Хадис

Риядус-салихин, № 1812

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
370. Әр алуан тақырыптардағы хадистер
Нөмірі
№ 1812 (қазақша басылым реті)
1812
Риядус-салихин, № 1812Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَخْرُجُ الدَّجَّالُ فِى أُمَّتِى فَيَمْكُثُ أَرْبَعِينَ، لَا أدْرِى أَرْبَعِينَ يَوْمًا أَوْ أَرْبَعِينَ شَهْرًا، أَوْ أَرْبَعِينَ عَامًا، فَيَبْعَثُ اللَّهُ تَعالَى عِيسَى ابْنَ مَرْيَمَ ﷺ، فَيَطْلُبُهُ فَيُهْلِكُهُ، ثُمَّ يَمْكُثُ النَّاسُ سَبْعَ سِنِينَ لَيسَ بَينَ اثْنَينِ عَدَاوةٌ، ثُمَّ يُرْسِلُ اللَّهُ تَعَالَى، رِيحًا بَارِدَةً مِنْ قِبَلِ الشَّامِ، فَلَا يَبْقَى عَلَى وَجْهِ الْأَرْضِ أَحَدٌ فِى قَلْبِهِ مِثْقَالُ ذَرَّةٍ مِنْ خَيرٍ أَوْ إِيمَانٍ إِلَّا قَبَضَتْهُ، حَتَّى لو أَنَّ أَحَدَكُمْ دَخَلَ فِى كَبِدِ جَبَلٍ، لَدَخَلَتْهُ عَلَيْهِ حَتَّى تَقْبِضَهُ، فَيَبْقَى شِرَارُ النَّاسِ فِى خِفَّةِ الطَّيْرِ، وأحْلَامِ السِّبَاعِ، لَا يَعْرِفُونَ مَعْرُوفًا، وَلَا يُنْكِرُونَ مُنْكَرًا، فَيَتَمَثَّلُ لَهُمُ الشَّيْطَانُ، فيَقُولُ: أَلَا تَسْتَجِيبُونَ؟ فَيَقُولُونَ: فَمَا تأمُرُنَا؟ فَيَأْمُرُهُمْ بِعِبَادَةِ الْأوْثَانِ، وَهُمْ فِى ذَلِكَ دَارٌّ رِزْقُهُمْ، حَسَنٌ عَيشُهُمْ، ثُمَّ يُنْفَخُ فِى الصُّورِ، فَلَا يَسْمَعُهُ أَحَدٌ إِلَّا أصْغَى لِيتًا وَرَفَعَ لِيتًا، وَأَوَّلُ مَنْ يَسْمَعُهُ رَجُلٌ يَلُوطُ حَوْضَ إِبِلِهِ فَيُصْعَقُ ويُصْعَقُ النَّاسُ حولهُ، ثُمَّ يُرْسِلُ اللَّهُ -أو قَالَ: يُنْزِلُ اللَّهُ – مَطَرًا كَأَنَّهُ الطَّلُّ أَوْ الظِّلُّ، فَتَنْبُتُ مِنهُ أجْسَادُ النَّاسِ، ثُمَّ يُنْفَخُ فِيهِ أُخْرَى فَإِذَا هُمْ قِيَامٌ يَنْظُرُونَ، ثُمَّ يُقالُ: يَا أَيُّهَا النَّاسُ هَلُمَّ إِلَى رَبِّكُمْ، وَقِفُوهُمْ إِنَّهُمْ مَسْئُولُونَ، ثُمَّ يُقَالُ: أخْرِجُوا بَعْثَ النَّارِ فَيُقَالُ: مِنْ كَمْ؟ فَيُقَالُ: مِنْ كُلِّ أَلْفٍ تِسْعَمِئَةٍ وَتِسْعَةً وتِسْعِينَ؛ فَذَلِكَ يَوْمٌ يَجْعَلُ الْوِلْدَانَ شِيبًا، وَذَلِكَ يَوْمَ يُكْشَفُ عَنْ سَاقٍ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Асс (р.а.) былай деп айтқан: Алла елшісі ﷺ: «Үмбетімнің соңғы дәуірінде Тажал шығады. Сөйтіп ол қырық уақыт тұрақтайды. Осы арада хадисті жеткізген рауи: Қырық күн бе, қырық ай ма әлде қырық жыл ма нақты білмеймін деген. Артынша Алла Мәриямұлы Исаны (а.с.) жібереді де, ол оның соңына түсіп, көп ұзамай көзін жояды. Содан кейін адамдар араларында ешбір дұшпандық болмайтын (қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған) жеті жыл өмір сүреді. Содан соң құдіреті күшті ұлы Алла Шам елі жақтан ызғарлы жел жібереді. Сол жел жер бетінде жүрегінде мысқалдай жақсылық немесе иман болған бірде-бір жанды қалдырмастан бәрінің жанын алады. Тіпті араларыңнан біреу таудың терең қойнауына кіріп кетсе де, әлгі ызғарлы жел сол жерге дейін өтіп, оған жетіп жанын алады. Сөйтіп жер бетінде жамандық атаулыға бейне бір өлексеге ұмтылған құзғындай ұмтылатын, бірін-бірі жыртқыш аңдардай талап жейтін, жақсылық атаулыны мүлдем білмейтін, жамандықты жазғырмайтын ең жаман адамдар ғана қалады. Шайтан оларға адам кейпінде көрініп: «Менің айтқанымды орындайсыңдар ма?!» – дегенде, олар: «Бізге не істеуді бұйырасың?» – дейді. Сонда шайтан оларға пұттарға табынуды бұйырады. Олар сөйтіп жүргенде ризық-несібелері мол болып, тіршіліктері жақсара түседі. Содан кейін Сур үрленеді. Оның ащы дауысын естіген әрбір адам есі шығып, оған мойын бұрып (жалт бұрылып) тыңдайды. Сүрдің ащы дауысын ең алғаш еститін адам түйесінің астауын жөндеп жатқан кісі болады. Ащы дауысты естіген бойда тас төбесіне жай түскендей сеспей қатады, оның маңайындағы адамдардың барлығы да сеспей қатады. Содан соң Алла сіркіреген жауын жаудырады. Содан адамдардың денелері қайтадан өсіп шығады (яғни қайта тіріледі). Содан тағы да Сүр үрленгенде, адамдар тікелерінен тік тұрған күйде жалтақтап қарайды. Содан соң: «Уа, адамдар! Қане, Раббыларыңа келіңдер!» – делінгенде, (періштелер: «Оларды тоқтатыңдар! Өйткені олар жауапқа тартылады!» – дейді.) Содан кейін перішелерге: «Тозақыларды бөлек шығарыңдар», – деп айтылады. Олар: «Қанша адамнан қанша шығарамыз?» – деп сұрағанда: «Әрбір мың адамнан тоғыз жүз тоқсан тоғызын», – деп айтылады. Міне, сол – сәбилердің шашын ағаратын күн! Міне, сол – (адамзаттың басына үлкен ауыртпалық түсіп, зәре-құты қашатын) өте ауыр һәм қорқынышты күн!» – деген (Муслим: 7381, Ахмад: 6555).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В последние времена моей общины появится Даджаль и пробудет сорок…» Передатчик этого хадиса пояснил: «Я точно не знаю: сорок дней, сорок месяцев или сорок лет». Далее Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Затем Аллах пошлёт Ису, сына Марьям (мир ему), который станет преследовать Даджаля и вскоре уничтожит его.

