Хадис

Риядус-салихин, № 1884

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
372. Жұмақтағы қисапсыз нығметтер мен ондағы ең үлкен нығмет – Алланың дидарын көру
Нөмірі
№ 1884 (қазақша басылым реті)
1884
Риядус-салихин, № 1884Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَوَّلُ زُمْرَةٍ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ عَلَى صُورَةِ الْقَمَرِ لَيْلَةَ الْبَدْرِ، ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ عَلَى أشَدِّ كَوْكَبٍ دُرِّيٍّ فِى السَّمَاءِ إِضَاءةً، لَا يَبُولُونَ، وَلَا يَتَغَوَّطُونَ، وَلَا يَتْفُلُونَ، وَلَا يَمْتَخِطُونَ. أمْشَاطُهُمُ الذَّهَبُ، وَرَشْحُهُمُ الْمِسْكُ، وَمَجَامِرُهُمُ الْأُلُوَّةُ – عُودُ الطِّيبِ – أَزْوَاجُهُمُ الْحُورُ الْعيْنُ، عَلَى خَلْقِ رَجُلٍ وَاحِدٍ، عَلَى صُورَةِ أَبِىهِمْ آدَمَ سِتُّونَ ذِرَاعًا فِى السَّمَاءِ» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ

وَفِى رِوَايَة الْبخارِى ومسلم: «آنِيَتُهُمْ فِيهَا الذَّهَبُ، وَرَشْحُهُمُ الْمِسْكُ. وَلِكُلِّ وَاحِدٍ مِنْهُمْ زَوْجَتَانِ يُرَى مُخُّ سَاقِهِمَا مِنْ وَرَاءِ اللَّحْمِ مِنَ الْحُسْنِ، لَا اخْتِلَافَ بَيْنَهُمْ، وَلَا تَبَاغُضَ، قُلُوبُهُمْ قَلْبُ وَاحِدٍ، يُسَبِّحُونَ اللَّهَ بُكْرَةً وَعَشِيًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Жаннатқа алғаш болып кіретін топ бейне бір толған айдай жарқырап кіреді. Олардан кейін кіретіндер аспандағы ең жарық жұлдыздай жарқыраған күйде кіреді. Олар онда кіші және үлкен дәрет сындырмайды, қақырып-түкірмейді және сіңбірмейді. Тарақтары алтыннан болады. Денелерінен шығатын терлері хош иісті миск іспеттес. Хош иіс шығаратын табаларында хош иісті бұтақ (яғни, жұмақтың ең жұпар ағашының бұтағы) болады, әйелдері хор қыздары болады. Ондағы ер адамдардың барлығы бірдей аталары Адамның бейнесінде болып, бойлары біркелкі алпыс зирағ (шынтақ) болады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3245, Муслим: 7147, Ахмад: 7152).

Имам Бұхари мен имам Муслим келтірген басқа бір риуаятта: «Олардың ондағы ыдыстары алтыннан болады. Денелерінен шығатын терлері мисктей жұпар болады. Әрбірінің (хор қыздарынан) қос-қостан жұбайлары болады және олардың сұлулығы соншалық, бұлшық етінің арғы жағындағы балтыр жілігінің майы көрініп тұрады. Жаннаттықтар арасында келіспеушілік те, бір-біріне деген дұшпандық та болмайды. Жүректері бейнебір бір кісінің жүрегіндей бірге соғады. Ертелі-кеш тасбих айтып, Алланы дәріптеумен болады», – деген.

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Первая группа войдёт в рай, сияя подобно полной луне. Те, кто войдёт вслед за ними, будут сиять подобно самой яркой звезде на небе. Там они не будут ни мочиться, ни испражняться, ни отхаркиваться, ни сплёвывать, ни сморкаться.

Их гребни будут из золота, а пот, выделяющийся из их тел, будет благоухать мускусом. В их курильницах будут благоухать ароматные ветви (то есть ветви самого благоухающего дерева рая). Их жёнами будут гурии. Все мужчины там будут одного облика – облика их праотца Адама – и одного роста – шестьдесят зира (локтей)» (Аль-Бухари: 3245; Муслим: 7147; Ахмад: 7152).

В другой версии, приведённой имамами аль-Бухари и Муслимом, сказано: «Их сосуды в раю будут из золота, а пот, выделяющийся из их тел, будет благоухать мускусом. У каждого будет по две супруги (из числа гурий), и столь прекрасны они будут, что сквозь мышцы их ног будет виден костный мозг голеней.

Между обитателями рая не будет ни разногласий, ни взаимной вражды. Их сердца будут едины, словно сердце одного человека. Утром и вечером они будут произносить тасбих, славя Аллаха».

Түсіндірме (қазақша)

Жұмақтағы хор қыздарының сұлулығы соншалық, тұла бойлары мөп-мөлдір болады. Әрине, бұл о дүниенің өлшемдеріне сай сұлулық болса керек, оның ақиқатын бұл дүниедегі шектеулі ой-қиялмен пайымдап, түсіну мүмкін емес. Өйткені физикалық заңдылықтармен шектелген бұл дүниенің өлшемдері мен о дүниенің шексіз заңдылықтары мен өлшемдерін салыстыру еш мүмкін емес. Сол үшін Алла елшісі о дүниенің нығметтерін тілге тиек еткенде: «Жаннатта көз көріп, құлақ естімеген, тіпті адам баласының ой-қиялына да кіріп-шықпаған нығметтер болады», – деген. Міне, осыдан-ақ о дүниенің өлшемдерінің мүлдем басқаша екенін аңғаруға болады.

Түсіндірме (орысша)

Красота райских гурий будет столь велика, что их тела будут совершенно прозрачными. Такая красота, по-видимому, соответствует меркам мира иного, и земные разум и воображение в силу своей ограниченности не способны постичь и понять её истинную природу. Ведь невозможно сравнивать мерки этого мира, ограниченного физическими законами, с безграничными законами и мерками мира иного.

Поэтому Посланник Аллаха ﷺ, упоминая о благах будущей жизни, сказал: «В раю есть блага, которых не видел глаз, о которых не слышало ухо и которые даже не возникали в человеческом воображении». Уже из этого можно понять, что мерки мира иного совершенно отличаются от земных.