Хадис

Риядус-салихин, № 1318

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
234. Алла жолындағы күрес
Нөмірі
№ 1318 (қазақша басылым реті)
1318
Риядус-салихин, № 1318Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: غَابَ عَمِّى أنسُ بنُ النَّضْرِ عَنْ قِتَالِ بَدْرٍ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، غِبْتُ عَنْ أَوَّلِ قِتَالٍ قَاتَلْتَ الْمُشْرِكِينَ، لَئِنِ اللَّهُ أشْهَدَنِى قِتَالَ الْمُشْرِكِينَ لَيَرَيَنَّ اللَّهُ مَا أصْنَعُ. فَلَمَّا كَانَ يَوْمُ أُحُدٍ انْكَشَفَ الْمُسْلِمُونَ فَقَالَ: اللَّهُمَّ إِنِّى اعْتَذِرُ إِلَيْكَ مِمَّا صَنَعَ هؤُلاءُ – يعني: أَصْحَابَهُ – وَأبْرَأُ إِلَيْكَ مِمَّا صَنَعَ هؤُلاءِ – يَعنِى: الْمُشْرِكِينَ – ثُمَّ تَقَدَّمَ فَاسْتَقْبَلَهُ سَعْدُ بنُ مُعَاذٍ فَقَالَ: يَا سَعَدَ بنَ مُعَاذٍ، الْجَنَّةَ وَرَبِّ النَّضْرِ، إِنِّى أجِدُ رِيحَهَا مِنْ دُونِ أُحُدٍ! فَقَالَ سَعْدٌ: فَمَا اسْتَطَعْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ مَا صَنَعَ! قَالَ أنسٌ: فَوَجدْنَا بِهِ بِضعًا وَثَمَانِينَ ضَربَةً بِالسَّيْفِ، أَوْ طَعْنَةً برُمح أَوْ رَمْيةً بِسَهْمٍ، وَوَجَدْنَاهُ قَدْ قُتِلَ وَمَثَّلَ بِهِ الْمُشْرِكُونَ، فَمَا عَرَفَهُ أَحَدٌ إِلَّا أُخْتُهُ بِبَنَانِهِ. قَالَ أنسٌ: كُنَّا نَرَى – أَوْ نَظُنُّ – أَنَّ هَذِهِ الآية نَزَلتْ فِيهِ وَفي أشْبَاهِهِ: «مِنَ الْمُؤْمِنِينَ رِجَالٌ صَدَقُوا مَا عَاهَدُوا اللَّهَ عَلَيْهِ فَمِنْهُمْ مَنْ قَضَى نَحْبَهُ» [الأحزاب: 23] إِلَى آخرها

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Көкем Әнас ибн ән-Надр (р.а.) Бәдір шайқасына қатыса алмаған еді. Содан ол (өкініштен өзегі өртеніп): «Уа, Расулалла! Мүшріктермен болған алғашқы шайқасыңызға қатыса алмадым. Егер Алла алдағы уақытта маған мүшріктермен соғысуды жазса, Алла менің оларға не істейтінімді «көреді»,1 деді. Содан Ұхұд шайқасы болған күні мұсылмандардың майдандағы шебі бұзылып, жан-жаққа бытырап кетті. Сонда көкем қатты күйініп: «Уа, Алла! Мыналардың (мұсылмандардың) істеген ісі үшін Өзіңнен кешірім өтінем, ал аналардың (мүшріктердің) істеген ісіне менің еш қатысым жоқ (екеніне Өзің куә болғайсың)», – деді де, алға қарай ұмтылды. Сол-ақ екен алдынан Сағд ибн Мұғаз шыға келді. Сонда оған: «Әй, Мұғаздың ұлы Сағд! Жаннат! Надырдың Раббысымен ант етемін! Мен оның хош иісін Ұхұд тауының бөктерінен сезіп тұрмын!» – деді. Кейін Сағд осы оқиғаны баяндағанында: «Уа, Расулалла! Мен оның істегенін істей алмадым», – деген еді».

Шайқастан кейінгі жағдайды Әнәс (р.а.) былай деп әңгімеледі: «Немере ағамның жансыз денесінің сау-тамтығы қалмаған еді. Денесінен шамамен сексеннен астам қылыштан, найзадан және жебе оғынан алған жарақатты көрдік. Мүшріктер оны өлтіріп қана қоймай, мәйітін аяусыз қорлап, кескілеп, адам танымастай халге жеткізіпті. Оны саусақтарының ұшынан таныған туған қарындасынан басқа ешкім тани алмаған еді. Біз «Мүміндер арасында Аллаға берген уәделерінде тұрған нағыз ерлер бар! Олардың кейбірі берген уәдесінде тұрып, жанын пида етті, енді бірі (соны) күтуде. Олар әсте серттерінен тайған емес» деген аятты немере ағам және сол сияқты қаһармандар жайында түсірілген деп білетін едік» (Бұхари: 2805, Муслим: 4918, Ахмад: 13085).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Мой дядя Анас ибн ан-Надр (да будет доволен им Аллах) не смог принять участие в битве при Бадре. Тогда он (сгорая от сожаления) сказал: “О Посланник Аллаха! Я не смог принять участие в твоём первом сражении с многобожниками. Если Аллах в будущем предопределит мне сразиться с многобожниками, то Аллах непременно ‘увидит’1, что я с ними сделаю”.

Когда же настал день битвы при Ухуде, боевой строй мусульман был нарушен и они рассеялись в разные стороны. Тогда мой дядя, глубоко опечалившись, сказал: “О Аллах! Прошу у Тебя прощения за то, что сделали эти (мусульмане), а к тому, что сделали те (многобожники), я непричастен (и Ты Сам будь тому свидетелем)”. После этого он устремился вперёд. И тут навстречу ему вышел Саад ибн Муаз. Он сказал ему: “О Саад, сын Муаза! Рай! Клянусь Господом ан-Надра! Я чувствую его благоухание, доносящееся со склонов горы Ухуд!” Позднее Саад, рассказывая об этом происшествии, сказал: “О Посланник Аллаха! Я не смог совершить того, что совершил он”».

О том, что произошло после сражения, Анас (да будет доволен им Аллах) рассказал следующее: «На бездыханном теле моего дяди не осталось ни одного невредимого места. Мы обнаружили на его теле более восьмидесяти ран от мечей, копий и стрел. Многобожники не только убили его, но и безжалостно надругались над его телом, изрубив и обезобразив его до неузнаваемости. Никто не смог опознать его, кроме родной сестры, узнавшей его по кончикам пальцев. Мы считали, что аят “Среди верующих есть истинные мужи, которые остались верны обещанию, данному Аллаху! Одни из них исполнили своё обещание, пожертвовав жизнью, а другие ожидают (этого). Они нисколько не отступили от своего обета” (Коран, 33:23) был ниспослан о моём дяде и подобных ему героях» (Аль-Бухари: 2805; Муслим: 4918; Ахмад: 13085).

  1. 1Яғни, Алла жолында қасық қаным қалғанша аянбай шайқасып, Раббыма өзімнің адалдығымды дәлелдеймін...
  1. 1То есть я буду сражаться на пути Аллаха до последней капли крови и докажу своему Господу свою преданность…