Хадис

Риядус-салихин, № 1841

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
370. Әр алуан тақырыптардағы хадистер
Нөмірі
№ 1841 (қазақша басылым реті)
1841
Риядус-салихин, № 1841Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ: «كُنْتُمْ خَيْرَ أمَّةٍ أُخْرِجَتْ لِلنَّاسِ» [البقرة: 110] قَالَ: خَيْرُ النَّاسِ للنَّاسِ يَأْتُونَ بِهِمْ فِى السَّلاسِلِ فِى أعْنَاقِهِمْ حَتَّى يَدْخُلُوا فِى الْإِسْلَامِ

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) «Сендер күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған ең қайырлы үмбетсіңдер!» (Әли Имран: 110-аят) деген аятты оқып: «Адамдар үшін ең қайырлы адамдар – мойындарына шынжыр салынған күйде айдалып әкелінгендердің исламға кіруіне сеп болғандар», – деп тәпсірлеген (Бұхари: 4557).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах), прочитав аят: «Вы – лучшая община, явленная на благо всего человечества!» (сура «Али Имран», 3:110), истолковал его так: «Лучшие из людей для других людей – те, кто способствует принятию ислама теми, кого приводят с цепями на шеях» (Аль-Бухари: 4557).

Түсіндірме (қазақша)

Яғни, сахабалар және солардың жолында болған нағыз мұсылмандар өздерімен соғысып, ақырында жеңіліп тұтқынға түскен дұшпандардың өзіне шариғат бойынша адамгершілікпен қарап, жақсы мәміле жасап, соңында олардың өз еріктерімен саналы түрде исламды қабылдап, түбінде жұмаққа кіруіне сеп болады.

Түсіндірме (орысша)

Сподвижники и истинные мусульмане, следующие их путём, в соответствии с шариатом гуманно относятся и хорошо обращаются даже с врагами, которые сражались против них, а затем потерпели поражение и попали в плен. В итоге благодаря им эти пленники по собственной воле и осознанно принимают ислам и в конечном счёте входят в рай.