Хадис

Риядус-салихин, № 395

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
49. Адамдардың сөздері мен істеріне қарап үкім беру және ішкі ниеттері мен жасырын істерін Аллаға тапсыру жайында
Нөмірі
№ 395 (қазақша басылым реті)
395
Риядус-салихин, № 395Риуаят етуші: Жундуб ибн Абдулла (р.а.)

عَنْ جندب بْنِ عَبْدِ اللَّهِ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَعَثَ بَعْثًا مِنَ الْمُسْلِمِينَ إِلَى قَومٍ مِنَ الْمُشرِكينَ، وَأَنَّهُمْ التَقَوْا، فَكَانَ رَجُلٌ مِنَ الْمُشْركِينَ إِذَا شَاءَ أَنْ يَقْصِدَ إِلَى رَجُل مِنَ الْمُسْلِمِينَ قَصَدَ لَهُ فَقَتَلَهُ، وَأَنَّ رَجُلًا مِنَ الْمُسْلِمِينَ قَصَدَ غَفْلَتَهُ. وَكُنَّا نتحَدَّثُ أَنَّهُ أُسَامَةُ بْنُ زَيْدٍ، فَلَمَّا رَفَعَ عَلَيْهِ السَّيفَ، قَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، فَقَتَلهُ، فَجَاءَ الْبَشيرُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَسَأَلَهُ وَأخبَرَهُ، حَتَّى أخْبَرَهُ خَبَرَ الرَّجُلِ كَيْفَ صَنَعَ، فَدَعَاهُ فَسَأَلَهُ، فَقَالَ: «لِمَ قَتَلْتَهُ؟» فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أوْجَعَ فِى الْمُسلِمِينَ، وَقَتَلَ فُلَانًا وفُلَانًا، وسمى لَهُ نَفرًا، وَإِنِّى حَمَلْتُ عَلَيْهِ، فَلَمَّا رَأَى السَّيفَ، قَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ. قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أقَتَلْتَهُ؟» قَالَ: نَعَمْ. قَالَ: «فَكَيفَ تَصْنَعُ بِلَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، إِذَا جَاءَتْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ؟» قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، اسْتَغْفِرْ لِى. قَالَ: «وكَيفَ تَصْنَعُ بِلَا إِلهَ إِلَّا اللَّهُ إِذَا جَاءَتْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ؟» فَجَعَلَ لَا يَزِيدُ عَلَى أَنْ يَقُولَ: «كَيفَ تَصْنَعُ بِلَا إِلهَ إِلَّا اللَّهُ إِذَا جَاءَتْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Жундуб ибн Абдуллаһ (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ мүшріктерге қарсы мұсылман жасағын аттандырды. Көп ұзамай екі жақ бетпе-бет келеді. Мүшріктердің ішінде мұсылмандардың бірін алыстан көзімен шалып, соның қыр соңынан қалмай өлтіріп тынатын қаскөй біреу бар еді. Мұсылмандардың ішінен бір кісі (әңгімеміздің барысында оның Усама ибн Зәйд екенін айта отырған едік) әлгі қаскөй мүшріктің ұрымтал тұстан қапысын тауып, қылышымен үстінен түскенде, мүшрік бірден: «Лә иләһә иллаллаһ» (Алладан басқа тәңір жоқ!), – деп кәлима айтады. Алайда Усама оны өлтіріп тастайды. (Соңында мұсылмандар жеңіске жетіп) Пайғамбарымызға хабаршы келіп, сүйінші сұрағанда, одан мүшріктермен болған шайқастың барысын сұрайды. Хабаршы Алла елшісіне ұрыстың барысын түгел тәптіштеп, тіпті мұсылман жауынгерінің әлгі мүшрікті қалай өлтіргені туралы да айтып береді. Сонда Алла елшісі оны шақыртып алып: «Оны неге өлтірдің?» – деп сұрайды. Усама: «Уа, Расулалла! Ол қаншама мұсылманның қанын судай ағызды. Пәленшені, түгеншені өлтірді», – деп, соның қолынан қаза тапқан мұсылмандардың атын атап беріп, екі әлем Сардарына: «Сол үшін оған тап бергенімде, төбесінен төнген қылышты көріп (қорыққанынан) «Лә иләһә иллаллаһ» деді», – деп жауап қатты. Алла елшісі одан: «Сөйтіп оны өлтірдің ғой?» – деп қайыра сұрады. Усама: «Иә, өлтірдім», – деді. Сонда Алла елшісі: «Қиямет күні келгенде «лә иләһә иллаллаһ» деген кәлиманы қайтпексің?!»1 – деді. Сонда Усама (ісіне қатты өкініп): «Уа, Расулалла! Алладан мен үшін жарылқау тілеуіңізді өтінемін», – деді. Алла елшісі болса, оның өтінішін естімегендей тек: «Қиямет күні келгенде «лә иләһә иллаллаһ» деген кәлиманы қайтпексің?!» – деп бір қойған сауалын қайталай берді, қайталай берді», – деп айтты. (Муслим: 279)

Орысша аудармасы

Джундуб ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ отправил мусульманский отряд против многобожников. Вскоре обе стороны встретились лицом к лицу. Среди многобожников был один злодей, который, завидев издали кого-нибудь из мусульман, неотступно преследовал его, пока не убивал. Один из мусульман (как мы уже упоминали в ходе рассказа, это был Усама ибн Зайд), улучив удобный момент, застал того злодея врасплох и обрушился на него с мечом. Тогда многобожник тотчас произнёс слова свидетельства веры: “Ля иляха илляллах” (Нет божества, кроме Аллаха!). Однако Усама убил его.

(В конце концов мусульмане одержали победу.) Когда к Пророку ﷺ прибыл гонец с радостной вестью, он спросил его о ходе сражения с многобожниками. Гонец подробно рассказал Посланнику Аллаха ﷺ обо всём, что произошло в битве, поведав даже о том, как мусульманский воин убил того многобожника. Тогда Посланник Аллаха ﷺ велел позвать Усаму и спросил: “Почему ты убил его?” Усама ответил: “О Посланник Аллаха! Он лил кровь мусульман как воду: убил такого-то и такого-то”, – и перечислил имена мусульман, погибших от его руки, после чего сказал Предводителю двух миров: “Поэтому я бросился на него, а он, увидев занесённый над своей головой меч, (от страха) сказал: ‘Ля иляха илляллах’”.

Посланник Аллаха ﷺ вновь спросил его: “И всё же ты убил его?” Усама ответил: “Да, убил”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Что же ты будешь делать со словами ‘Ля иляха илляллах’, когда настанет День воскресения?!1” Усама (глубоко раскаявшись в содеянном) сказал: “О Посланник Аллаха! Прошу вас попросить Аллаха простить меня”. Однако Посланник Аллаха ﷺ, словно не услышав его просьбы, лишь повторял и повторял один и тот же вопрос: “Что же ты будешь делать со словами ‘Ля иляха илляллах’, когда настанет День воскресения?!”» (Муслим: 279).

  1. 1Яғни, Алланың алдына барғанда тілін кәлимаға келтірген пендесін өлтіргенің үшін қалай жауап бересің?
  1. 1То есть как ты будешь отвечать перед Аллахом за то, что убил Его раба, произнёсшего свидетельство веры?