عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنِّى لأَعْلَمُ آخِرَ أَهْلِ النَّارِ خُرُوجًا مِنْهَا، وَآخِرَ أَهْلِ الْجَنَّةِ دُخُولًا الْجَنَّةَ. رَجُلٌ يَخْرُجُ مِنَ النَّارِ حَبْوًا، فَيقُولُ اللَّهُ تَعَالَى له: اذْهَبْ فادْخُلِ الْجَنَّةَ، فَيَأْتِيهَا، فَيُخَيَّلُ إِلَيْهِ أَنَّهَا مَلأَى، فَيَرْجِعُ، فَيقُولُ: يَا رَبِّ وَجَدْتُهَا مَلأَى ! فَيَقُولُ اللَّهُ تَعَالَى له: اذْهَبْ فَادْخُلِ الْجَنَّةَ، فيأتِيهَا، فَيُخيَّلُ إِليهِ أَنَّهَا مَلأى، فيَرْجِعُ. فَيَقولُ: يَا رَبِّ وَجَدْتُهَا مَلأى، فيقُولُ اللَّهُ تَعَالَى لَهُ: اذهبْ فَادخُلِ الْجنَّةَ. فَإِنَّ لَكَ مِثْلَ الدُّنْيَا وَعَشرَةَ أَمْثَالِهَا؛ أوْ إِنَّ لَكَ مِثْلَ عَشرَةِ أَمْثَالِ الدُّنْيَا، فَيقُولُ: أتَسْخَرُ بِى، أَوْ تَضْحَكُ بِى وَأَنْتَ الْمَلِكُ» قَالَ: فَلَقَدْ رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ ضَحِكَ حَتَّى بَدَتْ نَوَاجِذُهُ فَكَانَ يَقُولُ: «ذَلِكَ أَدْنَى أَهْلِ الْجَنَّةِ مَنْزِلَةً»
Ибн Масғуд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Расында, мен тозаққа кіріп-шығатындардың ішінен ең соңғы болып шығатын адамды, яғни, жұмаққа ең соңғы болып кіретін адамды жақсы білемін. Бір адам тозақтан жер бауырлап шығады. Сонда құдіреті күшті Алла Тағала оған: «Бар да жұмаққа кір», – деп бұйырады. Әлгі адам жұмаққа барғанда, ол жер оған аузы-мұрнынан шығып тұрғандай боп көрінеді. Содан ол кері қайтып: «Уа, Раббым! Жұмақ лық толы екен», – дейді. Құдіреті күшті Алла Тағала оған тағы да: «Бар да жұмаққа кір», – деп бұйырады. Жұмаққа келсе, әуелгідей аузы-мұрнынан шығып тұрғандай боп көрінеді. Сөйтіп ол тағы да кері қайтып: «Уа, Раббым! Жұмақ лық толы екен», – дейді. Құдіреті күшті Алла Тағала оған үшінші рет: «Бар да жұмаққа кір», – деп бұйырады. Жұмаққа келсе, алғашқыдай аузы-мұрнынан шығып тұрғандай көрінеді. Сөйтіп, ол тағы да кері қайтып: «Уа, Раббым! Жұмақ лық толы екен», – дейді. Сол кезде Алла Тағала оған: «Бар да жұмаққа кір. Жұмақта саған кеңдігі дүниедей және одан он есе үлкен (немесе дүниеден он есе кең) жер беріледі», – деп айтады. Сонда әлгі бейшара (мұндай тосын сыйды естігенде, өз құлағына өзі сенбей, сасқан күйде): «Уа, Раббым! Сен әлемдердің жалғыз Билеушісі бола тұра мені мазақтап (немесе мені күлкі қылып) тұрсың ба?» – дейді», – деген». Ибн Масғуд (р.а.): «Сол кезде Алла елшісінің ﷺ: «Міне, жұмаққа кіргендердің ең төменгі дәрежелісі сол болады», – деп азу тістері көрінетіндей ақсия күлгеніне куә болдым», – деген (Бұхари: 6571, Муслим: 461, Ахмад: 3595).
Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Воистину, я хорошо знаю человека, который последним выйдет из ада, то есть последним войдёт в рай. Этот человек выползет из ада, прижимаясь к земле. Тогда Всемогущий и Великий Аллах повелит ему: “Ступай и войди в рай”. Он подойдёт к раю, но ему покажется, что тот переполнен до отказа. Тогда он вернётся и скажет: “О Господь мой! Рай переполнен”.
Всемогущий и Великий Аллах вновь повелит ему: “Ступай и войди в рай”. Он снова подойдёт к раю, но тот, как и прежде, покажется ему переполненным до отказа. Тогда он вновь вернётся и скажет: “О Господь мой! Рай переполнен”.
Всемогущий и Великий Аллах в третий раз повелит ему: “Ступай и войди в рай”. Он подойдёт к раю, но тот опять покажется ему переполненным до отказа. Тогда он снова вернётся и скажет: “О Господь мой! Рай переполнен”».
Тогда Аллах Всевышний скажет ему: «Ступай и войди в рай. Там тебе будет даровано пространство величиной с весь этот мир и ещё в десять раз больше (или пространство в десять раз обширнее этого мира)». Услышав о таком неожиданном даре, этот бедняга, не веря собственным ушам и растерявшись, скажет: «О Господь мой! Неужели Ты, будучи единственным Владыкой миров, насмехаешься надо мной (или выставляешь меня на посмешище)?»
Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал, что он видел, как Посланник Аллаха ﷺ, сказав: «Таков будет тот, кто займёт самое низкое положение среди вошедших в рай», – рассмеялся так широко, что показались его коренные зубы (Аль-Бухари: 6571; Муслим: 461; Ахмад: 3595).