Хадистер
«وَاسْتَغْفِرْ لِذَنْبِكَ وَلِلْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ» «Һәм өз күнәң үшін, һәм де мүмін ерлер мен мүмін әйелдер үшін Алладан кешірім, кеңшілік тіле!» («Мұхаммед», 19-аят).
«وَاسْتَغْفِرِ اللَّهَ إِنَّ اللَّهَ كَانَ غَفُورًا رَحِيمًا» «Алладан кешірім тіле! Өйткені Алла – Ғафур, Рахим!» («Ниса», 106аят).
«فَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ وَاسْتَغْفِرْهُ إِنَّهُ كَانَ تَوَّابًا» «Міне, сонда Раббыңды мадақтап ұлықта әрі Одан кешірім тіле! Өйткені Ол – Тәууәб (пендесінің тәубесін қабыл етуші)!» («Наср», 3-аят).
«لِلَّذِينَ اتَّقَوْا عِنْدَ رَبِّهِمْ جَنَّات» إِلَى قَولِهِ تَعَالَى: «وَالْمُسْتَغْفِرِينَ بِالأَسْحَارِ» «...Аллаға қарсы келуден сақтанған тақуа жандар үшін Рабыларының дәргейінде түбінен өзендер ағатын жаннат бақшалары бар, әрі олар мәңгі-бақи сонда болады. Онда олар үшін пәк жұбайлар және Алланың разылығы бар. Алла пенделерін әрдайым көріп тұрады», – деп айт. Тақуа жандар: «Уа, Раббымыз! Біз иман келтірдік, күнәларымызды кешіре көр, әрі бізді тозақ азабынан сақтай көр!» – деп жалбарынады. Олар – сондай сабырлы, иманда шынайы, Аллаға қалтқысыз мойынсұнатын, мал-дүниелерін игі жолда жұмсайтын және сәресі уақытында Алладан кешірім тілейтін ізгі жандар» («Әли Имран», 15-17-аяттар).
«وَمَنْ يَعْمَلْ سُوءًا أَوْ يَظْلِمْ نَفْسَهُ ثُمَّ يَسْتَغْفِرِ اللَّهَ يَجِدِ اللَّهَ غَفُورًا رَحِيمًا» «Ал енді кімде-кім жамандық жасаған соң немесе өз-өзіне қиянат жасағаннан кейін, Алладан кешірім тілесе, Алланың Ғафур, Рахим екенін көреді» («Ниса», 110-аят).
«وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيُعَذِّبَهُمْ وَأَنْتَ فِيهِمْ وَمَا كَانَ اللَّهُ مُعَذِّبَهُمْ وَهُمْ يَسْتَغْفِرُونَ» «Алайда (уа, Мұхаммед), сен олардың арасында болғанда, Алла оларды азаптамайды, сондай-ақ олар кешірім тілеген жағдайда, Алла оларды азаптамайды» («Әнфал», 33-аят).
«وَالَّذِينَ إِذَا فَعَلُوا فَاحِشَةً أَوْ ظَلَمُوا أَنْفُسَهُمْ ذَكَرُوا اللَّهَ فَاسْتَغْفَرُوا لِذُنُوبِهِمْ وَمَنْ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلا اللَّهُ وَلَمْ يُصِرُّوا عَلَى مَا فَعَلُوا وَهُمْ يَعْلَمُونَ» «Олар жағымсыз іс істегендерінде немесе күнәға батып, өз-өздеріне қиянат жасағандарында, бірден Алланы еске алып, күнәлары үшін кешірім сұрайды. Күнәларды Алладан басқа кім кешіре алады?! Әрі олар, бір рет істеген күнәні біліп тұрып, қайта-қайта істемейді» («Әли Имран», 135-аят).
«И проси у Аллаха прощения за свой грех и милости для верующих мужчин и верующих женщин!» (сура «Мухаммад», 47:19).
«Проси прощения у Аллаха. Ибо Аллах – Прощающий, Милосердный» (сура «Ан‑Ниса», 4:106).
