عَنْ أَبِى الدردَاء قَالَ: قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ الْعَبْدَ إِذَا لَعَنَ شَيْئًا، صَعدَتِ اللَّعْنَةُ إِلَى السَّمَاءِ، فَتُغْلَقُ أبْوابُ السَّمَاءِ دُونَهَا، ثُمَّ تَهْبِطُ إِلَى الْأَرْضِ، فَتُغْلَقُ أبْوابُهَا دُونَها، ثُمَّ تَأْخُذُ يَمِينًا وَشِمالًا، فَإِذَا لَمْ تَجِدْ مَسَاغًا رَجَعَتْ إِلَى الَّذِى لُعِنَ، فإِنْ كَانَ أَهْلًا لِذَلِكَ، وإِلَّا رَجَعَتْ إِلَى قَائِلِهَا»
Әбу Дәрда (р.а.): «Расулалла ﷺ: «Алланың пендесі қандай да бір нәрсеге лағынет айтқанда, оның лағынеті алдымен көкке көтеріледі. Сол кезде аспанның қақпалары көз алдында тарс жабылады. Содан ол ары қарай шыға алмайтынын түсініп, жерге қайта түседі. Жер бетінің қақпалары да көз алдында тарс жабылады. Содан соң ол біресе оң жаққа, біресе сол жаққа зыр жүгіріп, соңында шығатын жол таппаған соң, егер лағынетке лайық болса, лағынеттелгенге қарай бет алады. Ал егер олай болмай шықса, лағынет айтқан адамның өзіне қайтып оралады», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 4905).
Абу Дарда (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда раб Аллаха проклинает что-либо, его проклятие сначала поднимается к небу, но небесные врата захлопываются перед ним. Поняв, что не может подняться дальше, оно спускается на землю, однако и земные врата захлопываются перед ним. Тогда оно начинает метаться то вправо, то влево. Не найдя выхода, проклятие направляется к тому, кого прокляли, если тот действительно его заслуживает. В противном случае оно возвращается к тому, кто его произнёс» (Абу Дауд: 4905).