Хадис

Бейнелеу өнерінің тыйым салынған түрлері

О запрещённых видах изобразительного искусства

Риядус-салихин, 305-тақырып · 10 хадис · № 1680–1689

Хадистер

1680
Риядус-салихин, № 1680Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الَّذينَ يَصْنَعُونَ هَذِهِ الصُّوَرَ يُعَذَّبُونَ يَوْمَ الْقِيامَةِ، يُقَالُ لَهُمْ: أحْيُوا مَا خَلَقْتُمْ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Шынында, мына бейнелерді жасағандар қиямет күні азапқа душар болады. Сол күні оларға: «Ал енді өз қолдарыңмен жасағандарыңа жан бітіріп көріңдер», – деп айтылады», – делінген (Бұхари: 5951, Муслим: 5535).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Воистину, те, кто создаёт эти изображения, в День воскресения подвергнутся мучениям. В тот день им будет сказано: “А теперь попробуйте вдохнуть жизнь в то, что вы создали своими руками!”» (Аль-Бухари: 5951; Муслим: 5535).

1681
Риядус-салихин, № 1681Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: قَدِمَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ مِنْ سَفَرٍ، وَقَدْ سَتَرْتُ سَهْوَةً لِى بِقِرامٍ فِيهِ تَمَاثيلُ، فَلَمَّا رَآهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ تَلَوَّنَ وَجْهُهُ، وَقَالَ: «يَا عَائِشَةُ، أشَدُّ النَّاسِ عَذَابًا عِنْدَ اللَّهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ الَّذينَ يُضَاهُونَ بِخَلْقِ اللَّهِ!» قَالَتْ: فَقَطَعْنَاهُ فَجَعَلْنَا مِنهُ وِسَادَةً أوْ وِسَادَتَيْنِ

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ алыс сапардан оралғанда мен кіреберістегі қоймамды (жан-жануардың) суреті бар жұқа пердемен перделеп қойған едім. Алла елшісі пердедегі суреттерді көрді де, оны бірден жыртып тастады, содан өңі өзгеріп кетті де: «Уа, Айша! Қиямет күні Алланың дәргейінде ең ауыр азапқа душар болатындар – Алланың жаратылыстарының суретін салып (немесе мүсінін жасап), Оған ұқсағысы келгендер», – деп айтты. Содан біз әлгі пердені жыртып, одан бір-екі) жастық жасап алдық», – деген (Бұхари: 5954, Муслим: 5520, Ахмад: 24081).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказывала: «Однажды, когда Посланник Аллаха ﷺ вернулся из дальней поездки, я завесила находившуюся у входа кладовую тонкой занавеской с изображениями (живых существ). Увидев изображения на занавеске, Посланник Аллаха сразу же сорвал и разорвал её, а лицо его изменилось. Затем он сказал: “О Аиша! Самому суровому наказанию пред Аллахом в День воскресения подвергнутся те, кто изображает созданных Аллахом живых существ (или изготавливает их изваяния), стремясь тем самым уподобиться Ему”. После этого мы разрезали ту занавеску и сделали из неё одну-две подушки» (Аль-Бухари: 5954; Муслим: 5520; Ахмад: 24081).

1682
Риядус-салихин, № 1682Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «كُلُّ مُصَوِّرٍ فِى النَّارِ يُجْعَلُ لَهُ بِكُلِّ صُورَةٍ صَوَّرَهَا نَفْسٌ فَيُعَذِّبُهُ فِى جَهَنَّمَ». قَالَ ابْن عَبَّاس: فإِنْ كُنْتَ لَا بُدَّ فَاعِلًا، فَاصْنعِ الشَّجَرَ وَمَا لَا رُوحَ فِيهِ

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) өзінен: «Сурет салуға бола ма?» – деп пәтуа сұрай келген әлдебір қылқалам иесіне: «Алла елшісінің ﷺ: «Әрбір суретшінің барар жері – тозақ. Тозақта оның дүниеде салған әрбір суретінің орнына бір мақұлықтан жаратылып, солар оны азаптайтын болады», – дегенін естіген едім. Саған егер міндетті түрде сурет салу керек болса, өсіп тұрған ағашты және жансыз нәрселерді бейнеле», – деп кеңес берді (Бұхари: 2225, Муслим: 5540, Ахмад: 2810).

