Хадис

Риядус-салихин, № 1838

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
370. Әр алуан тақырыптардағы хадистер
Нөмірі
№ 1838 (қазақша басылым реті)
1838
Риядус-салихин, № 1838Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّّ ﷺ قَالَ: «بَيْنَ النَّفْخَتَيْنِ أَرْبَعُونَ» قَالُوا: يَا أبَا هُرَيْرَةَ أَرْبَعُونَ يَوْمًا؟ قَالَ: أبَيْتُ، قَالُوا: أَرْبَعُونَ سَنَةً؟ قَالَ: أبَيْتُ. قَالُوا: أَرْبَعُونَ شَهْرًا؟ قَالَ: أبَيْتُ. «وَيَبْلَى كُلُّ شَيْءٍ مِنَ الْإِنْسَانٍ إِلَّا عَجْبَ الذَّنَبِ، فِيهِ يُرَكَّبُ الْخَلْقُ، ثُمَّ يُنَزِّلُ اللَّهُ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَيَنْبُتُونَ كَمَا يَنْبُتُ الْبَقْلُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Сүрдің екі рет үрленуі арасында қырық уақыт бар», – деген. Сонда оны тыңдап отырғандар: «Уа, Әбу Һурайра! Қырық күн бе?» – деп сұрайды. Әбу Һурайра (р.а.): «Нақты айта алмаймын», – дейді. Олар: «Қырық жыл ма?» – деп сұрағанда, Әбу Һурайра (р.а.): «Нақты айта алмаймын», – дейді. Олар тағы да: «Қырық ай ма?» – деп сұрағанда, ол: «Нақты айта алмаймын», – дейді. Содан соң: «Адамның құймышақ сүйегінің ұшынан басқа барлық денесі шіріп жоқ болады. Сол арқылы оның жаратылысы қайта қалпына келтіріледі. Содан соң Алла аспаннан жауын жаудырады да, барлық адамдар өсімдік сияқты өсіп шығады», – деп айтқан екен (Бұхари: 4814, Муслим: 7414).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Между двумя трубными гласами пройдёт сорок». Слушавшие его спросили: «О Абу Хурайра! Сорок дней?» Он ответил: «Не могу сказать точно». Они спросили: «Сорок лет?» Он ответил: «Не могу сказать точно». Они вновь спросили: «Сорок месяцев?» Он ответил: «Не могу сказать точно». Затем Абу Хурайра передал продолжение слов Пророка ﷺ: «Всё тело человека истлеет и исчезнет, кроме кончика копчика. Из него человек будет создан заново. Затем Аллах ниспошлёт с неба дождь, и все люди прорастут, подобно растениям» (Аль-Бухари: 4814; Муслим: 7414).