Хадис

Риядус-салихин, № 1896

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
372. Жұмақтағы қисапсыз нығметтер мен ондағы ең үлкен нығмет – Алланың дидарын көру
Нөмірі
№ 1896 (қазақша басылым реті)
1896
Риядус-салихин, № 1896Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يَقُولُ لأَهْلِ الْجَنَّةِ: يَا أَهْلَ الْجَنَّةِ، فَيَقُولُونَ: لَبَّيكَ رَبَّنَا وَسَعْدَيْكَ، وَالخَيْرُ فِى يَدَيْكَ، فَيقُولُ: هَلْ رَضِيتُم؟ فَيقُولُونَ: وَمَا لَنَا لَا نَرْضَى يَا رَبَّنَا وَقَدْ أَعْطَيْتَنَا مَا لَمْ تُعْطِ أحدًا مِنْ خَلْقِكَ، فَيقُولُ: أَلَا أُعْطِيكُمْ أَفْضَلَ مِنْ ذَلِكَ؟ فَيقُولُونَ: وَأيُّ شَيْءٍ أَفْضَلُ مِنْ ذَلِكَ؟ فَيقُولُ: أُحِلُّ عَلَيكُمْ رِضْوَانِى فَلَا أسْخَطُ عَلَيْكُمْ بَعْدَهُ أبَدًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «О дүниеде Алла Тағала жаннаттық құлдарына: «Әй, жаннаттық құлдарым!» – дегенде, олар: «Ләббәйк» (алдыңдамыз) Раббымыз! Әміріңе құлдық! Барлық жақсылық Сенің ғана қолыңда!» – деп айтады. Сонда Алла Тағала олардан: «Маған ризасыңдар ма?» – деп сұрайды. Олар: «Уа, Раббымыз! Әрине, ризамыз! Шынында, Сен бізге ешбір жаратылысқа нәсіп етпеген ең үлкен нығметті бердің. Саған қалай риза болмаймыз?» – деп тіл қатады. Сонда Алла Тағала: «Сендерге бұдан да үлкен нығмет нәсіп етейін бе?» – дейді. Жаннаттықтар: «Мұнан да үлкен қандай нығмет болуы мүмкін?!» – дейді таңданыстарын жасыра алмай. Сонда Алла Тағала: «Бұдан былай сендерге әрдайым разы болып, әсте ашуланбаймын!» – деп айтады», – деген. (Бұхари: 7518, Муслим: 7198, Ахмад: 11835).

Орысша аудармасы

Абу Саид (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В мире ином Аллах Всевышний обратится к Своим рабам, обитателям рая: “О Мои рабы, обитатели рая!” Они ответят: “Ляббайк (мы пред Тобой), Господь наш! Мы покорны Твоему повелению! Всё благо – только в Твоей Руке!”

Тогда Аллах Всевышний спросит их: “Довольны ли вы Мною?” Они ответят: “О наш Господь! Конечно, мы довольны! Поистине, Ты даровал нам величайшее благо, которого не даровал ни одному из Своих творений. Как же нам не быть довольными Тобой?”

Тогда Аллах Всевышний скажет: “Даровать ли вам благо, ещё более великое, чем это?” Обитатели рая, не скрывая своего удивления, спросят: “Какое же благо может быть ещё более великим?!” Тогда Аллах Всевышний скажет: “Отныне Я всегда буду доволен вами и никогда не разгневаюсь на вас!”» (Аль-Бухари: 7518; Муслим: 7198; Ахмад: 11835).