Орысша аудармасы

Однажды к Ибн Аббасу (да будет доволен им Аллах) пришёл некий художник, чтобы получить фетву, и спросил: «Можно ли рисовать?» Ибн Аббас ответил ему: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Удел каждого художника – ад. В аду за каждое изображение, нарисованное им в этом мире, будет создано по одному существу, и эти существа станут мучить его”. Если тебе непременно нужно рисовать, изображай растущие деревья и неодушевлённые предметы» (Аль-Бухари: 2225; Муслим: 5540; Ахмад: 2810).

1683
Риядус-салихин, № 1683Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ صَوَّرَ صُورَةً فِى الدُّنْيَا، كُلِّفَ أَنْ يَنْفُخَ فِيهَا الرُّوحَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَلَيْسَ بِنَافِخٍ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): Алла елшісінің ﷺ: «Кімде-кім дүниеде қандай да бір жанды нәрсенің бейнесін бейнелейтін болса, қиямет күні оған сол бейнелеген нәрсесіне жан бітіру міндеті жүктеледі. Алайда ол оған әсте жан бітіре алмайды...», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 7042, Муслим: 5540, Ахмад: 1866).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “На того, кто в земной жизни создаст изображение какого-либо живого существа, в День воскресения будет возложена обязанность вдохнуть жизнь в то, что он изобразил. Однако он никогда не сможет этого сделать…”» (Аль-Бухари: 7042; Муслим: 5540; Ахмад: 1866).

1684
Риядус-салихин, № 1684Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ أشَدَّ النَّاسِ عَذَابًا يَوْمَ الْقِيَامَةِ الْمُصَوِّرُونَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): Алла елшісінің ﷺ: «Қиямет күні ең ауыр азапқа душар болатындар бейнелеушілер», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 595, Муслим: 5537, Ахмад: 3558).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Самому тяжкому наказанию в День воскресения подвергнутся создающие изображения”» (Аль-Бухари: 595; Муслим: 5537; Ахмад: 3558).

1685
Риядус-салихин, № 1685Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: سَمِعْتُ رسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: وَمَنْ أظْلَمُ مِمَّنْ ذَهَبَ يَخْلُقُ كَخَلْقِى؟ فَلْيَخْلُقُوا ذَرَّةً أوْ لِيَخْلُقُوا حَبَّةً، أوْ لِيَخْلُقُوا شَعِيرَةً»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісінің ﷺ: «Алла Тағала былай деген: «Менің жаратқан жаратылыстарым сияқты нәрселерді жасаумен айналысқан адамнан асқан залым бар ма? Қолдарынан келсе, «зәрраны»1 жоқтан жаратсын, яки бір дәнекті немесе бір түйір арпаны жоқтан жаратсын!» – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 7559, Муслим: 5543, Ахмад: 7521).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ передал слова Всевышнего Аллаха: “Кто может быть несправедливее того, кто занимается созданием чего-либо подобного Моим творениям? Пусть же они, если это им по силам, создадут из ничего ‘зарру’1, либо одно зерно, либо одно ячменное зёрнышко!”» (Аль-Бухари: 7559; Муслим: 5543; Ахмад: 7521).

  1. 1Материяның бөлінбейтін ең кішкентай, зәредей бөлшегі, шартты түрде атом деуге болады. Қазақ тіліндегі «зәредей» деген сөздің түп төркіні арабтың осы «зәрра» деген сөзі болу керек.
  1. 1Под «заррой» здесь понимается мельчайшая неделимая частица материи; условно её можно назвать атомом. Возможно, казахское слово «зәредей» восходит к этому арабскому слову.
1686
Риядус-салихин, № 1686Риуаят етуші: Әбу Талха (р.а.)

عَنْ أَبِى طلحة أَنَّ رسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تَدْخُلُ الْمَلَائِكَةُ بَيْتًا فيهِ كَلْبٌ وَلَا صُورَةٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Талха (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Ішінде ит болған және жанды нәрсенің бейнесі болған үйге періштелер1 кірмейді», – деп айтқан (Бұхари: 3322, Муслим: 5514, Ахмад: 16346).

Орысша аудармасы

Абу Тальха (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Ангелы1 не входят в дом, в котором есть собака или изображение живого существа» (Аль-Бухари: 3322; Муслим: 5514; Ахмад: 16346).