«то возвеличивай своего Господа, восславь Его и проси у Него прощения! Ибо Он – Принимающий покаяния!» (сура «Ан‑Наср», 110:3).
«…Для тех, кто остерегался ослушания и противления Аллаху и блюл благочестие, уготованы у их Господа райские сады, где под ними текут реки, и где останутся они навечно. И есть для них чистые супруги и то, что лучше всего этого – благоволение от Аллаха. Поистине, Аллах неизменно Видящий Своих рабов. Богобоязненные взывают с мольбой: “О Господь наш! Поистине, уверовали мы. Прости же нам наши грехи и защити нас от пламени ада!” Они крайне терпеливы и правдивы. Они – беспрекословно подчиняющиеся Аллаху, расходующие свои имущества на благом пути и просящие прощения в предрассветное время» (сура «Али Имран», 3:15–17).
«А кто попросит прощения у Аллаха после того, как совершил зло или навредил самому себе, то он найдет Аллаха Прощающим, Милосердным» (сура «Ан‑Ниса», 4:110).
«Не станет Аллах обрушивать на них наказание тогда, когда ты находишься среди них. И не станет Аллах наказывать их, если они просят прощения» (сура «Аль‑Анфаль», 8:33).
«И когда они совершают дурное или притесняют самих себя злодеянием, то тотчас же вспоминают Аллаха и просят прощения за свои грехи. Кто же может отпустить грехи, кроме Аллаха? И они не упорствуют в грехе умышленно» (сура «Али Имран», 3:135).
1871Риядус-салихин, № 1871
عَنْ الْأَغَرِّ الْمزنِى أَنَّ رسُول اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّهُ لَيُغَانُ عَلَى قَلْبِى، وإِنِّى لأَسْتَغفِرُ اللَّهَ فِى الْيَوْمِ مِئَةَ مَرَّةٍ»
Қазақша аудармасы
әл-Ағарр әл-Музәни (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Кей кездері жүрегімді бұлт секілді тұман басып кетеді, сол үшін де Алладан күн сайын жүз рет кешірім сұраймын», – деп айтты», – деген. (Муслим: 6858, Ахмад: 17848).
Орысша аудармасы
Аль-Агарр аль-Музани (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Порой моё сердце словно окутывает облачная дымка, и потому я каждый день сто раз прошу у Аллаха прощения» (Муслим: 6858; Ахмад: 17848).
عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: سَمعتُ رَسُول اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «وَاللَّهِ إِنِّى لأَسْتَغْفِرُ اللَّهَ وَأتُوبُ إِلَيْهِ فِى الْيَوْمِ أَكْثَرَ مِنْ سَبْعِينَ مَرَّةً»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісінің ﷺ: «Алланың атымен ант етейін, мен күніне жетпістен астам мәрте Алладан кешірім тілеп, тәубе етемін», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 6307).
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал, что он слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Клянусь Аллахом, я более семидесяти раз в день прошу у Аллаха прощения и каюсь перед Ним» (Аль-Бухари: 6307).
وَعَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَالَّذِى نَفْسِى بِيَدِهِ لَوْ لَمْ تُذْنِبُوا، لَذَهَبَ اللَّهُ تَعَالَى بِكُمْ، وَلَجَاءَ بِقَومٍ يُذْنِبُونَ، فَيَسْتَغْفِرُونَ اللَّهَ تَعَالَى، فَيَغْفِرُ لَهُمْ»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Жанымды уысында ұстаған Алланың атымен ант етейін! Егер сендер еш күнә жасамайтын болғандарыңда, Алла Тағала сендерді әкетіп, орындарыңа күнә жасап, дереу Алладан кешірім сұрайтын қауым әкеліп, оларды әрдайым жарылқап, кешіретін еді», – деп айтты», – деген. (Муслим: 6965, Ахмад: 8082).
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Клянусь Аллахом, в Чьей длани моя душа! Если бы вы вовсе не совершали грехов, Аллах Всевышний непременно забрал бы вас и привёл вместо вас людей, которые совершали бы грехи, а затем тотчас просили у Аллаха прощения, и Он всякий раз миловал и прощал бы их» (Муслим: 6965; Ахмад: 8082).
عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِى اللَّه عَنْهُمَا، قَالَ: كُنَّا نَعُدُّ لرَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِى الْمَجْلِسِ الْواحِدِ مئَةَ مَرَّةٍ: «رَبِّ اغْفِرْ لِى وَتُبْ عَلَيَّ إِنَّكَ أَنْتَ التَّوَّابُ الرَّحِيمُ»
Қазақша аудармасы
Ибн Омар (р.а.): «Кей кездері Алла елшісінің ﷺ бір отырыстың өзінде біздің есебіміз бойынша: «Уа, Раббым мені жарылқап, кешіре көр! Тәубемді қабыл ала көр! Сен Тәууабсың әрі ерекше мейірімдісің!» – деп жүз қайтара дұға жасағанына куә болатынбыз», – деген. (Әбу Дәуіт: 1516, Тирмизи: 3434, Ахмад: 4726).
Орысша аудармасы
Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Иногда мы становились свидетелями того, как Посланник Аллаха ﷺ за одно собрание, по нашим подсчётам, сто раз повторял: “О мой Господь, помилуй и прости меня! Прими моё покаяние! Ты – Принимающий покаяние и Особо Милосердный!”» (Абу Дауд: 1516; Ат-Тирмизи: 3434; Ахмад: 4726).
عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ لَزِمَ الاسْتِغْفَارَ جَعَلَ اللَّهُ لَهُ مِنْ كُلِّ ضِيقٍ مَخْرَجًا، وَمِنْ كُلِّ هَمٍّ فَرَجًا، وَرَزَقهُ مِنْ حَيثُ لَا يَحْتَسِبُ»
Қазақша аудармасы
Ибн Аббас (р.а.): «Расулалла ﷺ: «Кімде-кім Алладан кешірім тілеуді әдетке айналдырса, Алла Тағала оған әрбір қиыншылықтан шығатын жол және әрбір уайымнан құтылатын шара (айла) нәсіп етеді. Сондай-ақ ойламаған жерден ризық береді», – деп айтты», – деген. (Әбу Дәуіт: 1518, Ахмад: 2234).
Орысша аудармасы
Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тому, кто возьмёт за правило просить у Аллаха прощения, Аллах Всевышний дарует выход из каждой трудности, средство (способ) избавления от каждой тревоги и наделит уделом оттуда, откуда тот и не ожидает» (Абу Дауд: 1518; Ахмад: 2234).
عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ قَالَ أَسْتَغْفِرُ اللَّهَ الَّذِى لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الْحَيَّ الْقَيُّومَ وَأَتُوبُ إِلَيْهِ، غُفِرَتْ ذُنُوبُهُ، وإِنْ كانَ قَدْ فَرَّ مِنَ الزَّحْفِ»
Қазақша аудармасы
Ибн Масғуд (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім «Астағфируллаһал-ләзи лә иләһә иллә һуәл-Хайюл-Қайюму уә әтубу иләйһи» (Мәңгі тірі және күллі болмысты бір Өзі ұстап, меңгеріп тұрған, бір Өзінен басқа тәңір болмаған Алладан кешірім тілеймін және Оған тәубе етемін) деген дұғаны айтса, оның барлық күнәлары, тіпті соғыс майданынан қашқан болса да кешіріледі»,– деген (Әбу Дәуіт: 1517, Тирмизи: 3577, әл-Хаким: 2/118). Имам Бұхари мен Имам Муслимнің шарттары бойынша сахих хадис.
Орысша аудармасы
Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал слова Посланника Аллаха ﷺ о том, что тому, кто произнесёт: «Астагфируллахаллязи ля иляха илля хуваль Хайюль Кайюму ва атубу иляйхи» (прошу прощения у Аллаха, Который вечно жив, единолично поддерживает всё сущее и управляет им и кроме Которого нет иного бога, и каюсь перед Ним), будут прощены все его грехи, даже если он бежал с поля боя (Абу Дауд: 1517; Ат-Тирмизи: 3577; Аль-Хаким: 2/118).
