Хадис

Риядус-салихин, № 1810

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
370. Әр алуан тақырыптардағы хадистер
Нөмірі
№ 1810 (қазақша басылым реті)
1810
Риядус-салихин, № 1810

عَنْ النواس بْنِ سمعان قَالَ: ذَكَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الدَّجَّالَ ذَاتَ غَدَاةٍ، فَخَفَّضَ فِيهِ وَرَفَّعَ حَتَّى ظَنَنَّاهُ فِى طَائِفَةِ النَّخْلِ. فَلَمَّا رُحْنَا إِلَيْهِ، عَرَفَ ذَلِكَ فِينَا، فَقَالَ: «مَا شَأنُكُمْ؟» قُلْنَا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، ذَكَرْتَ الدَّجَّالَ الْغَدَاةَ، فَخَفَّضْتَ فِيهِ وَرَفَّعْتَ، حَتَّى ظَنَنَّاهُ فِى طَائِفَةِ النَّخْلِ، فَقَالَ: «غَيْرُ الدَّجَّالِ أَخْوَفنِى عَلَيْكُمْ، إِنْ يَخْرُجْ وَأَنَا فِيكُمْ، فَأَنَا حَجِيجُهُ دُونَكُمْ؛ وَإِنْ يَخْرُجْ وَلَسْتُ فِيكُمْ، فَامْرُؤٌ حَجيجُ نَفْسِهِ، واللَّهُ خَلِيفَتي عَلَى كُلِّ مُسْلِمٍ. إِنَّهُ شَابٌّ قَطَطٌ عَيْنُهُ طَافِيَةٌ كَأنّي أُشَبِّهُهُ بعَبْدِ الْعُزَّى بْنِ قَطَنٍ، فَمَنْ أدْرَكَهُ مِنْكُمْ، فَلْيَقْرَأ عَلَيْهِ فَواتِحَ سُورَةِ الْكَهْفِ؛ إِنَّهُ خَارِجٌ خَلَّةً بَيْنَ الشَّامِ وَالعِرَاقِ، فَعَاثَ يَمِينًا وَعَاثَ شِمالًا، يَا عِبَادَ اللَّهِ فَاثْبُتُوا» قُلْنَا: يَا رسُولَ اللَّهِ، وَمَا لُبْثُهُ فِى الْأَرْضِ؟ قَالَ: «أَرْبَعُونَ يَوْمًا: يَوْمٌ كَسَنَةٍ، وَيَوْمٌ كَشَهْرٍ، وَيَوْمٌ كَجُمْعَةٍ، وَسَائِرُ أَيَّامِهِ كَأَيَّامِكُمْ» قُلْنَا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَذَلِكَ الْيَوْمُ الَّذِى كَسَنَةٍ أتَكْفِينَا فِيهِ صَلَاةُ يَوْمٍ؟ قَال: «لَا، اقْدُرُوا لَهُ قَدْرَهُ». قُلْنَا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَمَا إِسْراعُهُ فِى الْأَرْضِ؟ قَالَ: «كَالغَيْثِ اسْتَدْبَرَتْهُ الرِّيحُ، فَيَأْتِى عَلَى الْقَوْمِ، فَيدْعُوهُم فَيُؤمِنُونَ بِهِ وَيَسْتَجِيبُونَ لَهُ، فَيَأْمُرُ السَّمَاءَ فَتُمْطِرُ، وَالْأَرْضَ فَتُنْبِتُ، فَتَرُوحُ عَلَيْهِمْ سَارِحَتُهُمْ أطْوَلَ مَا كَانَتْ ذُرىً وَأسْبَغَهُ ضُرُوعًا، وأمَدَّهُ خَوَاصِرَ، ثُمَّ يَأْتِى الْقَوْمَ فَيَدْعُوهُمْ، فَيَرُدُّونَ عَلَيْهِ قَولَهُ، فَيَنْصَرفُ عَنْهُمْ، فَيُصْبِحُونَ مُمْحِلِينَ لَيْسَ بِأيْدِيهِمْ شَيْءٌ مِنْ أمْوَالِهِمْ، وَيَمُرُّ بِالخَرِبَةِ فَيَقُولُ لَهَا: أخْرِجِى كُنُوزَكِ، فَتَتْبَعُهُ كُنُوزُهَا كَيَعَاسِيبِ النَّحْلِ، ثُمَّ يَدْعُو رَجُلًا مُمْتَلِئًا شَبَابًا فَيَضْرِبُهُ بِالسَّيْفِ، فَيَقْطَعُهُ جِزْلَتَيْنِ رَمْيَةَ الْغَرَضِ، ثُمَّ يَدْعُوهُ، فَيُقْبِلُ، وَيَتَهَلَّلُ وَجْهُهُ يَضْحَكُ، فَبَيْنَمَا هُوَ كَذَلِكَ إِذْ بَعَثَ اللَّهُ تَعَالَى الْمَسيحَ ابْنَ مَرْيَمَ ﷺ، فَيَنْزِلُ عِنْدَ الْمَنَارَةِ الْبَيْضَاءِ شَرْقِيَّ دِمَشقَ بَيْنَ مَهْرُودَتَيْنِ، وَاضِعًا كَفَّيْهِ عَلَى أَجْنِحَةِ مَلَكَيْنِ، إِذا طَأطَأَ رَأسَهُ قَطَرَ، وَإِذَا رَفَعَهُ تَحَدَّرَ مِنهُ جُمَانٌ كَاللُّؤْلُؤ، فَلَا يَحِلُّ لِكَافِرٍ يَجِدُ رِيحَ نَفَسِهِ إِلَّا مَاتَ، وَنَفَسُهُ يَنْتَهِى إِلَى حَيثُ يَنْتَهِى طَرْفُهُ، فَيَطْلُبُهُ حَتَّى يُدْرِكَهُ بِبَابِ لُدٍّ فَيَقْتُلُهُ، ثُمَّ يَأْتِى عِيسَى ﷺ، قَومًا قَدْ عَصَمَهُمُ اللَّهُ مِنهُ، فَيَمْسَحُ عَنْ وُجُوهِهِمْ وَيُحَدِّثُهُمْ بِدَرَجَاتِهِمْ فِى الْجَنَّةِ، فَبَيْنَمَا هُوَ كَذَلِكَ إِذْ أوْحَى اللَّهُ تَعَالَى إِلَى عِيسَى ﷺ: أنِّى قَدْ أخْرَجْتُ عِبَادًا لِى لَا يَدَانِ لأَحَدٍ بِقِتَالِهِمْ، فَحَرِّزْ عِبَادِى إِلَى الطُّورِ. وَيَبْعَثُ اللَّهُ يَأجُوجَ وَمَأجُوجَ وَهُمْ مِنْ كُلِّ حَدَبٍ يَنْسِلُونَ، فَيَمُرُّ أوائِلُهُمْ عَلَى بُحيرَةِ طَبَرِيَّةَ فَيَشْرَبُونَ مَا فِيهَا، وَيَمُرُّ آخِرُهُمْ فَيَقُولُونَ: لَقَدْ كَانَ بهَذِهِ مَرَّةً ماءٌ، وَيُحْصَرُ نَبِيُّ اللَّهِ عِيسَى ﷺ وأَصْحَابُهُ حَتَّى يَكُونَ رَأْسُ الثَّوْرِ لأَحَدِهِمْ خَيْرًا مِنْ مِئَةِ دِينَارٍ لأَحَدِكُمُ الْيَوْمَ، فَيَرْغَبُ نَبِيُّ اللَّهِ عِيسَى ﷺ وأَصْحَابُهُ إِلَى اللَّهِ تَعَالَى، فَيُرْسِلُ اللَّهُ تَعَالَى عَلَيْهِمُ النَّغَفَ فِى رِقَابِهِمْ، فَيُصْبِحُونَ فَرْسَى كَمَوْتِ نَفْسٍ وَاحِدَةٍ، ثُمَّ يَهْبِطُ نَبِيُّ اللَّهِ عِيسَى ﷺ، وأَصْحَابُهُ إِلَى الْأَرْضِ، فَلَا يَجِدُونَ فِى الْأَرْضِ مَوْضِعَ شِبْرٍ إِلَّا مَلأَهُ زَهَمُهُمْ وَنَتَنُهُمْ، فَيَرْغَبُ نَبِيُّ اللَّهِ عِيسَى ﷺ وَأَصْحَابُهُ إِلَى اللَّهِ تَعَالَى، فَيُرْسِلُ اللَّهُ تَعَالَى طَيْرًا كَأَعْنَاقِ الْبُخْتِ، فَتَحْمِلُهُمْ، فَتَطْرَحُهُمْ حَيثُ شَاءَ اللَّهُ، ثُمَّ يُرْسِلُ اللَّهُ تَعَالَى مَطَرًا لَا يُكِنُّ مِنهُ بَيْتُ مَدَرٍ وَلَا وَبَرٍ، فَيَغْسِلُ الْأَرْضَ حَتَّى يَتْرُكَهَا كَالزَّلَقَةِ، ثُمَّ يُقَالُ للأرْضِ: أنْبِتي ثَمَرتكِ، وَرُدِّى بَرَكَتَكِ، فَيَوْمَئِذٍ تَأكُلُ الْعِصَابَةُ مِنَ الرُّمَّانَةِ، وَيَسْتَظِلُّونَ بِقَحْفِهَا، وَيُبَارَكُ فِى الرِّسْلِ حَتَّى أَنَّ اللّقْحَةَ مِنَ الْإِبِلِ لَتَكْفِى الْفِئَامَ مِنَ النَّاسِ؛ وَاللِّقْحَةَ مِنَ الْبَقَرِ لَتَكْفِى الْقَبِيلَةَ مِنَ النَّاسِ، وَاللِّقْحَةَ مِنَ الْغَنَمِ لَتَكْفِى الْفَخِذَ مِنَ النَّاسِ؛ فَبَيْنَمَا هُمْ كَذَلِكَ إِذْ بَعَثَ اللَّهُ تَعَالَى رِيحًا طَيِّبَةً فَتَأْخُذُهُمْ تَحْتَ آبَاطِهِمْ فَتَقْبِضُ رُوحَ كُلِّ مُؤْمِنٍ وَكُلِّ مُسْلِمٍ؛ وَيَبْقَى شِرَارُ النَّاسِ يَتَهَارَجُونَ فِيها تَهَارُجَ الْحُمُرِ، فَعَلَيْهِمْ تَقُومُ السَّاعَةُ»

