Хадис

Риядус-салихин, № 394

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
49. Адамдардың сөздері мен істеріне қарап үкім беру және ішкі ниеттері мен жасырын істерін Аллаға тапсыру жайында
Нөмірі
№ 394 (қазақша басылым реті)
394
Риядус-салихин, № 394Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд (р.а.)

عَنْ أُسَامة بْنِ زيدٍ، قَالَ: بعثنا رَسُول اللَّهِ ﷺ إِلَى الْحُرَقَةِ مِنْ جُهَيْنَةَ فَصَبَّحْنَا الْقَوْمَ عَلَى مِيَاهِهِمْ، وَلَحقْتُ أَنَا وَرَجُلٌ مِنَ الْأَنْصَارِ رَجُلًا مِنْهُمْ، فَلَمَّا غَشَيْنَاهُ، قَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، فَكفَّ عَنْهُ الْأَنْصَارِى، وطَعَنْتُهُ برُمْحِى حَتَّى قَتَلْتُهُ، فَلَمَّا قَدِمْنَا الْمَدِينَةَ، بَلَغَ ذَلِكَ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ لِى: «يَا أُسَامَة، أقَتَلْتَهُ بَعْدَ مَا قَالَ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ؟!» قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّمَا كَانَ متعوِّذًا، فَقَالَ: «أقَتَلْتَهُ بَعْدَ مَا قَالَ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ؟!» فما زَالَ يُكَرِّرُهَا عَلَيَّ حَتَّى تَمنْيَّتُ أنِّى لَمْ أكُنْ أَسْلَمْتُ قَبْلَ ذَلِكَ الْيَوْمِ.

وَفِى رِوَايَة: فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أقَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وقَتَلْتَهُ؟!» قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّمَا قَالَهَا خَوْفًا مِن السِّلاحِ، قَالَ: «أَفَلَا شَقَقْتَ عَنْ قَلْبِهِ حَتَّى تَعْلَمَ أَقَالَهَا أمْ لا؟!» فمَا زَالَ يُكَرِّرُهَا حَتَّى تَمَنَّيْتُ أنِّى أَسْلَمْتُ يَوْمَئِذٍ

Қазақша аудармасы

Усама ибн Зәйд (р.а.): «(Кезінде) Алла елшісі ﷺ бізді жуһайнә (тайпасының) хурақа (руына) жорыққа аттандырған еді. Біз оларға таң ата құдықтарының басында шабуыл жасадық. Мен және бір ансарлық сахаба екеуіміз олардың біреуін қуып жетіп, оған төніп келгенімізде ол: «лә иләһә иллаллаһ» (Алладан өзге құдай жоқ!), – деді. (Мұны естіген) әлгі ансарлық одан дереу тыйылды, ал мен оны найзаммен түйреп өлтірдім. Кейін Мәдинаға оралғанымызда әлгі болған жағдай Пайғамбарымызға жетті. Сонда Алла елшісі маған: «Әй, Усама! Сен оны «лә иләһә иллаллаһ» десе де өлтірдің бе?» – деп (ашуланды). Мен: «Уа, Расулалла! Ол кәлиманы тек жан сауға үшін айтты ғой», – дегенімде, Алла елшісінің: «Сен оны «лә иләһә иллаллаһ» десе де өлтірдің бе?» – деп, қайта-қайта айта бергені соншалық – мен сол күнге дейін исламды қабылдамағанымда ғой деп тіледім», – деген. (Бұхари: 4269; Муслим: 278: Ахмад: 21745)

Басқа бір риуаятта: «Сонда Алла елшісі: «Сен оны «лә иләһә иллаллаһ» десе де өлтірдің бе?!» – деп (ашуланды). Мен: «Уа, Расулалла! Ол оны қарудан қорыққандықтан айтты ғой», – деп едім, Алла елшісі: «Оның қорыққандықтан айтып-айтпағанын білу үшін жүрегін жарып көрмедің бе!?» – деп, сол сөзін қайта-қайта айта бергені соншалық – мен Исламды сол күні ғана қабылдағанымда ғой деп тіледім», – деп келген. (Муслим: 277)

Орысша аудармасы

Усама ибн Зайд (да будет доволен им Аллах) сказал: «(В своё время) Посланник Аллаха ﷺ отправил нас в поход против Хурака (одного из родов племени Джухайна). На рассвете мы напали на них у их колодцев. Мы с одним из сподвижников из числа ансаров настигли одного из них, и, когда уже приблизились к нему вплотную, он сказал: “Ля иляха илляллах” (Нет божества, кроме Аллаха!). Услышав это, тот ансар сразу оставил его, а я пронзил его копьём и убил.

Когда мы вернулись в Медину, о случившемся стало известно Пророку ﷺ. Тогда Посланник Аллаха (разгневавшись) спросил меня: “О Усама! Неужели ты убил его после того, как он сказал: ‘Ля иляха илляллах’?” Я ответил: “О Посланник Аллаха! Он произнёс эти слова лишь для того, чтобы спасти свою жизнь”. Однако Посланник Аллаха вновь и вновь повторял: “Неужели ты убил его после того, как он сказал: ‘Ля иляха илляллах’?” – так долго, что мне захотелось, чтобы до того дня я ещё не принял ислам» (Аль-Бухари: 4269; Муслим: 278; Ахмад: 21745).

В другой версии этого хадиса сообщается: «Тогда Посланник Аллаха (разгневавшись) воскликнул: “Неужели ты убил его после того, как он сказал: ‘Ля иляха илляллах’?!” Я ответил: “О Посланник Аллаха! Он сказал это лишь из страха перед оружием”. Тогда Посланник Аллаха сказал: “Почему же ты не рассёк ему сердце, чтобы узнать, сказал он это из страха или нет?!” Он повторял эти слова так долго, что мне захотелось, чтобы я принял ислам лишь в тот день» (Муслим: 277).