Хадис является достоверным согласно условиям имамов аль-Бухари и Муслима.
عَنْ شَدَّادِ بْنِ أَوسٍ عَنِ النَّبِيِّّ ﷺ قَالَ: «سَيِّدُ الاسْتِغْفَارِ أَنْ يَقُولَ الْعَبْدُ: اللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّى لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ خَلَقْتَنِى وَأَنَا عَبْدُكَ، وَأَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اسْتَطَعْتُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ، أبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ، وأبُوءُ بِذَنْبِى، فَاغْفِرْ لِى، فَإِنَّهُ لَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ. مَنْ قَالَهَا مِنَ النَّهَارِ مُوقِنًا بِهَا، فَمَاتَ مِنْ يَوْمِهِ قَبْلَ أَنْ يُمْسِى، فَهُوَ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ، وَمَنْ قَالَهَا مِنَ اللَّيْلِ، وَهُوَ مُوقِنٌ بِهَا، فَمَاتَ قَبْلَ أَنْ يُصْبِحَ، فَهُوَ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ»
Қазақша аудармасы
Шәддад ибн Әус (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Кешірім тілеу дұғаларының төресі – пенденің былай деуі: «Аллаһуммә әнтә Рабби, лә иләһә иллә әнтә халақтани уә әнә а’бдукә, уә әнә ‘ала ‘аһдикә уә уа’дикә мәстәта’ту, ә’узу бикә мин шәрри мә сана’ту, әбуу ләкә бини’мәтикә ‘алейя, уә әбуу бизәнби. Фағфир ли фәиннәһу лә иәғфируз-зунубә иллә әнтә (Уа, Алла! Сен менің Раббымсың, Өзіңнен басқа тәңір жоқ! Мені жараттың, мен бір Өзіңнің пендеңмін. Шамам жеткенше Өзіңе берген сөзімде және уәдемде тұрамын. Істеген істерімнің кесірінен Өзің сақтай көр. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын, істеген күнәларымды да мойындаймын. Мені кешіре көр, бір Өзіңнен басқа күнәларды кешіретін ешкім жоқ!)». Кім осы дұғаны шын ықыласымен күндіз айтып, сол күні кеш батпай тұрып дүниеден озса, жаннаттық болады. Ал кім осы дұғаны шын ықыласымен түнде айтып, таң атырмай қайтыс болса, жаннаттық болады», – деген (Бұхари: 6306).
Орысша аудармасы
Шаддад ибн Аус (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Лучшая из мольб о прощении – это слова раба: “Аллахумма анта Рабби, ля иляха илля анта, халяктани ва ана ʿабдука, ва ана ʿаля ʿахдика ва ваʿдика мастатаʿту, аʿузу бика мин шарри ма санаʿту, абуʾу ляка биниʿматика ʿаляйя, ва абуʾу бизанби. Фагфир ли, фа иннаху ля ягфируз зунуба илля анта” (о Аллах! Ты – мой Господь, и нет иного бога, кроме Тебя! Ты сотворил меня, а я – Твой раб. Насколько хватает моих сил, я храню верность завету с Тобой и Твоему обещанию. Прибегаю к Твоей защите от зла совершённых мною деяний. Признаю милости, которыми Ты меня одарил, и признаю свои грехи. Прости же меня, ведь никто, кроме Тебя, не прощает грехов!).
Тот, кто искренне, от всего сердца и с полной убеждённостью в её истинности произнесёт эту мольбу днём и умрёт в тот же день до наступления вечера, станет обитателем рая. И тот, кто искренне, от всего сердца и с полной убеждённостью в её истинности произнесёт её ночью и умрёт до наступления рассвета, также станет обитателем рая» (Аль-Бухари: 6306).
