Хадис

Риядус-салихин, № 1676

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
304. Ислам дінінде негізсіз жаман ырымға сенуге болмайтындығы жайында
Нөмірі
№ 1676 (қазақша басылым реті)
1676
Риядус-салихин, № 1676Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا عَدْوَى وَلَا طِيَرَةَ، وَيُعْجِبُنِى الْفَألُ» قَالُوا: وَمَا الْفَألُ؟ قَالَ: «كَلِمَةٌ طَيِّبَةٌ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Алла қаламаса, жұқпалы ауру да басқаға жұқпайды. Сондай-ақ құстардың ұшып өткені жамандықтың нышаны емес. Мен жақсы жоралғыны ұнатамын», – дегенде, жанындағы сахабалары: «Уа, Расулалла! «Жақсы жоралғы» дегенді қалай түсінеміз?» – деп сұрады. Сонда Расулалла: «(Жақсы жоралғы дегенім жүрекке жылу ұялатып, үміт отын жағатын) жақсы сөз», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 5776, Муслим: 5800, Ахмад: 13920).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Без воли Аллаха заразная болезнь не передаётся другому человеку. И пролёт птиц не является предвестием несчастья. А доброе предзнаменование мне нравится”. Находившиеся рядом сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Что следует понимать под ‘добрым предзнаменованием’?” Тогда Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Доброе слово (под добрым предзнаменованием я подразумеваю слово, согревающее сердце и зажигающее огонь надежды)”» (Аль-Бухари: 5776; Муслим: 5800; Ахмад: 13920).

Түсіндірме (қазақша)

Исламнан бұрынғы надандық дәуіріндегі араб қоғамында түрлі ырымдар мен нышандарға деген сенім кең тараған болатын. Мысалға, арабтар құстардың ұшуына қарап жақсы-жаман пайымдар мен жорамалдар жасайтын болған. Ал Пайғамбарымыздың өмірлік ұстанымы – әрдайым жамандықты ойлап, әр нәрседен үрейленіп, қайғы-мұңға салына беру емес. Керісінше, әрқашан қандай жағдай болмасын, жақсылыққа жорып, оптимист болу. Бұл хадистегі Пайғамбарымыздың «жақсы сөз» дегені әрдайым жақсы сөз айтып, алдағы күннен тек қана жақсылық күту. Қазақтың «жақсы сөз – жарым ырыс» деген сөзі ардақты Пайғамбарымыздың осынау игі ұстанымынан бастау алады.

Түсіндірме (орысша)

До ислама в арабском обществе эпохи невежества была широко распространена вера в различные приметы и знамения. Например, арабы делали благоприятные или неблагоприятные выводы и предсказания, наблюдая за полётом птиц. Жизненный принцип нашего Пророка ﷺ состоял не в том, чтобы постоянно ожидать дурного, всего бояться и предаваться печали и унынию. Напротив, при любых обстоятельствах следовало видеть добрый знак и сохранять оптимизм. Под «добрым словом» в этом хадисе наш Пророк ﷺ подразумевал необходимость всегда говорить доброе и ожидать от грядущего лишь хорошего. Пословица «Доброе слово – половина счастья» берёт начало в этом благом принципе нашего досточтимого Пророка ﷺ.