Хадис

Риядус-салихин, № 1877

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
371. Алладан кешірім тілеу
Нөмірі
№ 1877 (қазақша басылым реті)
1877
Риядус-салихин, № 1877Риуаят етуші: Шәддад ибн Әус (р.а.)

عَنْ شَدَّادِ بْنِ أَوسٍ عَنِ النَّبِيِّّ ﷺ قَالَ: «سَيِّدُ الاسْتِغْفَارِ أَنْ يَقُولَ الْعَبْدُ: اللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّى لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ خَلَقْتَنِى وَأَنَا عَبْدُكَ، وَأَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اسْتَطَعْتُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ، أبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ، وأبُوءُ بِذَنْبِى، فَاغْفِرْ لِى، فَإِنَّهُ لَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ. مَنْ قَالَهَا مِنَ النَّهَارِ مُوقِنًا بِهَا، فَمَاتَ مِنْ يَوْمِهِ قَبْلَ أَنْ يُمْسِى، فَهُوَ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ، وَمَنْ قَالَهَا مِنَ اللَّيْلِ، وَهُوَ مُوقِنٌ بِهَا، فَمَاتَ قَبْلَ أَنْ يُصْبِحَ، فَهُوَ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ»

Қазақша аудармасы

Шәддад ибн Әус (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Кешірім тілеу дұғаларының төресі – пенденің былай деуі: «Аллаһуммә әнтә Рабби, лә иләһә иллә әнтә халақтани уә әнә а’бдукә, уә әнә ‘ала ‘аһдикә уә уа’дикә мәстәта’ту, ә’узу бикә мин шәрри мә сана’ту, әбуу ләкә бини’мәтикә ‘алейя, уә әбуу бизәнби. Фағфир ли фәиннәһу лә иәғфируз-зунубә иллә әнтә (Уа, Алла! Сен менің Раббымсың, Өзіңнен басқа тәңір жоқ! Мені жараттың, мен бір Өзіңнің пендеңмін. Шамам жеткенше Өзіңе берген сөзімде және уәдемде тұрамын. Істеген істерімнің кесірінен Өзің сақтай көр. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын, істеген күнәларымды да мойындаймын. Мені кешіре көр, бір Өзіңнен басқа күнәларды кешіретін ешкім жоқ!)». Кім осы дұғаны шын ықыласымен күндіз айтып, сол күні кеш батпай тұрып дүниеден озса, жаннаттық болады. Ал кім осы дұғаны шын ықыласымен түнде айтып, таң атырмай қайтыс болса, жаннаттық болады», – деген (Бұхари: 6306).

Орысша аудармасы

Шаддад ибн Аус (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Лучшая из мольб о прощении – это слова раба: “Аллахумма анта Рабби, ля иляха илля анта, халяктани ва ана ʿабдука, ва ана ʿаля ʿахдика ва ваʿдика мастатаʿту, аʿузу бика мин шарри ма санаʿту, абуʾу ляка биниʿматика ʿаляйя, ва абуʾу бизанби. Фагфир ли, фа иннаху ля ягфируз зунуба илля анта” (о Аллах! Ты – мой Господь, и нет иного бога, кроме Тебя! Ты сотворил меня, а я – Твой раб. Насколько хватает моих сил, я храню верность завету с Тобой и Твоему обещанию. Прибегаю к Твоей защите от зла совершённых мною деяний. Признаю милости, которыми Ты меня одарил, и признаю свои грехи. Прости же меня, ведь никто, кроме Тебя, не прощает грехов!).

Тот, кто искренне, от всего сердца и с полной убеждённостью в её истинности произнесёт эту мольбу днём и умрёт в тот же день до наступления вечера, станет обитателем рая. И тот, кто искренне, от всего сердца и с полной убеждённостью в её истинности произнесёт её ночью и умрёт до наступления рассвета, также станет обитателем рая» (Аль-Бухари: 6306).