Хадис

Адамға және жан-жануарға лағынет айтуға болмайтындығы жайлы

О недопустимости проклинать людей и животных

Риядус-салихин, 264-тақырып · 8 хадис · № 1553–1560

Хадистер

1553
Риядус-салихин, № 1553

عَنْ أَبِى زيدٍ ثابت بْنِ الضَّحَّاك الْأنصارِيِّ وَهُوَ من أَهْلِ بَيْعَةِ الرِّضْوَانِ، قَالَ: قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ حَلَفَ عَلَى يَمِينٍ بِمِلَّةٍ غَيْرِ الْإِسْلَامِ كاذِبًا مُتَعَمِّدًا، فَهُوَ كَما قَالَ، وَمَنْ قَتَلَ نَفْسَهُ بِشَيْءٍ، عُذِّبَ بِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، وَلَيْسَ عَلَى رَجُلٍ نَذْرٌ فيما لَا يَمْلِكُهُ، وَلَعْنُ الْمُؤْمِنِ كَقَتْلِهِ»

Қазақша аудармасы

Ридуан сертіне қатысқан ансарлық сахабалардың бірі Әбу Зайд Сәбит ибн әд-Даххак (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім Исламнан басқа дін атымен әдейілеп өтірік ант ішетін болса, ол өзі айтқандай болады.1 Кімде-кім бір нәрсемен өз-өзін өлтірсе, қиямет күні сол нәрсемен азапталады. Өз иелігінде болмаған нәрсені нәзір ретінде уәде еткен адамның нәзірі жарамсыз. Мүмінге лағынет айту оны өлтіргенмен тең», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6047, Муслим: 302, Ахмад: 16385).

Орысша аудармасы

Абу Зайд Сабит ибн ад-Даххак (да будет доволен им Аллах), один из ансаров, участвовавших в присяге ар-Ридван, передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто намеренно принесёт ложную клятву именем иной религии, кроме ислама, станет тем, кем сам себя назвал1. Кто лишит себя жизни с помощью какого-либо предмета, в День воскресения будет подвергнут мучениям этим же предметом. Обет человека относительно того, чем он не владеет, недействителен. Проклясть верующего всё равно что убить его» (Аль-Бухари: 6047; Муслим: 302; Ахмад: 16385).

  1. 1Яғни, «Егер солай істесем яһуди болайын немесе христиан болайын» деп шындап ант ішсе, тіпті ішкен анты өтірік болса да, ол ислам дінінен шығып, өзі айтқандай яһуди немесе христиан болады. Ал егер солай ант ішкенде оның ниеті өзге дінді көксеу немесе ұлықтау емес, тек қана антын әсірелеп, күшейту болса, онда ол діннен шықпайды, бірақ күнәһар болады, күнәсі үшін тәубе етуі керек.
  1. 1То есть если человек намеренно клянётся: «Если я так поступлю, пусть стану иудеем или христианином», то, даже если эта клятва ложна, он выходит из ислама и становится тем, кем сам себя назвал. Если же, произнося такую клятву, он не стремится к иной религии и не возвеличивает её, а лишь хочет усилить свою клятву, то из ислама не выходит, однако совершает грех, в котором должен покаяться.
1554
Риядус-салихин, № 1554Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رسُولَ اللَّه ﷺ قَالَ: «لَا يَنْبَغِى لِصِدِّيقٍ أَنْ يَكُونَ لَعَّانًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Сыддыққа1 (сөзі мен ісінде шыншыл һәм турашыл, дағуасына адал әрі берік болған адамға) лағынет айтқыш болған жараспайды», – деген (Муслим: 6607, Ахмад: 8448).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Сыддыку1 (человеку, правдивому и прямому в словах и поступках, верному и стойкому в исповедуемой им истине) не подобает часто произносить проклятия» (Муслим: 6607; Ахмад: 8448).

