عَنْ أَبِى مُوسَى أَنَّ أعرابيًا أتى النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، الرَّجُلُ يُقَاتِلُ لِلْمَغْنَمِ، وَالرَّجُلُ يُقَاتِلُ لِيُذْكَرَ، وَالرَّجُلُ يُقَاتِلُ ليُرَى مَكَانُهُ؟
وَفِى رِوَايَة: يُقَاتِلُ شَجَاعَةً، وَيُقَاتِلُ حَمِيَّةً. وَفِى رِوَايَة: يُقَاتِلُ غَضَبًا، فَمَنْ فِى سبيل اللَّه؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ: «مَنْ قَاتَلَ لِتَكُونَ كَلِمَةُ اللَّهِ هِيَ الْعُلْيَا، فَهُوَ فِى سَبِيلِ اللَّهِ»
Әбу Мұса (р.а.) жеткізген хадисте: Бір бәдәуи Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Уа, Расулалла! Біреу олжа үшін, енді біреу қаһарман атану үшін, тағы біреу өзінің қаншалықты батыр екенін көрсету үшін шайқасады». (Хадистің басқа бір нұсқасында: «Бірі өзінің батырлығын паш ету үшін, енді бірі ұлтшылдық немесе рушылдық себепті шайқасады», – делінсе, тағы бір нұсқасында: «Бірі ашу-ызамен шайқасады», – деп айтылған). Сөйтіп әлгі бәдәуи: «Енді осылардың қайсысы Алла жолында болып саналады?» – дегенде, Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім Алланың сөзі (яғни, діні) асқақ болсын деп шайқасса, міне, сол Алланың жолында!» – деп айтты, – делінген (Бұхари: 2810, Муслим: 4919, Ахмад: 19493).
Абу Муса (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды к Пророку ﷺ пришёл бедуин и сказал: “О Посланник Аллаха! Один человек сражается ради добычи, другой – чтобы прослыть героем, а третий – чтобы показать, насколько он храбр”. (В другой версии хадиса говорится: “Один сражается, чтобы продемонстрировать свою храбрость, а другой – из националистических или родоплеменных побуждений”; ещё в одной версии сказано: “Один сражается, движимый гневом”).
Затем бедуин спросил: “Кто же из них считается сражающимся на пути Аллаха?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Кто сражается ради того, чтобы Слово Аллаха (то есть Его религия) было превыше всего, именно тот сражается на пути Аллаха!”» (Аль-Бухари: 2810; Муслим: 4919; Ахмад: 19493).