Қазақша аудармасы

Нәууәс ибн Сәмған (р.а.): «Бірде таңертең Алла елшісі ﷺ бізге Тажал жайлы әңгіме қозғап, ол туралы тәптіштеп айтып берді. Әңгіме барысында Алла елшісі кейде Тажалды қор санайтынын білдіріп, дауысын бәсеңдетсе, кейде оның қаншалықты сор екенін білдіру үшін барынша дауысын көтеріп сөйледі. Сонда Тажал бізге құдды Мәдинаның шетіндегі құрма бақшасында жасырынып жүргендей көрінді. Сол күні Пайғамбарымыздың қасына қайта барғанымызда біздің әлденені уайымдап әрі содан қорқып тұрғанымызды байқап: «Сендерге не болған?» – деп сұрады. Біз: «Уа, Расулалла! Таңертең бізге Тажал жайлы біресе оны қор санап, даусыңызды бәсеңдетіп, біресе оның қаншалықты сор екенін білдіру үшін дауысыңызды көтеріп, ол туралы тәптіштеп айтып бергеніңізге қарағанда біз оны Мәдинаның шетіндегі құрма бақтарына келіп қалды ма деген ойға да қалдық», – дедік. Сонда Алла елшісі: «Асылында, мен сендер үшін Тажалдан емес, бастарыңа келетін басқа бәле-жаладан қорқамын, өйткені егер Тажал мен барда келсе, оған өзім қарсы тұрып, айтқандарын жоққа шығарамын әрі сендерді оның арбауынан қорғаймын. Ал егер менен кейін келсе, оның азғыруынан әркім өз басын арашалап қалуға тырысып бағуы керек. Сол уақытта Алла Тағала мені жоқтатпай, әрбір шынайы мұсылманды Өзі желеп-жебеп, Тажалдың кесір-кесапатынан сақтап қалады. Тажал – бұйра шашты, шығыңқы көзді жас жігіттің кейпінде келеді. Мен оны жәһилият дәуірінде өмір сүрген Абдулузза ибн Қатанға ұқсатамын. Кімде-кім онымен замандас болса, «Кәһф» сүресінің алғашқы аяттарын (яғни, алғашқы он аятын) оқуды әдетке айналдыру арқылы оның кесірінен сақтансын. Ол Ирак пен Шам арасындағы өңірден шығып, жан-жағына арсыздық атаулының бәрін жайып, адамдарды азғырумен болады. Ендеше, уа, Алланың құлдары! Бастарыңа сондай ауыр күн туғанда, тура жолдан таймай, хақ дінді берік ұстаныңдар», – деп айтты. Біз: «Уа, Расулалла! Ол жер бетінде қанша уақыт өмір сүреді?» – деп сұрадық. Сонда ол: «Қырық күн. Алайда оның ішіндегі бір күні (сендердің есептерің бойынша) бір жылға, тағы бір күні бір айға, енді бір күні бір жұмаға тең келіп, қалған күндерінің жай күндерден айырмашылығы болмайды», – деп жауап берді. Сол кезде біз: «Уа, Расулалла! Ұзақтығы бір жылға созылатын әлгі күнде бір күннің намазын ғана оқысақ жеткілікті бола ма?» – деп сұрадық. Расулалла: «Жоқ, жеткілікті болмайды. Соған қарай намаз уақыттарын өздерің есептеп оқисыңдар», – деді. Біз тағы: «Уа, Расулалла! Ол жер бетін қандай жылдамдықпен шарлайды?» – деп сұрадық. Алла елшісі: «Артынан жел қуған жаңбыр бұлты секілді жылдам жүріп өтеді. Бір қауымға келіп, оларды (өзінің құдай екенін мойындауға) шақырады. Әлгі қауым оған сеніп, иман келтіреді. Сонда ол аспанға бұйрық бергенде, нөсерлетіп тұрып жаңбыр жауады, жерге бұйрық бергенде, жер бетіне көзді ашып-жұмғанша көк қаулап шыға келеді, сондай-ақ жайылымға кеткен малдың өркештері семіздіктен тіп-тік болып, желіндері жер сызып, бүйірлері шығып, сауырынан жарылып, қоң жинап қайтады. Содан кейін тағы бір қауымға келіп, оларды да өзіне иман келтіруге шақырады. Алайда олар оның сөзіне сенбей, иман келтіруден бас тартады. Ол оларға тиіспей, өз жөніне кетіп қалады. Ертесі күні әлгі қауым қатты қуаңшылыққа ұшырап, қолдарындағы бүкіл малынан әрі дүниелерінен бір сәтте айырылып қалады. Тажал жол-жөнекей қаңырап қалған бір жерден өтіп бара жатып әлгі жерге: «Қойнауыңдағы қазыналарыңды шығар», – деп бұйырады. Сонда әлгі жердің астындағы қазыналар ақтарылып, бейне бір еркек араның соңынан ерген ұялы араға ұқсап, Тажалдың соңынан шұбыра жөнеледі. Содан соң Тажал (адамдарға өзінің құдіретін көрсету үшін немесе өзін жоққа шығарғаны үшін) балғын бір жас жігітті қасына шақырып алады да, оған қылышын сермейді. Жас жігіттің денесі ортасынан қақ бөлініп, екі жаққа оқ жетер жерге дейін қалпақтай ұшып түседі. Өз қолымен мерт қылған балғын жігітті өзіне шақырғанда, ол тіріліп, жүзі қуаныштан бал-бұл жанып, күлімсіреген күйі қайтып оралады. Осы кезде Алла Тағала (Тажалға қарсы) Мәриямұлы Мәсіхті (а.