  1. 1Әсілі сыддық дәрежесі күллі адамзат ішіндегі пайғамбарлықтан кейінгі ең жоғары дәреже саналады. Исламда бұл дәрежеге ең алғаш лайық болған бірегей тұлға – Алла елшісінің ﷺ ең сенімді әрі адал серігі болған, сондай-ақ Gайғамбарымыздан кейін мүміндердің ең алғашқы халифасы болған Әбу Бәкір еді.
  1. 1Степень сыддыка считается высшей среди всех человеческих степеней после пророчества. Первым человеком в исламе, по праву удостоившимся этой степени, был Абу Бакр – самый доверенный и преданный сподвижник Посланника Аллаха ﷺ, а также первый халиф верующих после Пророка.
1555
Риядус-салихин, № 1555Риуаят етуші: Әбу Дәрда (р.а.)

عَنْ أَبِى الدردَاءِ قَالَ: قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَكُونُ اللَّعَانُونَ شُفَعَاءَ، وَلَا شُهَدَاءَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Дәрда (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Лағынет айтқыш адамдар қиямет күні шапағатшы да, куәгер де бола алмайды», – деп айтты», – деген (Муслим: 6610, Ахмад: 27529).

Орысша аудармасы

Абу Дарда (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Люди, часто произносящие проклятия, в Судный день не смогут быть ни заступниками, ни свидетелями» (Муслим: 6610; Ахмад: 27529).

1556
Риядус-салихин, № 1556Риуаят етуші: Сәмура ибн Жундуб (р.а.)

عَنْ سَمُرَةَ بْنِ جُنْدُبٍ، قَالَ: قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَلَاعَنُوا بِلَعْنَةِ اللَّهِ، وَلَا بِغَضَبِهِ، وَلَا بِالنَّارِ»

Қазақша аудармасы

Сәмура ибн Жундуб (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Бір-біріңе Алланың лағынетін, қаһарын және тозақ отын тілеп, қарғыс айтпаңдар», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 4906, Тирмизи: 1976, Ахмад: 20175).

Орысша аудармасы

Самура ибн Джундуб (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не проклинайте друг друга, призывая проклятие Аллаха, Его гнев и адский огонь» (Абу Дауд: 4906; Ат-Тирмизи: 1976; Ахмад: 20175).

1557
Риядус-салихин, № 1557Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَيْسَ الْمُؤْمِنُ بالطَّعَّانِ، وَلَا اللَّعَّانِ، وَلَا الْفَاحِشِ، وَلَا الْبَذِيِّ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Кәміл мүмін – өзгенің ар-намысына тигіш, лағынет айтқыш, азғын және бейпілауыз бейәдеп болмайды», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 1977, Ахмад: 3839).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Совершенный верующий не порочит честь других, не проклинает, не ведёт себя непристойно и не сквернословит» (Ат-Тирмизи: 1977; Ахмад: 3839).

1558
Риядус-салихин, № 1558Риуаят етуші: Әбу Дәрда (р.а.)

عَنْ أَبِى الدردَاء قَالَ: قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ الْعَبْدَ إِذَا لَعَنَ شَيْئًا، صَعدَتِ اللَّعْنَةُ إِلَى السَّمَاءِ، فَتُغْلَقُ أبْوابُ السَّمَاءِ دُونَهَا، ثُمَّ تَهْبِطُ إِلَى الْأَرْضِ، فَتُغْلَقُ أبْوابُهَا دُونَها، ثُمَّ تَأْخُذُ يَمِينًا وَشِمالًا، فَإِذَا لَمْ تَجِدْ مَسَاغًا رَجَعَتْ إِلَى الَّذِى لُعِنَ، فإِنْ كَانَ أَهْلًا لِذَلِكَ، وإِلَّا رَجَعَتْ إِلَى قَائِلِهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Дәрда (р.а.): «Расулалла ﷺ: «Алланың пендесі қандай да бір нәрсеге лағынет айтқанда, оның лағынеті алдымен көкке көтеріледі. Сол кезде аспанның қақпалары көз алдында тарс жабылады. Содан ол ары қарай шыға алмайтынын түсініп, жерге қайта түседі. Жер бетінің қақпалары да көз алдында тарс жабылады. Содан соң ол біресе оң жаққа, біресе сол жаққа зыр жүгіріп, соңында шығатын жол таппаған соң, егер лағынетке лайық болса, лағынеттелгенге қарай бет алады. Ал егер олай болмай шықса, лағынет айтқан адамның өзіне қайтып оралады», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 4905).

