Хадис

Риядус-салихин, № 1895

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
372. Жұмақтағы қисапсыз нығметтер мен ондағы ең үлкен нығмет – Алланың дидарын көру
Нөмірі
№ 1895 (қазақша басылым реті)
1895
Риядус-салихин, № 1895Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ أدْنَى مَقْعَدِ أَحَدِكُمْ مِن الْجَنَّةِ أَنْ يَقُولَ لَهُ: تَمَنَّ، فَيَتَمَنَّى وَيَتَمَنَّى فَيقُولُ لَهُ: هَلْ تَمَنَّيتَ؟ فيَقُولُ: نَعَمْ، فيقُولُ لَهُ: فَإِنَّ لَكَ ما تَمَنَّيتَ وَمِثْلَهُ مَعَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Жаннаттағы ең төменгі дәрежеде болған біріңе Алла: «Тілегіңді айт!» – дейді. Ол тілеген үстіне тілейді. Содан оған: «Бар тілегіңді айтып болдың ба?» – дегенде, ол: «Иә», – дейді. Сонда оған: «Сол тілеген нәрселеріңе қоса саған тағы дәл сондай нығмет беріледі», – деп айтады», – деген (Муслим: 451, Ахмад: 8168).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тому из вас, кто займёт самую низкую ступень в раю, Аллах скажет: “Выскажи свои желания!” И тот станет высказывать одно желание за другим. Затем его спросят: “Все ли свои желания ты высказал?” Он ответит: “Да”. Тогда ему скажут: “Помимо всего, чего ты пожелал, тебе будет даровано ещё столько же благ”» (Муслим: 451; Ахмад: 8168).