Хадис

Риядус-салихин, № 1689

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
305. Бейнелеу өнерінің тыйым салынған түрлері
Нөмірі
№ 1689 (қазақша басылым реті)
1689
Риядус-салихин, № 1689

عَنْ أَبِى الْهَيَّاجِ حَيَّانَ بِن حُصَيْنٍ، قَالَ: قَالَ لِى عَليُّ بْنِ أَبِى طالب: أَلَا أبْعَثُكَ عَلَى مَا بَعَثَنِى عَلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ؟ أن لَا تَدَعَ صُورَةً إِلَّا طَمَسْتَهَا، وَلَا قَبْرًا مُشْرفًا إِلَّا سَوَّيْتَهُ

Қазақша аудармасы

Әбу әл-Һайяж Хаян ибн Хусайн: Әли ибн Әбу Тәліп (р.а.) маған: «Алла елшісі ﷺ мені жұмсаған бір іске сені жұмсайын ба?! Қай жерде жанды нәрсенің бейнесін көрсең, соны міндетті түрде жой, қай жерден биік қабір көрсең, соны міндетті түрде тегістеп жібер», – деп айтты», – деген (Муслим: 2243, Ахмад: 741).

Орысша аудармасы

Абу аль-Хайядж Хайян ибн Хусайн передал: «Али ибн Абу Талиб (да будет доволен им Аллах) сказал мне: “Не поручить ли тебе дело, с которым Посланник Аллаха ﷺ послал меня? Где бы ты ни увидел изображение живого существа, непременно уничтожь его, а где бы ни увидел возвышающуюся могилу, непременно сровняй её с землёй”» (Муслим: 2243; Ахмад: 741).

Түсіндірме (қазақша)

Ислам дінінің алғашқы дәуірінде тірі жаратылыстардың суретін салуға, мүсінін жасауға және қабірлерді биік етіп тұрғызуға қатаң түрде тыйым салынған болатын. Мұның басты себебі мен хикметі – сол дәуірдегі қауымдар, соның ішінде араб қауымы пұттарға және кейбір жаратылыстарға табынушылықтан жаңадан арылып келе жатқан болатын. Сол қауымдардың сана-сезімі мен наным-сенімін пұттар мен өзге де жаратылыстарды әсіре дәріптеуден толық әрі түбегейлі арылтып, оның орнына таухид сенімін орнықтыру үшін аталған дүниелерге осылай қатаң түрде тыйым салынған болуы керек. Бұған қатысты әйгілі ханафи ғалымы Бәдруддин әл-Айни «Сахих Бұхариге» жазған түсіндірмесінде былай деп жазған: «Исламның алғашқы кезеңінде пұтқа табынушылық толық жойыла қоймаған еді. Сонда пайғамбарымыз ﷺ барлық бейне атаулыдан, тіпті маталарда бейнеленген суреттерге де қатаң тыйым салды. Кейін таухид сенімі әбден орныққан соң маталарда бейнеленген суреттерге рұқсат берді». (Умдат әл-Қари Шарх сахих әл-Бұхари, 22/74) Ал бүгінгі көптеген өркениетті мұсылман елдеріндегі, соның ішінде біздің елдегі адамдардың сана-сезімі мен дүниетанымы баяғы замандардағы адамдардың сана-сезімінен мүлдем басқаша. Бүгінгі таңда өнер туындысы, тарихи естелік ретінде немесе сән үшін салынған суреттер мен жасалған мүсіндерге, ешкім құлдық ұрып табынбайды, өйткені аталған дүниелер бүгін өнер туындысы және тарихи-мәдени мұра ретінде бағаланады. Кезінде сахабалардың және олардан кейінгі мұсылмандардың Мысыр, Иран, Туркия және т.б. елдердегі тарихи ескерткіштерді, соның ішінде сан мыңдаған тас мүсіндер мен көне мазарларды бұзбай сол күйінде қалдыруы да бекер болмаса керек. Яғни олар аталған ескерткіштерге бұрынғы өркениеттерден қалған тарихи-мәдени мұра ретінде қараған. Ендеше, жоғарыдағы хадистерді де осы тұрғыдан пайымдап, түсінген жөн. Дегенмен бұл – мұсылмандар емін-еркін сурет салып, мүсін жасаумен айналыса берсін, сондай-ақ үй-жайларына суреттер мен мүсіндерді толтырып қоя берсін дегенді білдірмейді. Біз қайткен күнде де, осы уақытқа дейін қалыптасқан үй-жайларға жанды нәрселердің суретін ілмейтін, мүсінін қоймайтын мұсылмандық ғұрып пен мәдениетті сақтауымыз керек. Өйткені бұл – мұсылман үмбетін өзге қауымдар мен мәдениеттерден ерекшелейтін үрдіс екені белгілі. Ең дұрысын Алла біледі!

Түсіндірме (орысша)

В первые годы существования ислама было строго запрещено изображать живые существа, создавать их изваяния и возводить высокие надгробия. Главная причина и мудрость этого запрета заключались в том, что народы той эпохи, в том числе и арабы, лишь недавно начали освобождаться от поклонения идолам и некоторым другим творениям. По всей видимости, столь строгий запрет был установлен для того, чтобы полностью и окончательно очистить сознание и верования этих народов от чрезмерного почитания идолов и иных творений и утвердить вместо этого веру в единобожие. Известный ханафитский учёный Бадруддин аль-Айни в своём комментарии к «Сахиху аль-Бухари» писал по этому поводу: «В первые годы существования ислама идолопоклонство ещё не было полностью искоренено. Поэтому наш Пророк ﷺ строго запретил любые изображения, даже нанесённые на ткань. Позднее, когда вера в единобожие прочно утвердилась, он разрешил изображения на тканях» («Умдат аль-Кари шарх Сахих аль-Бухари», 22/74).

Однако сегодня сознание и мировоззрение людей во многих цивилизованных мусульманских странах, в том числе и в нашей стране, совершенно отличаются от сознания людей прежних эпох. В наши дни никто не преклоняется и не поклоняется изображениям и скульптурам, созданным как произведения искусства, в память о прошлом или ради украшения, поскольку сегодня всё это воспринимается как произведения искусства и историко-культурное наследие.

По-видимому, неслучайно сподвижники, а вслед за ними и последующие поколения мусульман сохранили в Египте, Иране, Турции и других странах исторические памятники, в том числе многие тысячи каменных изваяний и древних гробниц, не разрушив их. Иными словами, они относились к этим памятникам как к историко-культурному наследию, оставшемуся от прежних цивилизаций.

Следовательно, приведённые выше хадисы также следует осмысливать и понимать с этой точки зрения.

Однако это не означает, что мусульманам дозволено без каких-либо ограничений изображать живые существа и создавать изваяния, а также наполнять ими свои дома. При любых обстоятельствах нам следует сохранять сложившиеся мусульманские обычаи и культуру, согласно которым в жилищах не вывешивают изображения живых существ и не устанавливают их изваяния. Ведь известно, что эта традиция отличает мусульманскую умму от иных народов и культур. Аллах знает лучше!