Хадис

Риядус-салихин, № 1688

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
305. Бейнелеу өнерінің тыйым салынған түрлері
Нөмірі
№ 1688 (қазақша басылым реті)
1688
Риядус-салихин, № 1688Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: واعدَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ جِبْرِيلُ عليهِ السَّلَامُ، فِى سَاعَةٍ أَنْ يَأْتِيَهُ، فَجَاءَتْ تِلْكَ السَّاعَةُ وَلَمْ يَأْتِهِ! قَالَتْ: وَكَانَ بِيَدِهِ عَصًا، فَطَرَحَهَا مِنْ يَدِهِ وَهُوَ يَقُولُ: «ما يُخْلِفُ اللَّهُ وَعْدَهُ وَلَا رُسُلُهُ» ثُمَّ التَفَتَ، فإِذَا جَرْوُ كَلْبٍ تَحْتَ سَرِيرِهِ. فَقَالَ: «مَتَى دَخَلَ هَذَا الْكَلْبُ؟» فَقُلْتُ: واللَّهِ مَا دَرَيْتُ بِهِ، فَأَمَرَ بِهِ فَأُخْرِجَ، فَجَاءهُ جِبْرِيلُ تَعَالَى، فَقَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَعَدْتَنِى، فَجَلَسْتُ لَكَ وَلَمْ تَأتِني» فَقَالَ: مَنَعَنِى الْكَلْبُ الَّذِى كانَ فِى بَيْتِكَ، إِنَّا لَا نَدْخُلُ بَيْتًا فِيهِ كَلْبٌ وَلَا صُورَةٌ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Жәбірейіл періште Алла елшісіне ﷺ белгілі бір уақытта келемін деп уәде берген еді. Уәде берген уақыт келгенде, ол келмеді. Сонда Алланың елшісі қолындағы таяқты лақтырып жіберді де: «Алла да, елші періштелері де берген уәделерінен әсте таймайды!» – деді. Содан жан-жағына көз жүгіртіп қараса, төсегінің астында бір күшік жатыр екен, ол: «Мына ит қашан кіріп кеткен?» – дегенде, мен: «Алланың атымен ант етейін, оны білмеймін», – дедім. Оны үйден дереу шығаруды бұйырды, сөйтіп ол үйден шығарылды. Соның артынша оған Жәбірейіл (а.с.) де келді. Алланың елшісі оған: «Маған уәде берген едің, мен отырып күттім, бірақ келмедің», – дегенде, ол: «Келуіме үйіңдегі ит бөгет болды. Біз ішінде ит пен жанды нәрсенің бейнесі болған үйге кірмейміз», – деп жауап берді», – деген (Муслим: 5511, Ахмад: 25100).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Ангел Джибрил обещал Посланнику Аллаха ﷺ прийти к нему в определённое время. Когда назначенное время наступило, он не пришёл. Тогда Посланник Аллаха ﷺ отбросил посох, который держал в руке, и сказал: “Ни Аллах, ни Его ангелы-посланники никогда не нарушают данных обещаний!” Затем он огляделся и увидел под своей кроватью щенка. Он спросил: “Когда сюда попала эта собака?” Я ответила: “Клянусь Аллахом, я не знаю”. Тогда он велел немедленно вывести щенка из дома, и его вывели. Вслед за этим к нему явился Джибрил (мир ему). Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: “Ты обещал прийти ко мне. Я сидел и ждал тебя, однако ты не пришёл”. Джибрил ответил: “Прийти к тебе мне помешала собака, находившаяся в твоём доме. Мы не входим в дом, в котором есть собака или изображение живого существа”» (Муслим: 5511; Ахмад: 25100).

Түсіндірме (қазақша)

