عَنِ ابْنِ عُمَرَ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «كُلُّكُمْ رَاعٍ، وَكُلُّكُمْ مسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتهِ: الْإِمَامُ رَاعٍ وَمَسْؤولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، والرَّجُلُ رَاعٍ فِى أَهْلِهِ وَمَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، وَالْمَرْأَةُ رَاعِيَةٌ فِى بيْتِ زَوْجِهَا وَمَسْؤُولَةٌ عَنْ رَعِيَّتِهَا، وَالخَادِمُ رَاعٍ فِى مَالِ سَيِّدِهِ وَمَسؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، فَكُلُّكُمْ رَاعٍ وَمَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ»
Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Барлығың да бақташы секілдісіңдер және қоластыларыңдағылар үшін жауаптысыңдар. Ел билеуші – халқының бақташысы, ол халқы үшін жауапты. Ер адам – отбасының бақташысы, ол өзінің отбасы үшін жауапты. Әйел – күйеуінің шаңырағының бақташысы, ол күйеуінің шаңырағы үшін жауапты. Қызметші – қожайынына тиесілі мал-мүліктің бақташысы, ол да қожайынының мал-мүлкі үшін жауапты. Қысқасы, барлығың да бақташысыңдар және қоластыларыңдағылар үшін жауаптысыңдар», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 893; Муслим: 4724; Ахмад: 4495).
Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Все вы подобны пастырям и несёте ответственность за то, что вверено вашему попечению. Правитель – пастырь своего народа и несёт ответственность за свой народ. Мужчина – пастырь своей семьи и несёт ответственность за неё. Женщина – хранительница дома своего мужа и несёт ответственность за его дом. Слуга – хранитель имущества своего хозяина и несёт ответственность за это имущество. Словом, каждый из вас – пастырь и несёт ответственность за то, что вверено его попечению”» (Аль-Бухари: 893; Муслим: 4724; Ахмад: 4495).