Орысша аудармасы

Абу Дарда (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда раб Аллаха проклинает что-либо, его проклятие сначала поднимается к небу, но небесные врата захлопываются перед ним. Поняв, что не может подняться дальше, оно спускается на землю, однако и земные врата захлопываются перед ним. Тогда оно начинает метаться то вправо, то влево. Не найдя выхода, проклятие направляется к тому, кого прокляли, если тот действительно его заслуживает. В противном случае оно возвращается к тому, кто его произнёс» (Абу Дауд: 4905).

1559
Риядус-салихин, № 1559Риуаят етуші: Имран ибн әл-Хусайн (р.а.)

عَنْ عمران بْنِ الْحُصَيْنِ، قَالَ: بَيْنَمَا رسُولُ اللَّهِ ﷺ فِى بَعْضِ أسْفَارِهِ، وَامْرَأَةٌ مِنَ الْأنْصَارِ عَلَى نَاقَةٍ، فَضَجِرَتْ فَلَعَنَتْهَا، فَسَمِعَ ذَلِكَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «خُذُوا مَا عَلَيْهَا وَدَعُوهَا؛ فَإِنَّهَا مَلْعُونَةٌ» قَالَ عمْرانُ: فَكَأنِّى أَرَاهَا الآنَ تَمْشِى فِى النَّاسِ مَا يَعْرِضُ لَهَا أَحَدٌ

Қазақша аудармасы

Имран ибн әл-Хусайн (р.а.): Бірде Алла елшісі ﷺ сапарда болғанда түйеге мінген бір ансарлық әйел түйесіне қатты қапаланып, оған лағынет айтады. Соны естіген Алла елшісі: «Түйенің үстіндегінің бәрін түсіріп, өзін қоя беріңдер, өйткені ол лағынеттелген», – деді. Хадисті жеткізген Имран: «Сол түйе әлі күнге дейін көз алдымда, ел-жұрттың арасында жүрсе де, оған ешкім қарамайтын еді», – деген (Муслим: 6604, Ахмад: 19870).

Орысша аудармасы

Имран ибн аль-Хусайн (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды, когда Посланник Аллаха ﷺ находился в пути, одна женщина из числа ансаров, ехавшая верхом на верблюдице, сильно разгневалась на неё и прокляла её. Услышав это, Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Снимите с верблюдицы всё, что на ней находится, и отпустите её, ибо она проклята”». Передавший этот хадис Имран сказал: «Эта верблюдица и сейчас стоит у меня перед глазами: она ходила среди людей, но никто её не трогал» (Муслим: 6604; Ахмад: 19870).

1560
Риядус-салихин, № 1560

عَنْ أَبِى بَرْزَةَ نَضْلَةَ بْنِ عُبَيْدٍ الْأَسْلَمِيِّ قَالَ: بَيْنَمَا جَارِيَةٌ عَلَى نَاقَةٍ عَلَيْهَا بَعْضُ مَتَاعِ الْقَوْمِ. إِذْ بَصُرَتْ بِالنَّبِيِّ ﷺ، وَتَضَايَقَ بِهِمُ الْجَبَلُ فَقَالَتْ: حَلْ، اللَّهُمَّ الْعَنْهَا. فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَا تُصَاحِبْنَا نَاقَةٌ عَلَيْهَا لَعْنَةٌ»