  1. 1Үйге Алланың берекесін, мейірімін әкелетін періштелер
  1. 1Имеются в виду ангелы, приносящие в дом благодать и милость Аллаха.
1687
Риядус-салихин, № 1687Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: وَعَدَ رسُولَ اللَّهِ ﷺ جِبْرِيلُ أَنْ يَأْتِيَهُ، فَرَاثَ عَلَيْهِ حَتَّى اشْتَدَّ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَخَرَجَ فَلَقِيَهُ جِبْرِيلُ فَشَكَا إِلَيهِ، فَقَالَ: إِنَّا لَا نَدْخُلُ بَيْتًا فِيهِ كَلْبٌ وَلَا صُورَةٌ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Жәбірейіл періште Алла елшісіне ﷺ белгілі бір уақытта келемін деп уәде беріп, артынша біраз уақыт кешіккен еді. Кешіккені Алла елшісіне ауыр тиді. Сыртқа шыққанында Жәбірейілді жолықтырып, кешіккеніне ренішін білдірді. Сонда Жәбірейіл оған: «Біз ішінде ит пен жанды нәрсенің бейнесі болған үйге кірмейміз», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5960).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Ангел Джибрил обещал прийти к Посланнику Аллаха ﷺ в назначенное время, однако некоторое время задерживался. Посланник Аллаха ﷺ тяжело переживал его задержку. Выйдя наружу, он встретил Джибрила и посетовал ему на то, что тот опоздал. Тогда Джибрил сказал: “Мы не входим в дом, в котором находятся собака или изображение живого существа”» (Аль-Бухари: 5960).

1688
Риядус-салихин, № 1688Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: واعدَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ جِبْرِيلُ عليهِ السَّلَامُ، فِى سَاعَةٍ أَنْ يَأْتِيَهُ، فَجَاءَتْ تِلْكَ السَّاعَةُ وَلَمْ يَأْتِهِ! قَالَتْ: وَكَانَ بِيَدِهِ عَصًا، فَطَرَحَهَا مِنْ يَدِهِ وَهُوَ يَقُولُ: «ما يُخْلِفُ اللَّهُ وَعْدَهُ وَلَا رُسُلُهُ» ثُمَّ التَفَتَ، فإِذَا جَرْوُ كَلْبٍ تَحْتَ سَرِيرِهِ. فَقَالَ: «مَتَى دَخَلَ هَذَا الْكَلْبُ؟» فَقُلْتُ: واللَّهِ مَا دَرَيْتُ بِهِ، فَأَمَرَ بِهِ فَأُخْرِجَ، فَجَاءهُ جِبْرِيلُ تَعَالَى، فَقَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَعَدْتَنِى، فَجَلَسْتُ لَكَ وَلَمْ تَأتِني» فَقَالَ: مَنَعَنِى الْكَلْبُ الَّذِى كانَ فِى بَيْتِكَ، إِنَّا لَا نَدْخُلُ بَيْتًا فِيهِ كَلْبٌ وَلَا صُورَةٌ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Жәбірейіл періште Алла елшісіне ﷺ белгілі бір уақытта келемін деп уәде берген еді. Уәде берген уақыт келгенде, ол келмеді. Сонда Алланың елшісі қолындағы таяқты лақтырып жіберді де: «Алла да, елші періштелері де берген уәделерінен әсте таймайды!» – деді. Содан жан-жағына көз жүгіртіп қараса, төсегінің астында бір күшік жатыр екен, ол: «Мына ит қашан кіріп кеткен?» – дегенде, мен: «Алланың атымен ант етейін, оны білмеймін», – дедім. Оны үйден дереу шығаруды бұйырды, сөйтіп ол үйден шығарылды. Соның артынша оған Жәбірейіл (а.с.) де келді. Алланың елшісі оған: «Маған уәде берген едің, мен отырып күттім, бірақ келмедің», – дегенде, ол: «Келуіме үйіңдегі ит бөгет болды. Біз ішінде ит пен жанды нәрсенің бейнесі болған үйге кірмейміз», – деп жауап берді», – деген (Муслим: 5511, Ахмад: 25100).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Ангел Джибрил обещал Посланнику Аллаха ﷺ прийти к нему в определённое время. Когда назначенное время наступило, он не пришёл. Тогда Посланник Аллаха ﷺ отбросил посох, который держал в руке, и сказал: “Ни Аллах, ни Его ангелы-посланники никогда не нарушают данных обещаний!” Затем он огляделся и увидел под своей кроватью щенка. Он спросил: “Когда сюда попала эта собака?” Я ответила: “Клянусь Аллахом, я не знаю”. Тогда он велел немедленно вывести щенка из дома, и его вывели. Вслед за этим к нему явился Джибрил (мир ему). Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: “Ты обещал прийти ко мне. Я сидел и ждал тебя, однако ты не пришёл”. Джибрил ответил: “Прийти к тебе мне помешала собака, находившаяся в твоём доме. Мы не входим в дом, в котором есть собака или изображение живого существа”» (Муслим: 5511; Ахмад: 25100).

