عَنِ ابْنِ عُمَرَ: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ، قَالَ: «يا مَعْشَرَ النِّسَاءِ تَصَدَّقْنَ، وأكْثِرْنَ مِنَ الاسْتِغْفَارِ؛ فَإِنِّى رَأَيْتُكُنَّ أَكْثَرَ أَهْلِ النَّارِ» قَالَتْ امْرَأَةٌ مِنْهُنَّ: مَا لَنَا أَكْثَرَ أَهْلِ النَّارِ؟ قَالَ: «تُكْثِرْنَ اللَّعْنَ، وَتَكْفُرْنَ الْعَشِيرَ، مَا رَأَيْتُ مِنْ نَاقِصَاتِ عَقْلٍ وَدِينٍ أغْلَبَ لِذِى لُبٍّ مِنْكُنَّ» قَالَتْ: ما نُقْصَانُ الْعَقْلِ وَالِدِّينِ؟ قَالَ: «شَهَادَةُ امْرَأَتَيْنِ بِشَهَادَةِ رَجُلٍ، وَتَمْكُثُ الْأَيَّامَ لَا تُصَلِّى»
Ибн Омар (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ: «Уа, әйелдер қауымы, садақа беріңдер және истиғфарды көп айтыңдар! Өйткені мен тозақтықтардың дені әйелдер болатынын көрдім», – дейді. Сонда сондағы әйелдерден бір ділмар әйел: «Уа, Расулалла, не себепті тозақылардың дені біз боламыз?» – деп сұрағанда, оған: «Өйткені сендер қарғысты көп айтасыңдар және жұбайларыңның жасаған жақсылықтарын жоққа шығарасыңдар. Ақылы мен діні кем бола тұра, ақылды адамнан үстем түсетін сендерден басқа ешкімді көрмедім», – деп жауап береді. Әлгі әйел: «Уа, Расулалла, дін мен ақылдың кемдігі деген не?» – деп сұрайды. Сонда Алла елшісі ﷺ: «Ақылдың кемдігі – екі әйелдің куәлігі бір еркектің куәлігіне тең келеді, ақылдың кемдігі деген міне сол. Сондай-ақ әйелдер (үзірлі күндерде) бірнеше күн қатарынан намаз оқымайды және рамазан айында ораза ұстамайды, діннің кемдігі деген міне сол», – деп жауап береді», – деген (Муслим: 241, Ахмад: 5343).
Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Пророк ﷺ обратился к женщинам: “О женщины! Подавайте милостыню и чаще просите у Аллаха прощения! Поистине, я увидел, что большинство обитателей ада составляют женщины”.
Тогда одна красноречивая женщина из числа присутствовавших спросила: “О Посланник Аллаха! Почему большинство обитателей ада составляем именно мы?” Он ответил: “Потому что вы часто произносите проклятия и отрицаете добро, которое делают вам ваши супруги. Я не видел никого, кто, несмотря на неполноту разума и религии, мог бы брать верх над разумным человеком так, как это делаете вы”.
Женщина спросила: “О Посланник Аллаха! В чём заключается неполнота религии и разума?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Неполнота разума заключается в том, что свидетельство двух женщин приравнивается к свидетельству одного мужчины. Вот в чём состоит неполнота разума. Кроме того, женщины (в дни месячных, когда они освобождены от намаза и поста) по нескольку дней подряд не совершают намаз и не соблюдают пост в рамадан. Вот в чём состоит неполнота религии”» (Муслим: 241; Ахмад: 5343).
Түсіндірме (қазақша)
Әйелдің жұйбайынан көрген бүкіл жақсылықтарын одан көрген бір-екі жамандыққа бола жоққа шығаруы дінде куфр ән-ниғмә (нығметке күпірлік қылу) деп аталады. Өйткені әйелдің күйеуінен көрген әрбір жақсылығы түптің-түбінде Алладан келген жақсылық екені сөзсіз. Олай болса, әйелдің бір сәттік сезімге беріліп, күйеуінен көрген жақсылықтарын жаппай жоққа шығаруы, түптің-түбінде Алланың өзіне күйеуі арқылы берген нығметтерін жоққа шығару деген сөз...
Шариғатымыз бойынша, куәлікке жүру мәселесінде екі әйел бір еркекке тең келеді, өйткені әйел баласында ақылдан гөрі, сезімдер басым болады...., сондай-ақ куәлікке жүру әртүрлі істерде орын алады, мысалы, кейде орын алған қанды қылмысқа куәлікке жүруге тура келеді, ондай қанды оқиғаларға куә болған күннің өзінде әйел баласы табиғатындағы нәзік сезімдер мен қорқыныш себепті, көп жағдайда толыққанды куәлікке жүруге жарамауы мүмкін.
Түсіндірме (орысша)
Отрицание женщиной всего добра, которое она видела от своего супруга, из-за одного-двух дурных поступков с его стороны в религии называется «куфр ан-нима» (неблагодарностью за дарованные блага). Ведь каждое добро, которое женщина получает от мужа, в конечном счёте является благом, дарованным Аллахом. Следовательно, когда женщина, поддавшись минутному порыву чувств, отрицает всё добро, полученное от мужа, это в конечном счёте означает отрицание благ, которые Сам Аллах даровал ей через супруга…
Согласно нашему шариату, в вопросе свидетельских показаний свидетельство двух женщин приравнивается к свидетельству одного мужчины, поскольку у женщины чувства преобладают над рассудком… Свидетельствовать приходится по самым разным делам. Например, иногда необходимо давать показания о совершённом кровавом преступлении. Даже став очевидицей такого жестокого события, женщина из-за присущей ей душевной тонкости и испытываемого страха во многих случаях может оказаться не в состоянии дать полноценные свидетельские показания.