Хадис

Риядус-салихин, № 1677

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
304. Ислам дінінде негізсіз жаман ырымға сенуге болмайтындығы жайында
Нөмірі
№ 1677 (қазақша басылым реті)
1677
Риядус-салихин, № 1677Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا عَدْوَى وَلَا طِيَرَةَ. وإِنْ كَانَ الشُّؤمُ فِى شَيْءٍ فَفِى الدَّارِ، وَالْمَرْأَةِ، والْفَرَسِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Ауру жұқпайды, негізсіз жаман ырымға сенуге болмайды. Егер жаман ырымның қандай да бір негізі болғанда (кезінде исламға дейін арабтар сенгендей) үйде, әйелде және жылқыда болар еді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5772, Муслим: 5794, Ахмад: 6405).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Болезнь не передаётся, и нельзя верить в необоснованные дурные приметы. Если бы что-либо действительно могло служить дурным предзнаменованием (как некогда верили арабы до ислама), то это были бы дом, женщина и конь» (Аль-Бухари: 5772; Муслим: 5794; Ахмад: 6405).

Түсіндірме (қазақша)

Бұл хадистегі «жұқпалы ауру жоқ, ырымға сенуге болмайды» дегенді қалай түсінеміз? Бұл хадисті дұрыс түсіну үшін бірінші кезекте, осы мәселеге қатысты келген басқа да хадистерге көз жүгірту қажет. Өйткені «жұқпалы аурудан арыстаннан қашқандай қаш», «жұқпалы ауру тараған жерге барма» деген карантиндік мән-мағынасы бар сенімді хадистерден, жоғарыда келген хадистің тура мағынасынан бөлек, басқа да мағынасының бар екенін түсінеміз. Қандай да бір мәселеде бір ғана хадисті негізге алып, бір жақты үкім кесу көп жағдайда қателікке ұрындырады. Сондай-ақ мұның түбі дінде шектен шыққан сыңаржақ көзқарастар мен қате ұстанымдарға апарады. Өйткені бір хадистің түпкі мән-мағынасын басқа хадистер тарқатып түсіндіріп, ондағы Пайғамбардың ﷺ айтқысы келген негізгі ойын айшықтайды. «Жұқпалы ауру жоқ, ырымға сенуге болмайды» деген хадис мәтінін (لا عدوى وَلَا طيرة وَلَا هامة وَلَا صفر، وَلَا نوء وَلَا غول) толық алатын болсақ, хадистің жалғасында исламға дейінгі арабтардың негізсіз ырымдары мен жаңсақ наным-сенімдері жоққа шығарылады. Мысалы, исламға дейінгі арабтар жұқпалы ауруды құбыжық кейпінде елестетіп, соған сенетін әрі одан үнемі үрейленіп, қорқып жүретін болған. Өйткені олардың нанымы бойынша, жұқпалы ауру құбыжық кейпінде келіп, адамға ауру жұқтыратын болған. Ендеше, бұл хадисте ардақты Пайғамбарымыз қараңғылық дәуіріндегі арабтардың негізсіз нанымындағы құбыжық кейпіндегі жұқпалы ауру мен содан бастау алған негізсіз үрей мен фобияны жоққа шығарған. Өйткені хадисте «жұқпалы ауру жоқ», – дегеннен кейін, бірден «жаман ырым мен негізсіз нанымға сенуге болмайды», – деп айтылған.

Түсіндірме (орысша)

Как следует понимать приведённые в этом хадисе слова: «Заразной болезни нет, и верить в приметы нельзя»? Чтобы правильно понять этот хадис, прежде всего необходимо обратиться к другим хадисам, переданным по данному вопросу. Ведь из достоверных хадисов, содержащих предписания о карантине: «Беги от заразной болезни, как бежал бы от льва» и «Не отправляйся туда, где распространилась заразная болезнь», – мы понимаем, что приведённый выше хадис, помимо буквального, имеет и иной смысл.

Вынесение одностороннего суждения по какому-либо вопросу на основании лишь одного хадиса во многих случаях приводит к ошибке. Более того, в конечном счёте это ведёт к крайним, односторонним воззрениям и ошибочным установкам в религии. Ведь истинный смысл одного хадиса раскрывают и разъясняют другие хадисы, тем самым проясняя основную мысль, которую Пророк ﷺ хотел донести.

Если рассматривать полный текст хадиса, начинающегося словами: «Заразной болезни нет, и верить в приметы нельзя» (لَا عَدْوَىٰ وَلَا طِيَرَةَ وَلَا هَامَةَ وَلَا صَفَرَ، وَلَا نَوْءَ وَلَا غُولَ), то мы увидим, что далее в нём отвергаются беспочвенные приметы и ошибочные верования доисламских арабов.

Например, до ислама арабы представляли заразную болезнь в образе чудовища, верили в него и постоянно жили в страхе и ужасе перед ним. Согласно их верованиям, заразная болезнь являлась в образе чудовища и заражала человека.

Следовательно, в этом хадисе наш досточтимый Пророк ﷺ отверг бытовавшее среди арабов эпохи невежества беспочвенное представление о заразной болезни в облике чудовища, а также порождённые этим необоснованные страхи и фобии. Ведь сразу после слов «заразной болезни нет» в хадисе говорится: «Нельзя верить в дурные приметы и беспочвенные поверья».