عَنْ أَبِى حفص عمر بْنِ أَبِى سلمة عَبْد اللَّهِ بْنِ عبد الْأسدِ ربيبِ رَسُول اللَّهِ ﷺ قَالَ: كُنْتُ غلَامًا فِى حجر رَسُول اللَّهِ ﷺ وَكَانَتْ يَدي تَطِيشُ فِى الصَّحْفَةِ، فَقَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا غُلَامُ، سَمِّ اللَّه تَعَالَى، وَكُلْ بيَمِينكَ، وَكُلْ مِمَّا يَلِيكَ» فَمَا زَالَتْ تِلْكَ طِعْمَتي بَعْدُ
Алла елшісінің ﷺ өгей ұлы Әбу Хафс Омар ибн Әбу Сәләма Абдуллаһ ибн Абдуләсәд (р.а.): «Бала күнімде Алла елшісінің қамқорлығында болдым. Тамақтанғанда қолымды табақтың әр жеріне бір созатын жаман әдетім бар еді. Бірде Алла елшісі маған: «Балақай! Алдымен «Бисмилләһ» деп Алланың атын ата, содан кейін оң қолыңмен және өз алдыңдағы астан же», – деп ескертті. Содан бері тек солай тамақтанатын болдым», – деп айтты (Бұхари: 5376; Муслим: 5269; Ахмад: 16334).
Пасынок Посланника Аллаха ﷺ Абу Хафс Умар ибн Абу Салама Абдуллах ибн Абд аль-Асад (да будет доволен им Аллах) сказал: «В детстве я находился под опекой Посланника Аллаха ﷺ. Во время еды у меня была дурная привычка тянуться рукой к разным краям блюда. Однажды Посланник Аллаха ﷺ наставил меня: “Мальчик! Сначала произнеси имя Аллаха, сказав: ‘Бисмиллях’, затем ешь правой рукой и бери пищу перед собой”. С тех пор я всегда ел только так» (Аль-Бухари: 5376; Муслим: 5269; Ахмад: 16334).