وَاعْلَمْ أَنَّ هَذَا الْحَدِيثَ قَدْ يُسْتَشكَلُ مَعْنَاهُ، وَلَا إِشْكَالَ فِيهِ، بَلِ الْمُرَادُ النَّهْيُ أَنْ تُصَاحِبَهُمْ تِلْكَ النَّاقَةُ، وَلَيْسَ فِيهِ نَهْيٌ عَنْ بَيْعِهَا وَذَبْحِهَا وَرُكُوبِهَا فِى غَيْرِ صُحْبَةِ النَّبِيّ ﷺ، بَلْ كُلُّ ذَلِكَ وَمَا سِوَاهُ مِنَ التَّصَرُّفَاتِ جائِزٌ لَا مَنْعَ مِنْهُ، إِلَّا مِنْ مُصَاحَبَةِ النَّبِيِّ ﷺ بِهَا؛ لأَنَّ هَذِهِ التَّصَرُّفَاتِ كُلَّهَا كَانَتْ جَائِزَةً فَمُنِعَ بَعْض مِنْهَا، فَبَقِيَ الْبَاقِى عَلَى مَا كَانَ

Қазақша аудармасы

Әбу Бәрза Надла ибн Убайд әл-Әслами (р.а.): «Бірде бір бойжеткен үстіне бір қауымның жүгі артылған түйеге мініп келе жатып Пайғамбарды ﷺ көреді. Таулы жер болғандықтан жүрістері өнбей қиындап кеткен еді. Сонда әлгі бойжеткен: «Әй, құдайдан лағынет атқыр! Жүр!» – деп түйеге лағынет айтады. Сонда Пайғамбарымыз: «Лағынет атқан түйе бізбен бірге жолсерік болмасын!» – деп айтты», – деген (Муслим: 6606, Ахмад: 19766).

Бұл хадистің мән-мағынасы бір қарағанда түсініксіз болуы мүмкін, алайда онда ешқандай да қиын нәрсе жоқ. Мұндағы негізгі мән-мағына түйенің тек сол сапарда ғана бірге жүруіне тыйым салу. Әйтпесе оны сатуға, сойып етін жеуге, тіпті оны Пайғамбарымызбен бірге болмаған басқа сапарларда мінуге де ешбір тыйым жоқ. Керісінше, сол сияқты басқа да іс-шараларға ешқандай шектеусіз қолдануға болады, тек Пайғамбарымызбен бірге бір сапарда болмаса болғаны. Өйткені түйені қолданудың жоғарыда аталған барлық түрлері мен жолдары рұқсат етілген болатын. Алайда кейін (жоғарыда аталған себеппен) оны қолданудың бір жолына ғана тыйым салынды, ал одан басқа қолданыс түрлері мен жолдары сол күйі рұқсат болып қала бермек.

Орысша аудармасы

Абу Барза Надля ибн Убайд аль-Аслами (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды девушка, ехавшая верхом на верблюдице, навьюченной поклажей людей, увидела Пророка ﷺ. Они находились в гористой местности, поэтому продвигались с трудом. Тогда девушка прокляла верблюдицу, сказав: “Эй, да проклянёт тебя Аллах! Иди!” Услышав это, Пророк ﷺ сказал: “Пусть верблюдица, которую прокляли, не сопровождает нас в пути!”» (Муслим: 6606; Ахмад: 19766).

Смысл этого хадиса на первый взгляд может показаться неясным, однако в нём нет ничего затруднительного. Его основной смысл состоит в том, что верблюдице было запрещено сопровождать их лишь в том путешествии. При этом не запрещалось ни продавать её, ни закалывать и употреблять её мясо в пищу, ни даже ездить на ней в других путешествиях, в которых не участвовал Пророк ﷺ. Напротив, её можно было без каких-либо ограничений использовать для этих и других подобных целей, лишь бы она не сопровождала Пророка ﷺ в том путешествии. Изначально все перечисленные способы использования верблюдицы были дозволены. Однако впоследствии по указанной выше причине запрет коснулся лишь одного из них, тогда как все остальные способы её использования так и остались дозволенными.