Хадис

Риядус-салихин, № 1343

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
234. Алла жолындағы күрес
Нөмірі
№ 1343 (қазақша басылым реті)
1343
Риядус-салихин, № 1343Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر قَالَ: كنا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ، فِى غَزاةٍ فَقَالَ: «إِنَّ بِالمَدِينَةِ لَرِجَالًا مَا سِرْتُمْ مَسِيرًا، وَلَا قَطَعْتُمْ وَادِيًا إِلَّا كَانُوا مَعَكُمْ، حَبَسَهُمُ الْمَرَضُ». وَفِى رِوَايَة: «حَبَسَهُمُ الْعُذْرُ». وَفِى رِوَايَة: «إِلَّا شَرَكُوكُمْ فِى الْأجْرِ» رواه الْبخارِى من رواية أنس، ورواه مسلم من رواية جابر واللفظ لَهُ

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Кезінде Пайғамбарымызбен ﷺ бірге ғазауатқа шыққанымызда, былай деген еді: «Мәдинада ғазауатқа шыға алмай, алайда сендер қанша жол жүріп, қай сайды кесіп өтсеңдер де (шынайы ниеттерінің арқасында) әркез сендермен бірге болған ерлер бар. Оларды тек ауру-сырқау ғана ұстап қалды», – деген (Ахмад: 14675).

Хадистің басқа бір нұсқасында: «Оларды тек қана үзір ұстап қалды», – деп айтылған. Тағы бір нұсқасында: «Олар (шын ниеттің арқасында) әжір-сауапта сендерге ортақ болады1», – деп айтылған. Бұл хадисті Имам Бұхари Әнәстен (р.а.) жеткізсе, Имам Муслим Жәбирден (р.а.) жеткізген.

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды, когда мы вместе с Пророком ﷺ отправились в военный поход, он сказал: “В Медине есть люди, которые не смогли выйти в поход, однако каким бы путём вы ни шли и какую бы долину ни пересекали, они (благодаря своим искренним намерениям) неизменно были вместе с вами. Их удержала лишь болезнь”» (Ахмад: 14675).

В другой версии хадиса сказано: «Их удержала лишь уважительная причина».

Ещё в одной версии сказано: «Они (благодаря искреннему намерению) разделяют с вами награду»1.

Этот хадис имам аль-Бухари передал со слов Анаса (да будет доволен им Аллах), а имам Муслим – со слов Джабира (да будет доволен им Аллах).

  1. 1Ниеттерінің арқасында олар да дәл сендер сияқты сауап алады.
  1. 1Благодаря своим намерениям они получают такую же награду, как и вы.