وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّّ ﷺ قَالَ: «عَجِبَ اللَّهُ تَعَالَى مِنْ قَومٍ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ فِى السَّلاسِلِ»
Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Құдіреті күшті ұлы Алла шынжырланған күйде жұмаққа кіргізілген қауымға тәнті болды», – деп айтқан (Бұхари: 3010 және 4557, Ахмад: 9889).
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Всемогущий и Великий Аллах дивится людям, которых введут в рай закованными в цепи» (Аль-Бухари: 3010 и 4557; Ахмад: 9889).
Түсіндірме (қазақша)
Яғни мұсылмандармен соғысып, соңында жеңіліп, тұтқынға түсіп, қол-аяқтарына шынжыр салынған күйде келіп, ақырында мұсылмандардың себебімен исламды қабылдап, жұмаққа кіргендерге Алла Тағала тәнті болады.
Түсіндірме (орысша)
Аллах Всевышний дивится тем, кто сражался с мусульманами, затем потерпел поражение, попал в плен и был приведён с закованными в цепи руками и ногами, а в конце концов благодаря мусульманам принял ислам и вошёл в рай.