Исламдағы классикалық және консервативтік ұстаным бойынша адам, жан-жануар және жәндіктер сынды тіршілік иелерінің суретін салып, мүсінін жасауға қатаң тыйым салынады. Ал егер адамның қолынан келер жалғыз кәсібі және бір ғана табыс көзі сол болса, табиғаттың немесе жансыз нәрселерді бейнелеуіне рұқсат беріледі. Бүгінгі таңда кейбір дін ғалымдары жоғарыдағы хадистерде тыйым салынған жанды нәрселердің суреті мен мүсінін табынуға арналған суреттер мен мүсіндер немесе Жаратушыға ұқсау ниетімен салынған суреттер мен жасалған мүсіндер, деп түсіндіреді. Демек, бұл көзқарас бойынша, табыну мақсатында немесе Жаратушыға ұқсау ниетімен жасалмаған мүсіндер мен суреттер жай өнер туындысы ретінде бағаланып, оларға қатаң түрде тыйым салынбайды. Аталған ғалымдар мұндай көзқарасты алға тартқанда, сурет пен мүсінге қатаң түрде тыйым салатын жоғарыдағы хадистерді пұтқа табынушылықтан жаңадан арылған исламның алғашқы дәуіріндегі қауымдарға, соның ішінде араб қауымына қарата айтылған деп пайымдаған. Өйткені сол кездегі адамдардың сана-сезімі пұттарды дәріптеу мен оларға табынудан жаңадан арылып, таухид сеніміне енді ғана оралған болатын. Бұған қатысты әйгілі ханафи ғалымы Бәдруддин әл-Айни «Сахих Бұхариге» жазған түсіндірмесінде былай деп жазған: «Исламның алғашқы кезеңінде пұтқа табынушылық толық жойыла қоймаған еді. Сонда пайғамбарымыз ﷺ барлық бейне атаулыдан, тіпті маталарда бейнеленген суреттерге де қатаң тыйым салды. Кейін таухид сенімі әбден орныққан соң маталарда бейнеленген суреттерге рұқсат берді». (Умдат әл-Қари Шарх сахих әл-Бұхари, 22/74) Дегенмен бұл, мұсылмандар емін-еркін сурет салып, мүсін жасаумен айналыса берсін, сондай-ақ үй-жайларына суреттер мен мүсіндерді толтырып қоя берсін дегенді білдірмейді. Біз қайткен күнде де, осы уақытқа дейін қалыптасқан үй-жайларға жанды нәрселердің суретін ілмейтін, мүсінін қоймайтын мұсылмандық ғұрып пен мәдениетті сақтағанымыз жөн. Өйткені бұл – мұсылман үмбетін өзге қауымдар мен мәдениеттерден ерекшелейтін үрдіс екені белгілі. Ең дұрысын Алла біледі!

Түсіндірме (орысша)

Согласно классической и консервативной позиции в исламе, рисовать изображения и создавать скульптуры таких живых существ, как люди, животные и насекомые, строго запрещено. Если же это единственное ремесло, которым человек владеет, и единственный источник его дохода, ему разрешается изображать природу или неодушевлённые предметы.

Сегодня некоторые богословы объясняют, что под изображениями и скульптурами живых существ, запрещёнными в приведённых выше хадисах, подразумеваются изображения и изваяния, предназначенные для поклонения, либо созданные с намерением уподобиться Творцу. Следовательно, согласно этой точке зрения, изображения и скульптуры, не предназначенные для поклонения и не созданные с намерением уподобиться Творцу, рассматриваются лишь как произведения искусства и не подпадают под строгий запрет.

Выдвигая подобную точку зрения, эти учёные исходят из того, что приведённые выше хадисы, строго запрещающие изображения и скульптуры, были обращены к общинам раннего периода ислама, лишь недавно освободившимся от идолопоклонства, в том числе к арабскому обществу. Ведь сознание людей того времени лишь недавно освободилось от возвеличивания идолов и поклонения им, и они только начинали возвращаться к вере в единобожие.

По этому поводу известный ханафитский учёный Бадруддин аль-Айни написал в своём комментарии к «Сахиху аль-Бухари»: «В ранний период ислама идолопоклонство ещё не было полностью искоренено. Тогда наш Пророк ﷺ строго запретил любые изображения – даже те, что были нанесены на ткань. Позднее, когда вера в единобожие окончательно утвердилась, он разрешил изображения на тканях» («Умдат аль-Кари шарх Сахих аль-Бухари», 22/74).

Тем не менее это не означает, что мусульманам позволено без всяких ограничений заниматься рисованием и созданием скульптур, а также заполнять ими свои дома. В любом случае нам следует сохранять сложившиеся к настоящему времени мусульманские обычаи и культуру, согласно которым в домах не развешивают изображения живых существ и не устанавливают их скульптуры. Ведь известно, что это одна из традиций, отличающих мусульманскую умму от других общин и культур. Аллах знает лучше!