деп дұға етті», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2801, Муслим: 3801, Ахмад: 13854).
Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды к Пророку ﷺ пришла группа людей и попросила: “Пошли с нами несколько человек, которые обучали бы нас Корану и Сунне”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ отправил вместе с ними семьдесят человек из числа ансаров, известных как “чтецы Корана”. Среди них был и мой дядя по матери Харам. Эти семьдесят сподвижников по ночам читали Коран, совместно изучали его и постигали его установления. Днём же они доставляли воду в мечеть, собирали и приносили дрова, продавали их, а на вырученные небольшие деньги покупали еду и раздавали её обитателям Суффы и другим нуждающимся. Посланник Аллаха ﷺ отправил их к тому народу (чтобы они обучали его). Однако по пути те устроили им засаду и, не дав добраться до места назначения, перебили всех до единого.
Когда сподвижники из числа ансаров подверглись нападению, они воззвали: “О Аллах! Сообщи нашему Пророку, что мы встретили Тебя, будучи довольны Тобой, и что Ты также доволен нами”».
Один из передатчиков этого хадиса сказал: «Тогда один из врагов незаметно подкрался сзади к Хараму, дяде Анаса по матери, и пронзил его копьём так, что наконечник вышел из его груди. В свой последний миг Харам (да будет доволен им Аллах) сказал: “Клянусь Господом Каабы! Я преуспел (то есть обрёл вечное счастье)”. Когда Посланник Аллаха ﷺ узнал о своих сподвижниках, подвергшихся нападению по дороге, он сказал: “Ваши братья подверглись нападению и погибли. В свой последний миг они воззвали: ‘О Аллах Всевышний! Сообщи нашему Пророку, что мы встретили Тебя, будучи довольны Тобой, и что Ты также доволен нами’”» (Аль-Бухари: 2801; Муслим: 3801; Ахмад: 13854).