Хадис

Риядус-салихин, № 1885

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
372. Жұмақтағы қисапсыз нығметтер мен ондағы ең үлкен нығмет – Алланың дидарын көру
Нөмірі
№ 1885 (қазақша басылым реті)
1885
Риядус-салихин, № 1885Риуаят етуші: Мұғира ибн Шуғба (р.а.)

عَنْ الْمغيرةِ بْنِ شعبة عَنْ رسُولِ اللَّه ﷺ قَالَ: «سألَ مُوسَى ﷺ رَبَّهُ: ما أدْنَى أَهْلِ الْجَنَّةِ مَنْزِلَةً؟ قَالَ: هُوَ رَجُلٌ يَجِيءُ بَعْدَ مَا أُدْخِلَ أَهْلُ الْجَنَّةِ الْجَنَّةَ، فَيُقَالُ لَهُ: ادْخُلِ الْجَنَّةَ. فَيَقُولُ: أيْ رَبِّ، كَيْفَ وَقَدْ نَزَلَ النَّاسُ مَنَازِلَهُمْ، وأَخَذُوا أَخَذَاتِهِمْ؟ فَيُقَالُ لَهُ: أَتَرْضَى أَنْ يَكُونَ لَكَ مِثْلُ مُلْكِ مَلِكٍ مِنْ مُلُوكِ الدُّنْيَا؟ فَيقُولُ: رَضِيْتُ رَبِّ، فَيقُولُ: لَكَ ذَلِكَ وَمِثْلُهُ وَمِثْلُهُ وَمِثْلُهُ وَمِثْلُهُ، فَيقُولُ فِى الْخامِسَةِ. رَضِيْتُ رَبِّ، فَيقُولُ: هذَا لَكَ وَعَشَرَةُ أَمْثَالِهِ، وَلَكَ مَا اشْتَهَتْ نَفْسُكَ، وَلَذَّتْ عَيْنُكَ. فَيقُولُ: رَضِيتُ رَبِّ. قَالَ: رَبِّ فَأَعْلَاهُمْ مَنْزِلَةً؟ قَالَ: أُولَئِكَ الَّذِينَ أَرَدْتُ؛ غَرَسْتُ كَرَامَتَهُمْ بِيَدِى، وَخَتَمْتُ عَلَيْهَا، فَلَمْ تَرَ عَيْنٌ، وَلَمْ تَسْمَعْ أُذُنٌ، وَلَمْ يَخْطُرْ عَلَى قَلْبِ بَشَرٍ»

Қазақша аудармасы

Мұғира ибн Шұғба (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Мұса ﷺ Раббысынан: «Жаннаттықтардың ең төменгі дәрежелісі кім болады?» – деп сұрағанында, Алла: «Барлық жаннаттықтар жаннатқа кіргізілгеннен кейін келетін кісінің дәрежесі ең төменгі болады. Оған: «Жаннатқа кір!» – делінгенде, ол: «Уа, Раббым! Қалай болады екен, адамдардың барлығы өз жайларына жайғасып, алатындарын алып қойған ғой?» дейді. Сонда оған: «Саған дүниедегі патшалардың бірінің мүлкіндей мүлік берілсе, риза боласың ба?» – делінеді. Ол: «Уа, Раббым, разы болдым!» – дейді. Алла оған: «Ендеше сол сенікі болсын және дәл сол сияқты тағы біреу, тағы біреу, тағы біреу, тағы біреу», – деп бесіншісіне келгенде әлгі адам: «Уа, Раббым, разы болдым!» – дейді. Сонда оған: «Осының бәрі және соның он есесі сенікі болсын, сондай-ақ жаның қалаған және көзіңе түсіп, ұнаған барлық нәрсе сенікі», – дейді. Сонда ол: «Уа, Раббым, разы болдым!» дейді», – деген. Содан соң Мұса пайғамбар: «Уа, Раббым! Ал ең жоғары дәрежелісі кім болады?» – деп сұрағанда, Алла оған: «Олар Менің арнайы таңдап алғандарым. Олардың сый-сияпаттарын арнайы Өзім дайындап, ешкім көрмеу үшін мөрлеп тастадым. Оларға дайындаған нығметтерімді көз көріп, құлақ естімеген, тіпті адам баласының «жүрегіне» де (ақыл-ойы мен қиялына да) кіріп-шықпаған!» – деп айтты», – деген (Муслим: 465).

Орысша аудармасы

Мугира ибн Шуба (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Муса ﷺ спросил своего Господа: “Кто из обитателей рая будет занимать самое низкое положение?” Аллах ответил: “Это будет человек, который придёт после того, как все остальные обитатели рая уже войдут в него. Ему скажут: ‘Войди в рай!’ Он ответит: ‘О мой Господь! Как же это возможно, если все люди уже заняли свои места и получили всё, что им полагалось?’

Тогда ему скажут: ‘Будешь ли ты доволен, если тебе даруют владения, равные владениям одного из земных царей?’ Он ответит: ‘О мой Господь, я доволен!’ Аллах скажет ему: ‘Пусть это будет твоим, и ещё столько же, и ещё столько же, и ещё столько же, и ещё столько же’. Когда будет названо пятое такое владение, человек воскликнет: ‘О мой Господь, я доволен!’

Тогда ему скажут: ‘Пусть всё это и ещё десять раз по столько будет твоим! Тебе также принадлежит всё, чего пожелает твоя душа и что увидят и полюбят твои глаза’. И он скажет: ‘О мой Господь, я доволен!’”

Затем пророк Муса спросил: “О мой Господь! А кто будет занимать самое высокое положение?” Аллах ответил ему: “Это те, кого Я особо избрал. Я Сам приготовил для них награды и запечатал их, чтобы никто не увидел. Благ, уготованных Мною для них, не видел ни один глаз, о них не слышало ни одно ухо, и они не возникали даже в человеческом ‘сердце’ (в разуме и воображении)!”» (Муслим: 465).