Түсіндірме (қазақша)

Исламдағы классикалық және консервативтік ұстаным бойынша адам, жан-жануар және жәндіктер сынды тіршілік иелерінің суретін салып, мүсінін жасауға қатаң тыйым салынады. Ал егер адамның қолынан келер жалғыз кәсібі және бір ғана табыс көзі сол болса, табиғаттың немесе жансыз нәрселерді бейнелеуіне рұқсат беріледі. Бүгінгі таңда кейбір дін ғалымдары жоғарыдағы хадистерде тыйым салынған жанды нәрселердің суреті мен мүсінін табынуға арналған суреттер мен мүсіндер немесе Жаратушыға ұқсау ниетімен салынған суреттер мен жасалған мүсіндер, деп түсіндіреді. Демек, бұл көзқарас бойынша, табыну мақсатында немесе Жаратушыға ұқсау ниетімен жасалмаған мүсіндер мен суреттер жай өнер туындысы ретінде бағаланып, оларға қатаң түрде тыйым салынбайды. Аталған ғалымдар мұндай көзқарасты алға тартқанда, сурет пен мүсінге қатаң түрде тыйым салатын жоғарыдағы хадистерді пұтқа табынушылықтан жаңадан арылған исламның алғашқы дәуіріндегі қауымдарға, соның ішінде араб қауымына қарата айтылған деп пайымдаған. Өйткені сол кездегі адамдардың сана-сезімі пұттарды дәріптеу мен оларға табынудан жаңадан арылып, таухид сеніміне енді ғана оралған болатын. Бұған қатысты әйгілі ханафи ғалымы Бәдруддин әл-Айни «Сахих Бұхариге» жазған түсіндірмесінде былай деп жазған: «Исламның алғашқы кезеңінде пұтқа табынушылық толық жойыла қоймаған еді. Сонда пайғамбарымыз ﷺ барлық бейне атаулыдан, тіпті маталарда бейнеленген суреттерге де қатаң тыйым салды. Кейін таухид сенімі әбден орныққан соң маталарда бейнеленген суреттерге рұқсат берді». (Умдат әл-Қари Шарх сахих әл-Бұхари, 22/74) Дегенмен бұл, мұсылмандар емін-еркін сурет салып, мүсін жасаумен айналыса берсін, сондай-ақ үй-жайларына суреттер мен мүсіндерді толтырып қоя берсін дегенді білдірмейді. Біз қайткен күнде де, осы уақытқа дейін қалыптасқан үй-жайларға жанды нәрселердің суретін ілмейтін, мүсінін қоймайтын мұсылмандық ғұрып пен мәдениетті сақтағанымыз жөн. Өйткені бұл – мұсылман үмбетін өзге қауымдар мен мәдениеттерден ерекшелейтін үрдіс екені белгілі. Ең дұрысын Алла біледі!

Түсіндірме (орысша)

Согласно классической и консервативной позиции в исламе, рисовать изображения и создавать скульптуры таких живых существ, как люди, животные и насекомые, строго запрещено. Если же это единственное ремесло, которым человек владеет, и единственный источник его дохода, ему разрешается изображать природу или неодушевлённые предметы.

Сегодня некоторые богословы объясняют, что под изображениями и скульптурами живых существ, запрещёнными в приведённых выше хадисах, подразумеваются изображения и изваяния, предназначенные для поклонения, либо созданные с намерением уподобиться Творцу. Следовательно, согласно этой точке зрения, изображения и скульптуры, не предназначенные для поклонения и не созданные с намерением уподобиться Творцу, рассматриваются лишь как произведения искусства и не подпадают под строгий запрет.

