عَنْ أَبِى بَرْزَةَ نَضْلَةَ بْنِ عُبَيْدٍ الْأَسْلَمِيِّ قَالَ: بَيْنَمَا جَارِيَةٌ عَلَى نَاقَةٍ عَلَيْهَا بَعْضُ مَتَاعِ الْقَوْمِ. إِذْ بَصُرَتْ بِالنَّبِيِّ ﷺ، وَتَضَايَقَ بِهِمُ الْجَبَلُ فَقَالَتْ: حَلْ، اللَّهُمَّ الْعَنْهَا. فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَا تُصَاحِبْنَا نَاقَةٌ عَلَيْهَا لَعْنَةٌ»
وَاعْلَمْ أَنَّ هَذَا الْحَدِيثَ قَدْ يُسْتَشكَلُ مَعْنَاهُ، وَلَا إِشْكَالَ فِيهِ، بَلِ الْمُرَادُ النَّهْيُ أَنْ تُصَاحِبَهُمْ تِلْكَ النَّاقَةُ، وَلَيْسَ فِيهِ نَهْيٌ عَنْ بَيْعِهَا وَذَبْحِهَا وَرُكُوبِهَا فِى غَيْرِ صُحْبَةِ النَّبِيّ ﷺ، بَلْ كُلُّ ذَلِكَ وَمَا سِوَاهُ مِنَ التَّصَرُّفَاتِ جائِزٌ لَا مَنْعَ مِنْهُ، إِلَّا مِنْ مُصَاحَبَةِ النَّبِيِّ ﷺ بِهَا؛ لأَنَّ هَذِهِ التَّصَرُّفَاتِ كُلَّهَا كَانَتْ جَائِزَةً فَمُنِعَ بَعْض مِنْهَا، فَبَقِيَ الْبَاقِى عَلَى مَا كَانَ
Әбу Бәрза Надла ибн Убайд әл-Әслами (р.а.): «Бірде бір бойжеткен үстіне бір қауымның жүгі артылған түйеге мініп келе жатып Пайғамбарды ﷺ көреді. Таулы жер болғандықтан жүрістері өнбей қиындап кеткен еді. Сонда әлгі бойжеткен: «Әй, құдайдан лағынет атқыр! Жүр!» – деп түйеге лағынет айтады. Сонда Пайғамбарымыз: «Лағынет атқан түйе бізбен бірге жолсерік болмасын!» – деп айтты», – деген (Муслим: 6606, Ахмад: 19766).
Бұл хадистің мән-мағынасы бір қарағанда түсініксіз болуы мүмкін, алайда онда ешқандай да қиын нәрсе жоқ. Мұндағы негізгі мән-мағына түйенің тек сол сапарда ғана бірге жүруіне тыйым салу. Әйтпесе оны сатуға, сойып етін жеуге, тіпті оны Пайғамбарымызбен бірге болмаған басқа сапарларда мінуге де ешбір тыйым жоқ. Керісінше, сол сияқты басқа да іс-шараларға ешқандай шектеусіз қолдануға болады, тек Пайғамбарымызбен бірге бір сапарда болмаса болғаны. Өйткені түйені қолданудың жоғарыда аталған барлық түрлері мен жолдары рұқсат етілген болатын. Алайда кейін (жоғарыда аталған себеппен) оны қолданудың бір жолына ғана тыйым салынды, ал одан басқа қолданыс түрлері мен жолдары сол күйі рұқсат болып қала бермек.
Абу Барза Надля ибн Убайд аль-Аслами (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды девушка, ехавшая верхом на верблюдице, навьюченной поклажей людей, увидела Пророка ﷺ. Они находились в гористой местности, поэтому продвигались с трудом. Тогда девушка прокляла верблюдицу, сказав: “Эй, да проклянёт тебя Аллах! Иди!” Услышав это, Пророк ﷺ сказал: “Пусть верблюдица, которую прокляли, не сопровождает нас в пути!”» (Муслим: 6606; Ахмад: 19766).
Смысл этого хадиса на первый взгляд может показаться неясным, однако в нём нет ничего затруднительного. Его основной смысл состоит в том, что верблюдице было запрещено сопровождать их лишь в том путешествии. При этом не запрещалось ни продавать её, ни закалывать и употреблять её мясо в пищу, ни даже ездить на ней в других путешествиях, в которых не участвовал Пророк ﷺ. Напротив, её можно было без каких-либо ограничений использовать для этих и других подобных целей, лишь бы она не сопровождала Пророка ﷺ в том путешествии. Изначально все перечисленные способы использования верблюдицы были дозволены. Однако впоследствии по указанной выше причине запрет коснулся лишь одного из них, тогда как все остальные способы её использования так и остались дозволенными.