عَنْ ثوبان قَالَ: كانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا انْصَرَفَ مِنْ صَلَاتِهِ، اسْتَغْفَرَ اللَّهَ ثَلَاثًا وَقَالَ: «اللَّهُمَّ أَنْتَ السَّلَامُ، وَمِنْكَ السَّلَامُ، تَبَارَكْتَ يَاذَا الْجَلَالِ وَالإِكْرَامِ» قيلَ لِلأوْزَاعِيِّ – وَهُوَ أَحَدُ رُوَاتِهِ -: كَيفَ الاسْتِغْفَارُ؟ قَالَ: يقُولُ: أَسْتَغْفِرُ اللَّهَ، أَسْتَغْفِرُ اللَّهَ
Қазақша аудармасы
Сәубан (р.а.): Алла елшісі ﷺ сәлем беріп намазын аяқтағанда үш рет Алладан кешірім тілеп: «Аллаһуммә әнтәс-Сәләму уә минкәс-сәләму тәбәрактә иә зәл-жәләли уәл-икрами (Уа, күллі кемшілік атаулыдан «аман» һәм мінсіз болған Алла! 1 Амандық пен есендік бір Өзіңнен келелді! Уа, шексіз ұлылық пен асқан жомарттық иесі, бар жақсылықтың иесі бір Өзіңсің!)», – деп айтатын. Осы хадисті жеткізушілердің бірі Әузағиден: «Истиғфарды (кешірім тілеу) қалай айтады?» – деп сұрағанда, ол: «Астағфирулла, астағфирулла деп айтады», – деп жауап берген» (Муслим: 1334, Ахмад: 22365).
Орысша аудармасы
Саубан (да будет доволен им Аллах) сказал, что, завершив намаз таслимом, Посланник Аллаха ﷺ трижды просил у Аллаха прощения, а затем произносил: «Аллахумма антас Саляму ва минкас саляму, табаракта, я заль джаляли валь икрам» (о Аллах, Ты свободен от всех недостатков и безупречен!1 Мир и благополучие исходят только от Тебя! О Обладатель безграничного величия и великой щедрости! Только Ты – Обладатель всякого блага!).
Аль-Аузаи, одного из передатчиков этого хадиса, спросили: «Как произносится истигфар (мольба о прощении)?» Он ответил: «Следует сказать: “Астагфируллах, астагфируллах”» (Муслим: 1334; Ахмад: 22365).
- 1Алланың әс-Сәләм деген есімі ̶ ұлылығына лайық болмаған барлық нәрседен, жаратылысқа ұқсаудан, күллі кемшілік пен нұқсандық атаулыдан ада, мінсіз дегенді білдіреді.
- 1Имя Аллаха «Ас-Салям» означает, что Он свободен от всего, что не подобает Его величию, от всякого сходства с творениями, от всех недостатков и изъянов и абсолютно безупречен.
عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كان رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُكْثِرُ أَنْ يَقُولَ قَبْلَ مَوْتِهِ: «سُبْحَانَ اللَّهِ وَبِحَمْدِهِ، أسْتَغفِرُ اللَّهَ، وأتوبُ إِلَيْهِ»
Қазақша аудармасы
Айша (р.а.): Алла елшісі ﷺ қайтыс болардың алдында «Субханаллаһи уә бихамдиһи, астағфируллаһа, уә әтубу иләйһи! (Алла мінсіз және бар мақтау мен мадақ бір Өзіне тән! Алладан кешірім тілеймін және күнәларым үшін тәубе етемін)», – деп көп айтқан еді», – деген (Бұхари: 4968, Муслим: 1085, Ахмад: 24065).
Орысша аудармасы
Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Перед смертью Посланник Аллаха ﷺ часто повторял: “Субханаллахи ва бихамдихи, астагфируллаха ва атубу иляйхи!” (Аллах пречист от всякого недостатка, и вся хвала и прославление принадлежат лишь Ему! Прошу у Аллаха прощения и каюсь в своих грехах)» (Аль-Бухари: 4968; Муслим: 1085; Ахмад: 24065).