Выдвигая подобную точку зрения, эти учёные исходят из того, что приведённые выше хадисы, строго запрещающие изображения и скульптуры, были обращены к общинам раннего периода ислама, лишь недавно освободившимся от идолопоклонства, в том числе к арабскому обществу. Ведь сознание людей того времени лишь недавно освободилось от возвеличивания идолов и поклонения им, и они только начинали возвращаться к вере в единобожие.

По этому поводу известный ханафитский учёный Бадруддин аль-Айни написал в своём комментарии к «Сахиху аль-Бухари»: «В ранний период ислама идолопоклонство ещё не было полностью искоренено. Тогда наш Пророк ﷺ строго запретил любые изображения – даже те, что были нанесены на ткань. Позднее, когда вера в единобожие окончательно утвердилась, он разрешил изображения на тканях» («Умдат аль-Кари шарх Сахих аль-Бухари», 22/74).

Тем не менее это не означает, что мусульманам позволено без всяких ограничений заниматься рисованием и созданием скульптур, а также заполнять ими свои дома. В любом случае нам следует сохранять сложившиеся к настоящему времени мусульманские обычаи и культуру, согласно которым в домах не развешивают изображения живых существ и не устанавливают их скульптуры. Ведь известно, что это одна из традиций, отличающих мусульманскую умму от других общин и культур. Аллах знает лучше!

1689
Риядус-салихин, № 1689

عَنْ أَبِى الْهَيَّاجِ حَيَّانَ بِن حُصَيْنٍ، قَالَ: قَالَ لِى عَليُّ بْنِ أَبِى طالب: أَلَا أبْعَثُكَ عَلَى مَا بَعَثَنِى عَلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ؟ أن لَا تَدَعَ صُورَةً إِلَّا طَمَسْتَهَا، وَلَا قَبْرًا مُشْرفًا إِلَّا سَوَّيْتَهُ

Қазақша аудармасы

Әбу әл-Һайяж Хаян ибн Хусайн: Әли ибн Әбу Тәліп (р.а.) маған: «Алла елшісі ﷺ мені жұмсаған бір іске сені жұмсайын ба?! Қай жерде жанды нәрсенің бейнесін көрсең, соны міндетті түрде жой, қай жерден биік қабір көрсең, соны міндетті түрде тегістеп жібер», – деп айтты», – деген (Муслим: 2243, Ахмад: 741).

Орысша аудармасы

Абу аль-Хайядж Хайян ибн Хусайн передал: «Али ибн Абу Талиб (да будет доволен им Аллах) сказал мне: “Не поручить ли тебе дело, с которым Посланник Аллаха ﷺ послал меня? Где бы ты ни увидел изображение живого существа, непременно уничтожь его, а где бы ни увидел возвышающуюся могилу, непременно сровняй её с землёй”» (Муслим: 2243; Ахмад: 741).

Түсіндірме (қазақша)

