Хадис

Риядус-салихин, № 1839

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
370. Әр алуан тақырыптардағы хадистер
Нөмірі
№ 1839 (қазақша басылым реті)
1839
Риядус-салихин, № 1839Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: بَيْنَمَا النَّبِيُّ ﷺ فِى مَجْلِسٍ يُحَدِّثُ الْقَومَ، جَاءَ أَعْرَابِيٌّ فَقَالَ: مَتَى السَّاعَةُ؟ فَمَضَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُحَدِّثُ، فَقَالَ بَعْضُ الْقَومِ: سَمِعَ مَا قَالَ فَكَرِهَ مَا قَالَ، وَقَالَ بَعْضُهُمْ: بَلْ لَمْ يَسْمَعْ، حَتَّى إِذَا قَضَى حَدِيثَهُ قَالَ: أيْنَ السَّائِلُ عَنِ السَّاعَةِ؟» قَالَ: هَا أنا يَا رسُولَ اللَّهِ. قَالَ: «إِذَا ضُيِّعَتِ الْأَمَانَةُ فَانْتَظِرِ السَّاعَةَ» قَالَ: كَيفَ إِضَاعَتُهَا؟ قَالَ: «إِذَا وُسِّدَ الْأَمْرُ إِلَى غَيْرِ أَهْلِهِ فَانْتَظِرِ السَّاعَةَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бір күні Пайғамбарымыз ﷺ бір топ адаммен әңгімелесіп отырғанда бір бәдәуи келіп одан: «Қиямет қашан болады?» – деп сұрады. Расулалла әлгі бәдәуидің сұрағына жауап берместен әңгімесін әрі қарай жалғастыра берді. Сонда кей адамдар өзара: «Алла елшісі бәдәуидің айтқанын естіді, алайда қойған сұрағын ұнатпады», – десе, енді біреулері: «Жоқ, ол оның сөзін естімеді», – десті. Расулалла сөзін тамамдаған соң: «Қиямет күні жайында сұраған қайсысың?» – деді. Сонда әлгі бәдәуи: «Уа, Расулалла! Мына мен едім», – деді. Расулалла оған: «Аманат жоғалған кезде, қиямет-қайымды күте бер», – деді. Бәдәуи: «Ол қалай жоғалады?» – деп қайта сұрады. Сонда Расулалла: «Іс (ғылым, басшылық секілді маңызды қызметтер) лайық емес адамдарға табысталған кезде (аманатқа қиянат жасалған болады, міне, сонда) қиямет-қайымды күте бер», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 59, Муслим: 7414).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды, когда Пророк ﷺ беседовал с группой людей, к нему подошёл бедуин и спросил: “Когда наступит Судный час?” Посланник Аллаха ﷺ, не ответив на вопрос бедуина, продолжил беседу. Тогда одни из присутствующих сказали друг другу: “Посланник Аллаха услышал слова бедуина, однако ему не понравился его вопрос”, – а другие возразили: “Нет, он его не услышал”. Закончив говорить, Посланник Аллаха ﷺ спросил: “Кто из вас спрашивал о Судном часе?” Бедуин ответил: “Это был я, о Посланник Аллаха!” Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: “Когда люди перестанут хранить доверенное им, ожидай наступления Судного часа”. Бедуин вновь спросил: “Как это произойдёт?” Тогда Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Когда важные дела (например, связанные со знанием и руководством) будут поручаться тем, кто их недостоин (это и будет предательством доверия), тогда и ожидай наступления Судного часа”» (Аль-Бухари: 59; Муслим: 7414).