عَنْ أَنَس قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: يَا ابْنَ آدَمَ، إِنَّكَ مَا دَعَوْتَنِى وَرَجَوْتَنِى غَفَرْتُ لكَ عَلَى مَا كَانَ مِنْكَ وَلَا أُبَالِى، يَا ابْنَ آدَمَ، لَوْ بَلَغَتْ ذُنُوبُكَ عَنَانَ السَّمَاءِ، ثُمَّ اسْتَغْفَرْتَنِى، غَفَرْتُ لَكَ وَلَا أُبَالِى، يَا ابْنَ آدَمَ، إِنَّكَ لَوْ أَتَيْتَنِى بِقُرَابِ الْأَرْضِ خَطَايَا، ثُمَّ لَقِيتَنِى لَا تُشْرِكُ بِى شَيْئًا، لأَتَيْتُكَ بِقُرابِهَا مَغْفِرَةً»
Қазақша аудармасы
Әнәс (р.а.): Алла елшісінің ﷺ былай дегенін естіген едім: «Алла Тағала былай деген: «Уа, адам баласы! Маған дұға-мінәжат қылғаныңда және Менен жақсылық үміт еткеніңде, істеген күнәларың қаншалықты көп немесе ауыр болғанына қарамастан кешірдім. Уа, адам баласы! Күнәларың аспандағы бұлттарға жетсе де, Менен кешірім сұрасаң, күнәларыңның соншалықты көптігіне қарамастан сені кешіремін. Уа, адам баласы! Маған жер бетін толтыратын күнә-қателіктермен келсең, алайда Маған еш нәрсені серік етіп қоспаған күйде қауышатын болсаң, Мен де сені жер жүзін толтыратын кешіріммен қарсы аламын» (Тирмизи: 3540).
Орысша аудармасы
Анас (да будет доволен им Аллах) сказал, что он слышал, как Посланник Аллаха ﷺ передал следующие слова Аллаха Всевышнего: «О сын Адама! Когда ты обращаешься ко Мне с мольбой и надеешься получить от Меня благо, Я прощаю тебя, какими бы многочисленными или тяжкими ни были совершённые тобой грехи. О сын Адама! Даже если твои грехи достигнут небесных облаков, но ты попросишь у Меня прощения, Я прощу тебя, сколь бы многочисленными они ни были. О сын Адама! Если ты придёшь ко Мне с грехами и проступками, заполняющими всю землю, но встретишь Меня, не приобщая ко Мне ничего в сотоварищи, Я встречу тебя с прощением, заполняющим всю землю» (Ат-Тирмизи: 3540).
عَنِ ابْنِ عُمَرَ: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ، قَالَ: «يا مَعْشَرَ النِّسَاءِ تَصَدَّقْنَ، وأكْثِرْنَ مِنَ الاسْتِغْفَارِ؛ فَإِنِّى رَأَيْتُكُنَّ أَكْثَرَ أَهْلِ النَّارِ» قَالَتْ امْرَأَةٌ مِنْهُنَّ: مَا لَنَا أَكْثَرَ أَهْلِ النَّارِ؟ قَالَ: «تُكْثِرْنَ اللَّعْنَ، وَتَكْفُرْنَ الْعَشِيرَ، مَا رَأَيْتُ مِنْ نَاقِصَاتِ عَقْلٍ وَدِينٍ أغْلَبَ لِذِى لُبٍّ مِنْكُنَّ» قَالَتْ: ما نُقْصَانُ الْعَقْلِ وَالِدِّينِ؟ قَالَ: «شَهَادَةُ امْرَأَتَيْنِ بِشَهَادَةِ رَجُلٍ، وَتَمْكُثُ الْأَيَّامَ لَا تُصَلِّى»
Қазақша аудармасы
Ибн Омар (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ: «Уа, әйелдер қауымы, садақа беріңдер және истиғфарды көп айтыңдар! Өйткені мен тозақтықтардың дені әйелдер болатынын көрдім», – дейді. Сонда сондағы әйелдерден бір ділмар әйел: «Уа, Расулалла, не себепті тозақылардың дені біз боламыз?» – деп сұрағанда, оған: «Өйткені сендер қарғысты көп айтасыңдар және жұбайларыңның жасаған жақсылықтарын жоққа шығарасыңдар. Ақылы мен діні кем бола тұра, ақылды адамнан үстем түсетін сендерден басқа ешкімді көрмедім», – деп жауап береді. Әлгі әйел: «Уа, Расулалла, дін мен ақылдың кемдігі деген не?» – деп сұрайды. Сонда Алла елшісі ﷺ: «Ақылдың кемдігі – екі әйелдің куәлігі бір еркектің куәлігіне тең келеді, ақылдың кемдігі деген міне сол. Сондай-ақ әйелдер (үзірлі күндерде) бірнеше күн қатарынан намаз оқымайды және рамазан айында ораза ұстамайды, діннің кемдігі деген міне сол», – деп жауап береді», – деген (Муслим: 241, Ахмад: 5343).