Ислам дінінің алғашқы дәуірінде тірі жаратылыстардың суретін салуға, мүсінін жасауға және қабірлерді биік етіп тұрғызуға қатаң түрде тыйым салынған болатын. Мұның басты себебі мен хикметі – сол дәуірдегі қауымдар, соның ішінде араб қауымы пұттарға және кейбір жаратылыстарға табынушылықтан жаңадан арылып келе жатқан болатын. Сол қауымдардың сана-сезімі мен наным-сенімін пұттар мен өзге де жаратылыстарды әсіре дәріптеуден толық әрі түбегейлі арылтып, оның орнына таухид сенімін орнықтыру үшін аталған дүниелерге осылай қатаң түрде тыйым салынған болуы керек. Бұған қатысты әйгілі ханафи ғалымы Бәдруддин әл-Айни «Сахих Бұхариге» жазған түсіндірмесінде былай деп жазған: «Исламның алғашқы кезеңінде пұтқа табынушылық толық жойыла қоймаған еді. Сонда пайғамбарымыз ﷺ барлық бейне атаулыдан, тіпті маталарда бейнеленген суреттерге де қатаң тыйым салды. Кейін таухид сенімі әбден орныққан соң маталарда бейнеленген суреттерге рұқсат берді». (Умдат әл-Қари Шарх сахих әл-Бұхари, 22/74) Ал бүгінгі көптеген өркениетті мұсылман елдеріндегі, соның ішінде біздің елдегі адамдардың сана-сезімі мен дүниетанымы баяғы замандардағы адамдардың сана-сезімінен мүлдем басқаша. Бүгінгі таңда өнер туындысы, тарихи естелік ретінде немесе сән үшін салынған суреттер мен жасалған мүсіндерге, ешкім құлдық ұрып табынбайды, өйткені аталған дүниелер бүгін өнер туындысы және тарихи-мәдени мұра ретінде бағаланады. Кезінде сахабалардың және олардан кейінгі мұсылмандардың Мысыр, Иран, Туркия және т.б. елдердегі тарихи ескерткіштерді, соның ішінде сан мыңдаған тас мүсіндер мен көне мазарларды бұзбай сол күйінде қалдыруы да бекер болмаса керек. Яғни олар аталған ескерткіштерге бұрынғы өркениеттерден қалған тарихи-мәдени мұра ретінде қараған. Ендеше, жоғарыдағы хадистерді де осы тұрғыдан пайымдап, түсінген жөн. Дегенмен бұл – мұсылмандар емін-еркін сурет салып, мүсін жасаумен айналыса берсін, сондай-ақ үй-жайларына суреттер мен мүсіндерді толтырып қоя берсін дегенді білдірмейді. Біз қайткен күнде де, осы уақытқа дейін қалыптасқан үй-жайларға жанды нәрселердің суретін ілмейтін, мүсінін қоймайтын мұсылмандық ғұрып пен мәдениетті сақтауымыз керек. Өйткені бұл – мұсылман үмбетін өзге қауымдар мен мәдениеттерден ерекшелейтін үрдіс екені белгілі. Ең дұрысын Алла біледі!

Түсіндірме (орысша)

В первые годы существования ислама было строго запрещено изображать живые существа, создавать их изваяния и возводить высокие надгробия. Главная причина и мудрость этого запрета заключались в том, что народы той эпохи, в том числе и арабы, лишь недавно начали освобождаться от поклонения идолам и некоторым другим творениям. По всей видимости, столь строгий запрет был установлен для того, чтобы полностью и окончательно очистить сознание и верования этих народов от чрезмерного почитания идолов и иных творений и утвердить вместо этого веру в единобожие. Известный ханафитский учёный Бадруддин аль-Айни в своём комментарии к «Сахиху аль-Бухари» писал по этому поводу: «В первые годы существования ислама идолопоклонство ещё не было полностью искоренено. Поэтому наш Пророк ﷺ строго запретил любые изображения, даже нанесённые на ткань. Позднее, когда вера в единобожие прочно утвердилась, он разрешил изображения на тканях» («Умдат аль-Кари шарх Сахих аль-Бухари», 22/74).

Однако сегодня сознание и мировоззрение людей во многих цивилизованных мусульманских странах, в том числе и в нашей стране, совершенно отличаются от сознания людей прежних эпох. В наши дни никто не преклоняется и не поклоняется изображениям и скульптурам, созданным как произведения искусства, в память о прошлом или ради украшения, поскольку сегодня всё это воспринимается как произведения искусства и историко-культурное наследие.

По-видимому, неслучайно сподвижники, а вслед за ними и последующие поколения мусульман сохранили в Египте, Иране, Турции и других странах исторические памятники, в том числе многие тысячи каменных изваяний и древних гробниц, не разрушив их. Иными словами, они относились к этим памятникам как к историко-культурному наследию, оставшемуся от прежних цивилизаций.

Следовательно, приведённые выше хадисы также следует осмысливать и понимать с этой точки зрения.

Однако это не означает, что мусульманам дозволено без каких-либо ограничений изображать живые существа и создавать изваяния, а также наполнять ими свои дома. При любых обстоятельствах нам следует сохранять сложившиеся мусульманские обычаи и культуру, согласно которым в жилищах не вывешивают изображения живых существ и не устанавливают их изваяния. Ведь известно, что эта традиция отличает мусульманскую умму от иных народов и культур. Аллах знает лучше!