Хадис

Риядус-салихин, № 1882

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
372. Жұмақтағы қисапсыз нығметтер мен ондағы ең үлкен нығмет – Алланың дидарын көру
Нөмірі
№ 1882 (қазақша басылым реті)
1882
Риядус-салихин, № 1882Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَأكُلُ أَهْلُ الْجَنَّةِ فِيهَا، وَيَشْرَبُونَ، وَلَا يَتَغَوَّطُونَ، وَلَا يَمْتَخِطُونَ، وَلَا يَبُولُونَ، وَلكِنْ طَعَامُهُمْ ذَلِكَ جُشَاءٌ كَرَشْحِ الْمِسْكِ، يُلْهَمُونَ التَّسْبِيحَ وَالتَّكْبِيرَ، كَمَا يُلْهَمُونَ النَّفَسَ»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Жаннаттықтар онда ішіп-жейді, алайда үлкен дәретке бармайды, сіңбірмейді және кіші дәрет сындырмайды. Ішіп-жеген тағамдары хош иісті жеңіл кекірік болып және миск сияқты хош иісті тер болып шығады. Олар бейне бір жай тыныс алғандай Алланы дәріптеп, ұлықтаумен болады1», – деп айтты, – деген (Муслим: 7151, Ахмад: 15117).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Обитатели рая будут там есть и пить, однако не будут ни испражняться, ни сморкаться, ни мочиться. Съеденное и выпитое будет выходить из них в виде лёгкой отрыжки с приятным ароматом и пота, благоухающего мускусом. Они будут славить и возвеличивать Аллаха так же естественно, как дышат»1 (Муслим: 7151; Ахмад: 15117).

  1. 1Жаннаттықтар пейіште сәт сайын «Субханаллаһ», «Аллаһу әкбар» деп Алланы ұлықтап, дәріптеумен болады және бұл зікір олар үшін бейне бір тыныс алғандай табиғи һәм жеп-жеңіл болады.
  1. 1Обитатели рая будут непрестанно возвеличивать и прославлять Аллаха, произнося «Субханаллах» и «Аллаху акбар». Этот зикр будет для них столь же естественным и лёгким, как дыхание.