عَنْ ثوبان قَالَ: كانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا انْصَرَفَ مِنْ صَلَاتِهِ، اسْتَغْفَرَ اللَّهَ ثَلَاثًا وَقَالَ: «اللَّهُمَّ أَنْتَ السَّلَامُ، وَمِنْكَ السَّلَامُ، تَبَارَكْتَ يَاذَا الْجَلَالِ وَالإِكْرَامِ» قيلَ لِلأوْزَاعِيِّ – وَهُوَ أَحَدُ رُوَاتِهِ -: كَيفَ الاسْتِغْفَارُ؟ قَالَ: يقُولُ: أَسْتَغْفِرُ اللَّهَ، أَسْتَغْفِرُ اللَّهَ
Сәубан (р.а.): Алла елшісі ﷺ сәлем беріп намазын аяқтағанда үш рет Алладан кешірім тілеп: «Аллаһуммә әнтәс-Сәләму уә минкәс-сәләму тәбәрактә иә зәл-жәләли уәл-икрами (Уа, күллі кемшілік атаулыдан «аман» һәм мінсіз болған Алла! 1 Амандық пен есендік бір Өзіңнен келелді! Уа, шексіз ұлылық пен асқан жомарттық иесі, бар жақсылықтың иесі бір Өзіңсің!)», – деп айтатын. Осы хадисті жеткізушілердің бірі Әузағиден: «Истиғфарды (кешірім тілеу) қалай айтады?» – деп сұрағанда, ол: «Астағфирулла, астағфирулла деп айтады», – деп жауап берген» (Муслим: 1334, Ахмад: 22365).
Саубан (да будет доволен им Аллах) сказал, что, завершив намаз таслимом, Посланник Аллаха ﷺ трижды просил у Аллаха прощения, а затем произносил: «Аллахумма антас Саляму ва минкас саляму, табаракта, я заль джаляли валь икрам» (о Аллах, Ты свободен от всех недостатков и безупречен!1 Мир и благополучие исходят только от Тебя! О Обладатель безграничного величия и великой щедрости! Только Ты – Обладатель всякого блага!).
Аль-Аузаи, одного из передатчиков этого хадиса, спросили: «Как произносится истигфар (мольба о прощении)?» Он ответил: «Следует сказать: “Астагфируллах, астагфируллах”» (Муслим: 1334; Ахмад: 22365).
- 1Алланың әс-Сәләм деген есімі ̶ ұлылығына лайық болмаған барлық нәрседен, жаратылысқа ұқсаудан, күллі кемшілік пен нұқсандық атаулыдан ада, мінсіз дегенді білдіреді.
- 1Имя Аллаха «Ас-Салям» означает, что Он свободен от всего, что не подобает Его величию, от всякого сходства с творениями, от всех недостатков и изъянов и абсолютно безупречен.