Орысша аудармасы
Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Пророк ﷺ обратился к женщинам: “О женщины! Подавайте милостыню и чаще просите у Аллаха прощения! Поистине, я увидел, что большинство обитателей ада составляют женщины”.
Тогда одна красноречивая женщина из числа присутствовавших спросила: “О Посланник Аллаха! Почему большинство обитателей ада составляем именно мы?” Он ответил: “Потому что вы часто произносите проклятия и отрицаете добро, которое делают вам ваши супруги. Я не видел никого, кто, несмотря на неполноту разума и религии, мог бы брать верх над разумным человеком так, как это делаете вы”.
Женщина спросила: “О Посланник Аллаха! В чём заключается неполнота религии и разума?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Неполнота разума заключается в том, что свидетельство двух женщин приравнивается к свидетельству одного мужчины. Вот в чём состоит неполнота разума. Кроме того, женщины (в дни месячных, когда они освобождены от намаза и поста) по нескольку дней подряд не совершают намаз и не соблюдают пост в рамадан. Вот в чём состоит неполнота религии”» (Муслим: 241; Ахмад: 5343).
Түсіндірме (қазақша)
Әйелдің жұйбайынан көрген бүкіл жақсылықтарын одан көрген бір-екі жамандыққа бола жоққа шығаруы дінде куфр ән-ниғмә (нығметке күпірлік қылу) деп аталады. Өйткені әйелдің күйеуінен көрген әрбір жақсылығы түптің-түбінде Алладан келген жақсылық екені сөзсіз. Олай болса, әйелдің бір сәттік сезімге беріліп, күйеуінен көрген жақсылықтарын жаппай жоққа шығаруы, түптің-түбінде Алланың өзіне күйеуі арқылы берген нығметтерін жоққа шығару деген сөз...
Шариғатымыз бойынша, куәлікке жүру мәселесінде екі әйел бір еркекке тең келеді, өйткені әйел баласында ақылдан гөрі, сезімдер басым болады...., сондай-ақ куәлікке жүру әртүрлі істерде орын алады, мысалы, кейде орын алған қанды қылмысқа куәлікке жүруге тура келеді, ондай қанды оқиғаларға куә болған күннің өзінде әйел баласы табиғатындағы нәзік сезімдер мен қорқыныш себепті, көп жағдайда толыққанды куәлікке жүруге жарамауы мүмкін.
Түсіндірме (орысша)
Отрицание женщиной всего добра, которое она видела от своего супруга, из-за одного-двух дурных поступков с его стороны в религии называется «куфр ан-нима» (неблагодарностью за дарованные блага). Ведь каждое добро, которое женщина получает от мужа, в конечном счёте является благом, дарованным Аллахом. Следовательно, когда женщина, поддавшись минутному порыву чувств, отрицает всё добро, полученное от мужа, это в конечном счёте означает отрицание благ, которые Сам Аллах даровал ей через супруга…
Согласно нашему шариату, в вопросе свидетельских показаний свидетельство двух женщин приравнивается к свидетельству одного мужчины, поскольку у женщины чувства преобладают над рассудком… Свидетельствовать приходится по самым разным делам. Например, иногда необходимо давать показания о совершённом кровавом преступлении. Даже став очевидицей такого жестокого события, женщина из-за присущей ей душевной тонкости и испытываемого страха во многих случаях может оказаться не в состоянии дать полноценные свидетельские показания.