с.) жібереді. Ол көктен үстіне (сары түске) боялған қос киім киіп, қолын екі періштенің қанатына қойған күйде Дамаск қаласының шығысындағы Ақмұнара деген жерге түседі. Мәсіх (а.с.) басын исе, басынан су тамшылап, көтерсе, інжу тәрізді күміс тамшылар сырғып түсетін болады. Оның жұпар аңқыған демінен кәпір атаулы баудай түсіп, сеспей қатады. Оның демі көзі жеткен жерге дейін еркін таралады. Содан ол Тажалдың соңына түсіп, ақырында оны (Құдус маңындағы) «Бәбу Лүдд» деп аталатын елді мекенге жеткенде ұстап алып, өлтіреді. Содан кейін Иса (а.с.) пайғамбар Тажалдың арбауы мен азғыруынан Алланың өзі сақтап қалған бір қауымға келіп, тәбәрік ретінде олардың беттерінен сипап (бұдан былай сендерге Тажалдан ешқандай қауіп төнбейді деп, қорқынышын сейілтеді) әрі жұмақта қол жеткізетін дәрежелері жайлы айтып береді. Сол сәтте Алла Тағала Иса (а.с.) пайғамбарға: «Мен жер бетіне ешкім де күшпен жеңе алмайтын құлдарымды шығардым. Ендеше, қасыңдағы өзіңе ерген құлдарымды (олар үшін қауіпсіз жер болған) Тур тауына алып барып, сол жерге бекініңдер» деген уахи түсіреді. Сөйтіп, Алла Тағала жер бетіне Яжүж бен Мәжүж қауымын қаптатады. Олар әр жота, әр қырқадан (жан-жақтан) көз ілеспес жылдамдықпен ағыла бастайды. Алды (Өлі теңіздің маңындағы) Табария көліне жетіп, ондағы суды сіміріп, тауысып қояды. Ал соңы болса, аталмыш көлдің маңайынан өтіп бара жатып: «Бұл жерде бір кездері шынымен де су болған екен деседі. Сөйтіп, Алланың пайғамбары Иса (а.с.) мен оның жолдастары Тур тауында қоршауда қалады. Соңында (қоршауда ұзақ қалып, әбден ашыққаннан) олардың әрқайсысы үшін өгіздің қу басы бүгінгі таңдағы жүз динардан да артық болады. Сонда Алланың пайғамбары Иса (а.с.) және оның қасындағы мүміндер (р.а.) Аллаға жалбарына бастайды. Алла Тағала олардың дұға-тілектерін қабыл алып, Яжүж бен Мәжүждің мойындарына құрт түсіреді. Келесі күнге дейін олардың бірде-біреуі қалмай, бір мезетте қырылып қалады. Содан кейін Алланың пайғамбары Иса (а.с.) және онымен бірге болған мүміндер (р.а.) таудан түседі. Олар жер бетінде Яжүж бен Мәжүж қауымының өліктерінің сасық иісі жетпеген бір сүйем жер таппайды. Сол кезде Алланың пайғамбары Иса (а.с.) және оның қасындағы мүміндер (р.а.) тағы да Аллаға жалбарына бастайды. Алла Тағала олардың дұға-тілектерін бұл жолы да қабыл алып, мойындары түйенің мойнына ұқсаған алып құстарды жібереді. Олар мүңкіген өліктерді Алланың бұйырған жеріне апарып тастайды. Артынша Алла Тағала балшықтан соғылған тамның да, сондай-ақ киіз үйдің де сау тамтығын қалдырмайтын шелектеп құйған нөсер жауын жауғызады. Жауын жер бетін жуып-шайып айнадай қылады. Содан кейін жерге: «Жемісіңді шығар, құт-берекеңді қайта көрсет», – деп бұйырады. Содан былай, бір топ адам бір анардың өзін әзер тауысып әрі оның қабығының астында саялайтын күн туады. Сүттің де берекесі кіреді. Бір ғана сауын түйенің сүті бір елге, бір сиырдың сүті бір руға, сондай-ақ бір қойдың сүті бір әулетке молынан жететін болады. Адамдардың ырысы тасып, мұңсыз-қамсыз шат-шадыман өмір сүріп жатқанда, Алла Тағала жер бетіне хош иісті самал жел жібереді. Аталмыш жел адамдардың қолтығының астынан есіп, мүмін-мұсылмандардың жанын өзімен бірге ала кетеді. Соңында, жер бетінде құдды есектер секілді құмары бір қанбайтын, жұрттың көзінше бір-бірімен жыныстық қатынасқа ұялмай бара беретін ең жаман, ең арсыз адамдар ғана қалады. Қиямет-қайым міне, солардың басына орнайды», – деп айтты», – деген (Муслим: 7373, Ахмад: 17629).

