عَنْ رِبعِيِّ بْنِ حِرَاشٍ، قَالَ: انطلقت مع أَبِى مسعود الْأنصارِى إِلَى حُذَيفَةَ بْنِ الْيمان، فَقَالَ له أَبُو مسعود: حَدِّثْنِى ما سَمِعْتَ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فِى الدَّجَّالِ، قَالَ: «إِنَّ الدَّجَّالَ يَخْرُجُ، وإِنَّ مَعَهُ مَاءً وَنَارًا، فَأَمَّا الَّذِى يَرَاهُ النَّاسُ مَاءً فَنَارٌ تُحْرِقُ، وأَمَّا الَّذِى يَرَاهُ النَّاسُ نَارًا، فَمَاءٌ بَارِدٌ عَذْبٌ. فَمَنْ أدْرَكَهُ مِنْكُمْ، فَلْيَقَعْ فِى الَّذي يَراهُ نَارًا، فَإِنَّهُ مَاءٌ عَذْبٌ طَيِّبٌ» فَقَالَ أَبُو مسعود: وَأَنَا قَدْ سَمِعْتُهُ
Рибғи ибн Хираш (р.а.): «Бір күні ансарлық Әбу Масғуд (р.а.) екеуміз Хузәйфа ибн әл-Ямәнға (р.а.) барып жолықтық. Әбу Масғуд (р.а.) Хузәйфаға: «Маған Алла елшісінен ﷺ Тажал жайлы естігендеріңді айтып берші», – деді. Сонда Хузәйфа (р.а.): «Расында, (қиямет күні таяғанда), Тажал өзімен бірге от пен су ала келеді. Адамдарға су болып көрінген нәрсе шынтуайтында күйдіріп-жандыратын от болады. Ал от боп көрінген нәрсе шынында балдай тәтті салқын су болады. Іштеріңнен кімде-кім Тажалды кезіктірсе, көзіне от боп көрінгенді таңдасын, өйткені ол шындап келгенде балдай тәтті салқын су болып шығады», – деп айтты. Сол кезде Әбу Масғуд (р.а.): «Дәл осыны Алла елшісінен ﷺ мен де естіген едім», – деді», – деген (Бұхари: 3450, Муслим: 7370, Ахмад: 1381).
Рибъи ибн Хираш (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды мы вместе с ансаром Абу Масудом (да будет доволен им Аллах) пришли к Хузайфе ибн аль-Яману (да будет доволен им Аллах). Абу Масуд (да будет доволен им Аллах) попросил Хузайфу: “Расскажи мне, что ты слышал от Посланника Аллаха ﷺ о Даджале”.
Хузайфа (да будет доволен им Аллах) сказал: “Поистине, (когда приблизится Судный день) Даджаль явится, принеся с собой огонь и воду. То, что будет казаться людям водой, на самом деле окажется обжигающим огнём, а то, что будет казаться огнём, в действительности окажется прохладной водой, сладкой, как мёд. Тот из вас, кто встретит Даджаля, пусть выберет то, что покажется ему огнём, ибо на самом деле это окажется прохладной водой, сладкой, как мёд”.
Тогда Абу Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: “И я слышал от Посланника Аллаха ﷺ то же самое”» (Аль-Бухари: 3450; Муслим: 7370; Ахмад: 1381).