Хадис

Риядус-салихин, № 302

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
38. Отбасы мүшелеріне Аллаға бойсұну керектігін үйретіп, имани тәлім-тәрбие беру
Нөмірі
№ 302 (қазақша басылым реті)
302
Риядус-салихин, № 302Риуаят етуші: Амр ибн Шұғайыб әкесі арқылы атасынан

عَنْ عَمْرُو بْنِ شعيب، عَنْ أبيه، عَنْ جدهِ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مُرُوا أوْلادَكُمْ بِالصَّلَاةِ وَهُمْ أبْنَاءُ سَبْعِ سِنِينَ، وَاضْرِبُوهُمْ عَلَيْهَا، وَهُمْ أبْنَاءُ عَشْرٍ، وَفَرِّقُوا بَيْنَهُمْ فِى الْمضَاجِعِ»

Қазақша аудармасы

Амр ибн Шуғайб әкесі арқылы атасынан жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Балаларыңа жетіге толғанда намаз оқуды бұйырыңдар. Ал он жасқа толғанда намазға салғырттық танытатын болса, ақырындап ұрыңдар. Сондай-ақ олардың төсектерін бөлек салыңдар», – деп айтқан (Әбу Дәуіт: 495; Ахмад: 6689).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Амром ибн Шуайбом от своего отца, а тем – от его деда, сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Повелевайте своим детям совершать намаз, когда им исполнится семь лет. Если же по достижении десяти лет они станут проявлять небрежность в намазе, слегка ударяйте их. Также укладывайте их спать раздельно» (Абу Дауд: 495; Ахмад: 6689).

Түсіндірме (қазақша)

Имам әш-Шәукәни сынды ғалымдар бұл хадиске сыни талдау жасап, хадистегі намазға жығылмаған баланы «ұру» мәселесін тура мағынада түсінбеу керек деген. Өйткені хадисте «он жасқа толған бала» жайлы айтылған, ал шындығында он жасқа толған баланың барлығы бірдей балиғат жасына тола бермейді, әсіресе, көпшілік ер балалар он жаста балиғатқа тола қоймайды, ал балиғатқа толмаған балаға ешбір ғибадаттың парыз болмайтыны белгілі. Ендеше, мойнына жүктелмеген нәрсе үшін адам баласын жауапқа тарту, әсіресе, ұрып-соғу зұлымдық болады деген. Сондықтан да хадистегі «ұру» сөзін ес біліп, етек жауып келе жатқан баланы құлшылыққа баулығанда, тіл алмай, құлшылыққа немқұрайлылық танытқан жағдайда, оған қабақ шыту немесе ренішін білдіру арқылы құлшылықтың қаншалықты маңызды міндет екенін сезіндіру және білдіру деп түсінген жөн деген. Сондай-ақ хадисші ғалымдар хадистің ең мәшһүр риуаяты саналатын Амр ибн Шұғайбтан жеткен нұсқасының тізбегінде «ирсәл» немесе «инқитағ» бар, яғни тізбектің үзілуі орын алған деген көзқарасты алға тартқан.

Түсіндірме (орысша)

такие учёные, как имам аш-Шаукани, подвергли этот хадис критическому анализу и указали, что слова об «ударах» ребёнка, не совершающего намаз, не следует понимать буквально. Ведь в хадисе говорится о «ребёнке, достигшем десяти лет», тогда как в действительности не каждый десятилетний ребёнок достигает возраста религиозного совершеннолетия. В особенности большинство мальчиков не достигают его в десять лет, а на ребёнка, не достигшего религиозного совершеннолетия, как известно, не возлагается в качестве обязательного ни один вид поклонения.

Следовательно, привлекать человека к ответственности за то, что на него не возложено, а тем более бить его, было бы несправедливостью.

Поэтому, по их мнению, слово «ударять» в этом хадисе следует понимать так: приучая к поклонению подрастающего ребёнка, который уже начинает осознавать происходящее, в случае его непослушания и небрежного отношения к поклонению следует нахмуриться или выразить своё недовольство, тем самым дав ему почувствовать и понять, насколько важной обязанностью является поклонение.

Учёные-хадисоведы также высказывали мнение, что в иснаде версии, переданной Амром ибн Шуайбом и считающейся наиболее известной передачей этого хадиса, присутствует «ирсаль» или «инкита‘», то есть имеет место разрыв в цепочке передатчиков.