Орысша аудармасы

Наввас ибн Саман (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды утром Посланник Аллаха ﷺ заговорил с нами о Даджале и подробно рассказал о нём. В ходе рассказа он то понижал голос, показывая, насколько Даджаль ничтожен, то говорил во весь голос, давая понять, сколь велико исходящее от него бедствие. После этого нам стало казаться, будто Даджаль прячется в финиковой роще на окраине Медины. Когда в тот же день мы вновь пришли к Пророку ﷺ, он заметил, что мы чем-то встревожены и напуганы, и спросил: “Что с вами?” Мы ответили: “О Посланник Аллаха! Сегодня утром ты подробно рассказывал нам о Даджале, то понижая голос, словно считая его ничтожным, то повышая его, чтобы показать, сколь велико исходящее от него бедствие. Поэтому нам даже подумалось, что он уже добрался до финиковых рощ на окраине Медины”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “В действительности я боюсь за вас иных бедствий, которые могут вас постигнуть, ещё больше, чем Даджаля. Ведь если Даджаль явится, пока я нахожусь среди вас, я сам выступлю против него, опровергну его слова и защищу вас от его обмана. Если же он явится после меня, каждому придётся всеми силами спасать от его искушения самого себя. Тогда Аллах Всевышний Сам станет вашим Защитником вместо меня: Он поддержит каждого истинного мусульманина и убережёт его от зла Даджаля.

Даджаль явится в образе молодого человека с курчавыми волосами и выпуклым глазом. Я сравнил бы его с Абд аль-Уззой ибн Катаном, жившим во времена джахилии. Кому из вас доведётся жить с ним в одно время, пусть защищается от его зла, взяв за правило читать первые аяты суры ‘Аль-Кахф’ (то есть первые десять аятов). Он появится в местности между Ираком и Шамом, станет сеять вокруг всевозможное бесчестие и вводить людей в заблуждение. Поэтому, о рабы Аллаха, если на вашу долю выпадет такой тяжёлый день, не сходите с прямого пути и твёрдо держитесь истинной религии!”

Мы спросили: “О Посланник Аллаха! Сколько времени он пробудет на земле?” Он ответил: “Сорок дней. Однако один из них будет равен (по вашему исчислению) году, другой – месяцу, третий – неделе, а остальные дни ничем не будут отличаться от обычных”. Тогда мы спросили: “О Посланник Аллаха! Достаточно ли будет в тот день, который продлится целый год, совершить молитвы лишь одного дня?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Нет, этого будет недостаточно. Сами рассчитывайте время молитв соразмерно продолжительности этого дня”.

Мы вновь спросили: “О Посланник Аллаха! С какой скоростью он будет перемещаться по земле?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Он будет двигаться подобно дождевому облаку, подгоняемому ветром. Он придёт к одному народу и призовёт людей (признать его своим богом). Они поверят ему и уверуют в него. Тогда он прикажет небу, и оно прольёт обильный дождь; прикажет земле, и та в мгновение ока покроется густой зеленью. Скот, ушедший на пастбища, вернётся необычайно упитанным: горбы животных от тучности будут стоять торчком, вымя – почти волочиться по земле, бока округлятся, а широкие крупы будут словно лопаться от накопленного жира. Затем он придёт к другому народу и также призовёт его уверовать в него. Однако эти люди не поверят его словам и откажутся уверовать. Тогда он, не тронув их, удалится. На следующий день их постигнет жестокая засуха, и они в одно мгновение лишатся всего своего скота и имущества.

Проходя по пути через опустевшую местность, Даджаль прикажет ей: ‘Извлеки наружу свои сокровища!’ Тогда скрытые в её недрах сокровища выйдут наружу и потянутся вслед за Даджалем, словно пчелиный рой, следующий за своим вожаком. Затем Даджаль призовёт к себе юношу в расцвете лет (чтобы показать людям своё могущество или потому, что тот отверг его), взмахнёт мечом и рассечёт его тело пополам. Обе половины, кувыркаясь, разлетятся в разные стороны на расстояние полёта стрелы. Когда Даджаль вновь позовёт убитого им юношу, тот оживёт и вернётся к нему с сияющим от радости лицом и улыбкой.