После этого люди проживут семь лет, не испытывая друг к другу никакой вражды. Затем Великий и Всемогущий Аллах пошлёт со стороны Шама леденящий ветер. Он заберёт души всех, в чьих сердцах будет хотя бы крупица добра или веры, не оставив на земле ни одного такого человека. Даже если кто-либо из вас укроется в самой глубине горы, этот ветер проникнет и туда, настигнет его и заберёт его душу.

Тогда на земле останутся лишь самые худшие люди. Они будут устремляться ко всякому злу, словно вороны к падали, и терзать друг друга, подобно хищным зверям. Они совершенно не будут знать добра и не станут порицать зло. Шайтан явится к ним в образе человека и спросит: “Станете ли вы исполнять то, что я вам скажу?!” Они спросят: “Что ты прикажешь нам делать?” Тогда шайтан велит им поклоняться идолам. Пока они будут делать это, их удел станет обильным, а жизнь – всё более благополучной.

Затем протрубят в Сур (рог). Каждый, кто услышит его пронзительный звук, обезумеет от ужаса и станет поворачивать шею в его сторону (резко оборачиваясь), вслушиваясь в него. Первым этот звук услышит человек, который будет чинить корыто для своего верблюда. Услышав пронзительный звук, он, словно поражённый молнией, падёт замертво. Все находящиеся рядом с ним также падут замертво.

После этого Аллах ниспошлёт моросящий дождь, и тела людей снова начнут расти (то есть они воскреснут). Затем в Сур протрубят ещё раз, и люди встанут во весь рост, озираясь по сторонам. После этого будет сказано: “О люди! Идите к вашему Господу!” (Ангелы скажут: “Остановите их! Ведь они будут призваны к ответу!” (сура “Саффат”, 37:24))

Затем ангелам будет велено: “Отделите тех, кому уготован ад”. Они спросят: “Сколько человек из скольких нам отделить?” Им ответят: “Из каждой тысячи – девятьсот девяносто девять”.

Вот тот день, который заставит поседеть младенцев (сура “Муззаммиль”, 73:17)! Вот тот чрезвычайно тяжёлый и страшный день (когда на человечество обрушится тяжкое бремя и люди будут охвачены ужасом) (сура “Калам”, 68:42)!» (Муслим: 7381; Ахмад: 6555).