Именно в это время Аллах Всевышний пошлёт (против Даджаля) Масиха, сына Марьям (мир ему). Он спустится у Белого минарета, расположенного к востоку от Дамаска, в двух одеяниях, окрашенных (в жёлтый цвет), возложив руки на крылья двух ангелов. Когда Масих (мир ему) склонит голову, с неё будет капать вода, а когда поднимет её, с неё станут скатываться серебристые капли, подобные жемчужинам. От его благоухающего дыхания всякий неверующий будет падать, словно скошенная трава, и умирать на месте. Его дыхание будет достигать тех пределов, до которых простирается его взор. Затем он пустится вслед за Даджалем, настигнет его у ворот Лудда (неподалёку от Кудса) и убьёт. После этого пророк Иса (мир ему) придёт к людям, которых Сам Аллах уберёг от обмана и искушения Даджаля, проведёт руками по их лицам в знак благословения (тем самым рассеяв их страх и дав понять, что отныне Даджаль больше не представляет для них никакой угрозы), а затем расскажет им о степенях, которых они достигнут в раю.

В этот момент Аллах Всевышний ниспошлёт пророку Исе (мир ему) откровение: ‘Я вывел на землю Моих рабов, которых никто не сможет одолеть силой. Поэтому отведи следующих за тобой Моих рабов на гору Тур (которая будет для них безопасным местом) и укрепитесь там’. Затем Аллах Всевышний наводнит землю народами Яджудж и Маджудж. Они с невообразимой быстротой устремятся с каждого холма и каждой возвышенности (со всех сторон). Первые из них достигнут озера Табария (Галилейского моря) и выпьют всю его воду. Последние же, проходя мимо этого озера, скажут: ‘Говорят, когда-то здесь действительно была вода’. Пророк Аллаха Иса (мир ему) и его последователи окажутся в осаде на горе Тур. В конце концов (долго оставаясь в осаде и изнемогая от голода) каждый из них будет ценить высохший бычий череп дороже нынешних ста динаров.

Тогда пророк Аллаха Иса (мир ему) и находящиеся рядом с ним верующие (да будет доволен ими Аллах) станут взывать к Аллаху. Аллах Всевышний примет их мольбы и поразит шеи Яджуджа и Маджуджа червями. К следующему дню ни одного из них не останется в живых – все они погибнут одновременно. Затем пророк Аллаха Иса (мир ему) и находящиеся с ним верующие (да будет доволен ими Аллах) спустятся с горы. Они не найдут на земле ни одной пяди, до которой не доходило бы зловоние от трупов Яджуджа и Маджуджа. Тогда пророк Аллаха Иса (мир ему) и находящиеся рядом с ним верующие (да будет доволен ими Аллах) вновь станут взывать к Аллаху. Аллах Всевышний снова примет их мольбы и пошлёт огромных птиц, шеи которых будут подобны верблюжьим. Эти птицы унесут смердящие трупы и сбросят их там, где повелит Аллах.

После этого Аллах Всевышний прольёт на землю столь обильный ливень, что от него не укрыться ни в глинобитном доме, ни в юрте. Дождь омоет землю и сделает её чистой, словно зеркало. Затем земле будет велено: ‘Принеси свои плоды и вновь яви свою благодать’. С этого времени целая группа людей будет с трудом доедать один гранат и укрываться в тени его кожуры. Благодать появится и в молоке: молока одной дойной верблюдицы будет с избытком хватать целой общине, молока одной коровы – целому роду, а молока одной овцы – целой семье.

Когда люди станут жить в изобилии, без печалей и забот, радуясь жизни, Аллах Всевышний пошлёт на землю благоухающий лёгкий ветер. Он коснётся их подмышек и унесёт с собой души всех верующих и мусульман. В конце концов на земле останутся лишь самые скверные и бесстыдные люди, которые, подобно ослам, не будут знать насыщения в своей похоти и без всякого стыда станут вступать друг с другом в половую связь на глазах у окружающих. Именно их и застанет Судный час”» (Муслим: 7373; Ахмад: 17629).